Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу,таңдау операторлары

50

Тақырыбы:  Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу,таңдау операторлары

Мақсаты:

Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;

Программалау ұғымын дамыту;

Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация,  компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Проблеманы айқындау кезеңі:

І. Кіріспе.

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ.  Өткен сабаққа шолу.

ІІІ. Проблеманы шешу:

Тармақтаушы оператор – шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.

Паскалдағы жазылу түрі:

Толық тармақтау БС
if <шарт> then  1-оператор else 2-оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше.

мыс:

gas:=15;

if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’)

else write(‘сен менен ’,jas-8,’ үлкенсің’);

Жоғарыдағы сұаққа назар салыңдар.

Қысқаша тармақтау БС
if <шарт> then  оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді..

мыс:

gas:=15;

if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’);

 

 

 

 

Енді жоғарыдағы сұқбатты программалап көрелік.   ЕСЕП: Компьютер атыңды сұрайтын, содан соң өзнің қанша жас кіші/үлкен екенін айтатын проргамма жазыңыз.

 

ІV. Сынып жұмысы. (10мин)

ЕСЕП:

1  Клавиатурадан енгізілген бүтін сан бойынша апта күндерін анықайтын программа жазыңыз.

program apta;

var kun:integer;

begin

write(‘kyn retin engiz ‘);

read(kun);

 case kun of

1:writeln(‘duisembi ‘);

2:writeln(‘seisembi ‘);

3:writeln(‘sarsembi ‘);

4:writeln(‘beisembi ‘);

5:writeln(‘juma ‘);

6:writeln(‘sembi ‘);

1:writeln(‘jeksembi ‘);

else writeln(‘byndai kyn jok ‘);

end;

end.

Екі санның  үлкенін табатын программа құр.

Program max;

Var a, b, max: integer;

Begin

Readln (a,b);

If a>b then max:= a else max:=b;

Writeln (‘ max= ’ , max);

End.

Үш кесіндінің   ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.

Program e5;

Var a, b, c : integer;

P1, p, s: real;

Begin

Readln (a, b, c);

If a+b>c  then p1: = a+b+c ;

P:= (a+b+c)/2;

S:=sqrt (p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

Writeln ( ‘ p1= ‘ , p1:5:2) ;

Writeln (‘ s=’,s:5:2);

End.

 

 

ІV.Проблеманың шешімін қолдану :

Не білемін? Не білгім келеді? Мен үшін жаңа ақпарат . . .

 

  1. Үйге

Үш санның кішісін табатын программа құру керек.