Енгізу,шығару операторлары.Сызықтық алгоритмдерге программа құру

79

Тақырыбы:  Енгізу,шығару операторлары.Сызықтық алгоритмдерге программа құру

Мақсаты:

Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару, сызықтық программа туралы ұғымдарды қалыптастырады;

Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және  дамыту;

Программа құрамында операторларды көрнекті  жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация,  компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Проблеманы айқындау кезеңі:

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ.  Өткен сабаққа шолу. (10мин)

ІІІ. Проблеманы шешу: (20мин)

ПС. Паскальға сандарды, мәндерді қалай енгіземіз? Паскаль шығарған есептің жауаптарын қалай көруе болады?

  1. Операторлар бөлімі

Паскаль құрылымын өткенде танысқанымыздай операторлар бөлімі begin – end. түйінді сөздерінің аралығына, «;» таңбасымен бөлектеніп жазылады. Паскаль программа әрқашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.

Жазылу түрі:    program атау (input, output);  Кез-келген программада кіріс (input) – шығыс (output) процедуралары қолданылатындықтан бұл екі сөзді жазбауға болады. Егер программада басқа стандартты файлдар қолданылатын болса олардың атын жақша ішіне жазып қоюға болады.

  1. Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі:  read(a1, a2, a3, …, an);    мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп <enter> пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек.  Мысалы: x –айнымалы болсын,

read(x);              Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп <enter>-ді басамыз.

  1. Сызықтық программа –дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол

ретпен атқарылатын программалар.

ЕСЕП:

1  Берілген бүтін х, у екі санның қосындысын экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.

program esep01;

var      x,y:integer;

begin

  write(‘Екі бүтін сан енгізіңіз ’);

   read(x,y);

   write(x,’+’,y,’=’,x+y);

end.

2 Екі  санның қосындасын табу программасын құру керек.

Program kosindi;

Var a, b, x  integer;

Begin

Write (‘a, b-сандарын енгіз’);

Readln(a, b);

X:=a+b;

Writeln(‘x =’,x);

End.

3 Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.

Program bolindi;

Var a, b, x:real;

Begin

Write (‘a, b-сандарын енгіз’);

Readln(a, b);

X:=a/b;

Writeln(‘x=’,x);

End.

 

 

ІV.Проблеманың шешімін қолдану : (10мин)

Не білемін? Не білгім келеді? Мен үшін жаңа ақпарат . . .

 

  1. Үйге

Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) [1] , у = a* b