Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы

Тақырыбы:  Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәліметтің типі мен стандартты типітер мен функциялармен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету;

Дамытушылық:  Типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту;

Тәрбиелілік: Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер, Паскаль-программа.

 

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

 

Сабақтың барысы

 

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

 

ІІ.  Өткен сабаққа шолу. (7мин)

  1. Үй жұмысын тексеру.
  2. Қысқаша сұрақ-жауап;
  • Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
  • Сандардың қандай түрлері бар? мысал.
  • Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
  • Паскальтілінің қарапайым объектілерін атап шық?
  • := ‘   ;  таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
  • Айнымалылар деген не? түрлері, мысал.

 

ІІІ. Жаңа сабақ (25мин)

  1. Мәліметтер типі.

Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы. Мысалы: мектеп –деген шама «оқушы», «ұстаз», «Ш. Уәлиханов» дегендей мәндер қабылдауы мүмкін. Мектеп шамасына «мұқит» немесе «трактор» деген мәндер беру адами түйсік тұрғысынан ыңғайсыздақ тудырады. Ал, Паскальды жасағанда, айнымалының типі қандай болса мәндер соған сәйкес болуы үшін типтер қолданылаған. Сондықтан типі бүтін деп көрсетілген айнымалыға ондық бөлшек сан меншіктей алмайсыз. Ондай жағдайда экранға «қате» деген белгі шығады.

Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:

Т И П Т Е Р
Қ А Р А П А Й Ы МК Ү Р Д Е Л І
Бүтін сан

(integer)

Нақты сан

(Real)

Символдық шама

(Char)

Логикалық шама

(Logocal)

Мәтіндік шама

(Text)

Жиымдар

(Array)

Файлдар

(File)

Жазбалар

(Record)

жиындар

(set)

Типтер программаның сипаттау бөлімінде атаулармен бірге көрсетіледі.

  1. Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:

tеype <тип атауы> = <тип мәні>;

мысалы:  oryn=(soljak, orta, onjak)

  1. Сандардың типтері.
Бүтін сан типтеріНақты сан типтері
Byte0 – 255Real±1.7E38
Shortint-127 — +127Single±3.4E38
Integer-32768 —  +32768Double±1.7E308
Word0 – 65535Extendet±1.1E4932
longint±2147483648Copm-2E63-1 …  2E1063+1
  1. Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).

Мысал:  var  x:bolean;

  1. Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.

var  x:char;      х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте тұр.

Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.

Мысалы: var  x:string;      x:=’мектеп’;  деп жазуға болады.

  1. Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:

атау=(1-идентиф, 2-идентиф,…,n-идентиф );

kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексембі’);

ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,…, ‘желтоқсан’);

  1. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал:

apta=1..7;  ai=1..31;  jyl=1..12; …

  1. Жиі қолданылатын стандартты функциялар.
Функцияchr(x)round(x)truns(x)odd(x)ord(x)sqr(x)
ТүсіндіруХ-санын символға аударадыСанды дөңгелек-тейдіНақты санның бүтін бөлігіX-тың тақ екенін тексереді.Х-символының рет нөмірін бередіx-тің кв.түбірін шығарады
Мысал:Chr(53)=5, chr(73)=Iround(5,7)=6truns(5,7)=5X=5 (true)

X=6 (false)

ord(?)=63

ord(‘5’)=53

 

sqr(81)=9
Функцияsqrt(x)frac(x)int(x)abc(x)piҚалғандарын қажетіне қарай алдағы сабақтарда қолданамыз.
ТүсіндіруХ-тің квадаратыХ-санының бөлшек бөлігіХ-санының бүтін бөлігіХ-тің абсалют шамасыПИ саны

3.14159265358979

Мысал:sqrt()frac(15.89)=0.89int (15.89)=15abc(9)=9

abc(-9)=9

write(pi);

3.14159265358979

 

 Тапсырмалар

Қызы 8,  ал шешесі 38 жаста болса , қанша жылдан соң шешесі қызынан үш есе үлкен болады?

 

  1. Сабақты бекіту: (8мин)
  2. Стандартты типтерді талдау.
  3. Пайдаланушының типтеріне мысалдар келтіру.
  4. Сандардың типтерін талдау, мысалдар келтіру.
  5. Саналатын және диапазондық типтерге сабақта қарастырылғаннан басқамысалдар келтіру.

Сабақты қорытындылау.  (6мин)

 

БілемінБілдімБілгім келеді
   

 

 

 

 

  1. Үйге (3мин)

Егер х=3 , у= 5 , болса , онда (х,х+у) мәндерін экранда шығарғанда, онда қандай мәлімет көрінеді?