«Алтын әдеп ережесінің» бағдарламасы.

Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы №10

орта мектеп гимназиясы

бағдарламаны дайындаған

технология пәнінің мұғалімі

Шукеева Г.К

 

   «Алтын әдеп ережесінің» бағдарламасы.

 

 

Бағдарлама 3 бөлімнен турады:

 

1 – бөлім  Кіріспе – 8сағат,

2 – бөлім  Ресми этикет – 14 сағат.

3 – бөлім  Дін және этикет -12 сағат.

 

Осы арнайы курс 10 сыныптың ұл және қыз балаларына арналған.

Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат берілді.

 

                                      Арнайы курстың басты мақсаты.   

 

  1. Оқушыларды көпшіліктің арасында өз-өзін ұстау мәдениетіне үйрету.
  2. Этикалық, эстетикалық мәдениеттерін, көзқарастарын қалыптастыру.
  3. Өзара сөйлесу мәдениетін дамыту.
  4. Ресми әдептің ережелерін үйрету.
  5. Дін, салт дәстүрлер туралы хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәлеметтер беріп, курс бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

 

Осы ұсынылып отырған курстың маңыздылығы – ол оқушыларымызға болашақ өміріне қажет деп ойлаймыз. Өйткені мектеп, жоғары оқу орнын бітірген соң жұмыс іздейді. Әр мекеменің өзіндік ережелері бар. Мысалы жұмысқа туру үшін арыз, түйіндеме, өмірбаян, т.б. қүжаттарды дұрыс толтырып өткізу қажет. Осы қүжаттарды дұрыс толтыруын  ресми этикет бөлімінде қарастырылған, онда оқушылар резюме, арыз, өмірбаян, телефонмен дұрыс сөйлесудің, мерекелік және фуршет үстелдерін жасауды, визит карточкасын, тіпті ұжымда бір-біріне сыйлық таратуларын үйренеді.

Кейінгі кезде көп деген жастар абайсызда әр түрлі секталарға  баратын болған, осы туралы дін және этикет бөлімінде қарастырылған. Осы бөлімге бейне көрінісін еңгіздік, ол бейне көріністе ақиқат және шындық пен сұмдық туралы Медина қаласының Ислам университетінің Қазақстан студенттері дайындаған деректі фильм.

Сонымен қатар бағдарламада ата – баба дәстүрін, мәдениеттік және азаматтық ортадағы асыл қасиеттерін, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, рухани мұрасын бағалай білуге мүмкіндік қарастырылады.

 

 

 

 

Тақырыптық күнтізбе жоспары.

 

Рет №Сабақ №                                        Сабақ тақырыбыСағат      Күні
   1Кіріспе.    8
 1   1Кіріспе    1
 2   2Жан ұядағы тәртіп сақтау ережесі.    1
 3   3Мектептегі тәртіп сақтау ережесі.    1
 4   4Адамдарды бір – біріне таныстыру.    1
 5   5Әңгіме тындау, әңгіме айтушыны тыңдау ережесі.    1
 6   6Құттықтау ережесі.    1
 7   7Бата беру.    1
 8   8Көңіл айту ерекшеліктері.    1
   2Ресми әдеп.    14
9   1Ресми этикет, оның принциптері.    1
10   2Сөйлесу әдебі.    1
11   3Ресми әнгімелесу.    1
12   4Жұмысқа орналасу.    1
13   5Түйіндеме, өмірбаян маңыздылығы.    1
14   6Ресми өмірдегі визит карточкалары.    1
15   7Ресми қабылдау.    1
16   8Мерекелік және фуршет дастарханы.    1
17   9Үстел басында өзін – өзі  ұстау ережелері    1
18  10Ресми қарым – қатынас әдебі.    1
19  11Күнделікті және ресми өмірдегі сыйлықтар.    1
20  12Этикет және интернет.    1
21  13 Телефондық әнгімелерідің әдебі.    1
22  14Ұлттық этикет ерекшеліктері.    1
   3Дің және этикет.    12
23   1Секта туралы ұғым.    1
24   2Ақиқат (деректі фильм көрінісі).    1
25   3Шындық пен сұмдық (бейне көрініс).    1
26   4Бейне көріністі талқылау.    1
27   5Үйленү рәсімі, ұлттық салт дәстүрі.    1
28   6Сүндетке отырғызу.    1
29   7Шілдехана, бесік той.    1
30   8Құда түсу.    1
31   9Ораза ұстау.    1
32  10Құрбандық шалу.    1
33  11Құран оқу.    1
34  12Сонғы сапарға шығарып салу.    1
Барлығы :    34