Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері

186

Тақырыбы:  Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Біліми. Оқушылар алгоритм, программа ұғымдарымен танысады. Алгоритмнің орындалуы, алгоритм қасиеттері туралы түсінік алады. Оқушылар  тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, есептердің шешуін өрнекпен жазуға дағдыланады, есептерді өздігімен және бірлесе шығарады.

Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді.

Тәрбиелік. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі

Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
  3. Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
  4. Тапсырмаларды орындау (15-минут)
  5. Сабақты бекіту (6-минут)
  6. Оқушыларды бағалау (2-минут)
  7. Үйге тапсырма беру (1-минут)

 

 

 

Проблеманы айқындау кезеңі:

Үйге берілген тапсырманы тексеру: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы тақырыбы бойынша .

 

Проблеманың шешімін табу:

 

«Алгоитм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоитм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми есімінің латынша Algoritmi (Алгоритми)  болып жазылуынан шыққан. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған  жөн. Сонымен: алгоитм дегеніміз- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритмді орындаушының ролін, негізінен, адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот атқарады. Алгоритмнің компьютерде орындалуын  жүзеге асыру үшін қолданылатын біріңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады.

Алгоритм қасиеттері:

  • Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.  Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, анықталған болу керек.
  • Алгоритмнің  үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни  үгкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек.
  • Алгоритмнің нәтижелік  қасиеті.  Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек.
  • Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм  құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп  құрылуы қажет.
  • Алгоритмнің  формалды орындалуы. Алгоритмді   орындаушы өз әрекеттерінің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындай отырып, белгілі бір нәтиже алады.

 

 

 

Үйге тапсырма. 

  1. Өмірде кездесетін және өздеріңе белгілі бірнеше алгоритмдерден мысал келтіріңдер.
  2.  Берілген формула бойынша у-тің мәнін есептейтін алгоритм құрыңдар:

y= (5х2-4)(х2+7).