Оқушылардың білімін бағалау

29

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың білімін бағалау.

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексеру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

 

Сабақтың тұрі: Сынақ сабақ.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру
  4. Бақылау сұрақтарын талдау
  5. Үйге тапсырма беру.

 

1.Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесі.

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
    розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
  3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
  5. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
    Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
  7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
  8. Алгоритм және оның қасиеттері.

Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.

Мысалдар келтіру…

 Алгоритм қасиеттері

  1. айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);
  2. үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)
  3. нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)
  4. жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.
  5. формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек

 

 

  1. Паскаль программалау тілі.

 

Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ… т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:

1. тақырып
2. сипаттау бөлімі
3. операторлар бөлімі

Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)

 

Мыс:  program, var, begin, while…

Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).

 

Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’

мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.

 

  1. Өрнектерді Паскаль тілінде жазыңыз: х2-4ac; a+b/(84+45)*b;

32 div 4=?;           46 mod 9=?;

 

Үйге тапсырма беру: Өтілген тақырыптарды қайталау,өз бетінше «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына іздену.