үгілмелі шала фабрикат

81

Ақтөбе білім басқармасы №1 кәсіптік лицейі

«КЕЛІСІЛДІ»                                                              «БЕКІТІЛДІ»

Директордың оқу-өндірістік                                     №1 КЛ директоры

оқыту жөніндегі орынбасары                                    ______________  М.Ж.Қалқаман

___________ Б.У.Ульмесеков

 

 

 

Өндірістік-оқыту

сабағының жоспары

 

Тақырыбы : үгілмелі шала фабрикат

 

№ 281 топ

Мамандығы: Аспазшы-кондитер

 

 

Әдістемелік пән комиссиясының отырысында қаралды және бекітілді Хаттама № _____

                                                    Әдістемелік комиссия  төрайымы:

__________ Аленова А. Ж.

 

                              Дайындаған өндірістік-оқыту шебері:

___________ Шакусова Г.К.

 

 

2010-2011 оқу жылы

 

Сабақ жоспары

Тақырыбы : Үгілмелі қамырдан тағам даярлау

Мақсаты:  

  • Оқушыларды үгілмелі қамырдан тағамдар түрлерін даярлау дағдысын меңгерту.
  • Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, ұқыптылыққа, жұмысты өз бетімен орындауға тәрбиелеу.
  • Аспазшылық кәсіби шеберлігін шыңдау.

Сабақ жүрісі

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды тексеріп түгелдеу. Оқушылардың гигиеналық-санитарлық тазалығын, жұмыс киімін, практикалық жұмыс жасауға назарын аудару, құрал-жабдық аспаптарын тексеру. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Жұмысқа даярланады.

Кіріспе нұсқау.

Оқушылардың алдына қойылған оқу тапсырмасы:

  1. Жұмыс орнын даярлау
  2. Ұнды өлшеу
  3. 400 грамм маргарин
  4. 200 грамм құм секер
  5. Маргарин мен құм секерді бір тектес болғанша араластыру
  6. 1 жұмыртқа қосу
  7. 5 грамм қопсытқыш қосу
  8. 500 грамм ұнды қосу

Қауіпсіздік ережесін қайталау:

  1. Үгілмелі қамыр үшін арнайы қалыптар темірден жасалған, қолды абайлау бойынша қауіпсіздік техникасы
  2. Қамыр ыстық пеште даярланады, қолды күйдіріп алмау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
  3. Ток көздері пайдаланады, жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру және тәжірибелік тапсырманы орындау.

Үгілмелі қамыр әзірлеуге маргарин немесе сары май, секер, жұмыртқа, қопсытқыш, жоғары сұрыптағы ұн, ал құрал-жабдық, аспаптардан табақ, оқтау, темір қаңылтыр таба, темір ойықтар болуы керек.

І. Маргарин мен секерді тиісті мөлшерде алып құм секермен секер ерігенге дейін қопсытып шайқайды, сонда көлемі ұлғаяды, оған 2%  сөндірілген әкте 2 минут ұсталып залалсыздырылған және суы аққанша шайылған жұмыртқа қосылады, сосын қопсытқыш араластырылған ұн салынады. Қамырды қопсыту үшін химиялық қопсытқыштарды пайдаланады, онды көмірқышқыл газы бөлініп, үгілмелі қамыр жұмсарады, көлемі ұлғаяды немесе ас содасы сірке қышқылымен сөндіріліп қосылады нормаға сай, гере қопсытқыш көп қосылса, дәмі байқалады.

Қамырды біртіндеп нығыздамай тез илейді, ұзақ иленсе созылмалы болады, ондай қамыр қатты болады.

ІІ. Келесі: тақтайға ұн себіледі, қамыр қалыңдығы 1 см жайылып, темір ойықпен әр үлгіде кесіп даярланады, шеті тегіс болуы тиіс. Даярланған өнім құрғақ темір қаңылтыр табаққа салынып 230-250t0  қыздыру пешінде пісіріледі.

Сапасына қойылатын талаптар:

Печенье әр түрлі пішінде, шеті тегіс, бүлінбеген, бөліп қарағанда араласпаған ұн кездеспеу керек, басып қарағанда үгілмеу тиіс.

 

Оқушыларға тәжірибелік жұмыстарды қайталауға тапсырма беру

  1. Жартылай фабрикат даярлау үшін ұнды елеу;
  2. Қамыр илеу;
  3. Қамырды жаю;
  4. Қалыпқа келтіру;
  5. Ыстық пеште пісіру;

Оқушылардың сұрақтарына  жауап беріп, тәжірибелік тапсырманы орындалуына рұқсат беру

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ  НҰСҚАУ

  1. Алғашқы 30 минутта оқушылардың жұмыс орнының ұйымдастырылуы және қауіпсіздік ережесінің қолданылуы
  2. Оқушылардың жұмыс тәсілінің қолданылуын тексеру және тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмек беру, дайын бұйымдарды қабылдау,
  3. 1 сағаттан кейін өзіндік жұмыстарын орындаған оқушыларды жинап, қателерін еске салу, дайындалған  бұйымдарды көрсету.
  4. Қауіпсіздік ережесінің дұрыс қолданылмауын анықтауысымен жұмысты тоқтатып, бүкіл топқа сәйкесінше ескерту жасау.

 

Оқу шеберханасында жұмыс орнын жинау:

  1. Жарықты электр жүйесінен сөндіру.
  2. Оқушылырдың орындаған жұмыстарын қабылдау.
  3. Құрал-саймандарын және жұмыс орнын жинастыру.

 

Қорытынды  нұсқау

  1. Жұмыс күнінің қорытындысын шығару, жеке оқушылардың және тұтас топтың жетістекерін атап өту, орындалған жұмыстардың сапасына баға беру.
  2. Негізгі қателерін талдау және оны қалай жою керектігін түсіндіру.
  3. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.