«Ірі моншақтан бұйым тоқу арқылы оқушылардың шығармашылық шеберліктерін дамыту».

135

Талдықорған қаласы

Шоқан Уәлиханов атындағы

№ 10 орта мектеп-гимназиясы

Технология пәнінің мұғалімі

Шукеева Гульбану Кинжабекқызы

 

 

«Ірі моншақтан бұйым тоқу арқылы оқушылардың шығармашылық шеберліктерін дамыту».

 

Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.  Ата бабамыз айтқандай «Өнер көзі – халықта», «Халықсыз өнер — өнерсіз халық жоқ», оны жаңғыртып іске асыру біздің перзенттік парызымыз.

Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ғибрат өнеге. Сондықтан әр түрлі қолөнер бұйымдарының  әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Өресі биік, өрісі кең өнер атауларының қай саласында болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазах халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір ғана өзіне тән қайталанбас ерекшелігімен көзге түседі.

Қазақ ұлтты – кең байтақ республикамыздың жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып  байытушы. Оның ішінде ұрпаққа деген өсиетін таңғажайып қолөнер туындыларымен жеткізе білген бабаларымыздан мирас болып келе жатқан халықтық сәндік-қолданбалы қолөнерінің бірі — әр түрлі бұйымдарды моншақпен өрнектеп безендіру, әр түрлі бұйымдар тоқып шығару өнерінің орны ерекше. Өйткені моншақ қайта сәнде.

Қазіргі заманға сай моншақтар да әр түрлі көлемде, түрлі-түсті реңдерімен адамзатты таңғалдырады. Раушан, лала гүлдер, әр түрлі жануарлар, құыршақтар, мойынға тағатын әшекейлер, тышқан, қояндар, кәмпитсалғыштар, гүл салатын құтылар, нан салғыштар, әшекейленген той көйлектері, сәукеле, камзол өзінің әдемілігімен көз тартады. Осы тақырып бойынша іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде өте көп деректер, орындалу әдістер әр түрлі жұмыстарымен танысып, жалпы халықтық қолданбалы өнерін, әсіресе моншақ жұмыстарын терең меңгеріп, іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның ішінде ең тиімді әдісін меңгеріп, оны оқушыларға үйретіп, жақсы әдемі өнер туындыларын жасап шығаруды алдыма басты мақсат етіп қойдым. Өйткені моншақтан жасалған бұйымдар өте әдемі, эстетикалық талғамы жағынан жоғары, сезімталдықпен жасалған тамаша туындылар блып табылады. Сол себептен де  оқушылар арасында моншақпен жұмыс олардың қызығушылығын арттырып, оларға эстетикалық тәрбие берудің бір амалы.

Моншақ бұйымдарының жасалу жолдарын үйрену арқылы  өзін әдемі етіп,  өз қолдарынан шыққан тамаша туындыларының әдемілігін көріп, оны өз қолымен жасай білуге және осы арқылы өмірді жақсы жаққа қарай қайта құрып, өз еңбегімізге деген сүйіспеншілігін арттыру – маңызды бағыттың бірі. Себебі, ол өзінің әсемділігімен, нәзіктігімен көз тартып отырады. Бұл оқушылардың сезімдері мен шығармашылық қабілетін үнемі дамытып, әсемдікке ризашылық мүмкіндіктерін ұлғайтып, оны өздері жасай білуді үйренуге ұмтылғанын көрсетеді. Осы әдіспен неше түрлі бұйымдарды тоқуға болады. Осы әдіс-тәсіл технология пәні мұғалімдерге көмек берер деп үміттенемін. Өз мектебімде оқушыларымның шығармашылық шеберліктерін дамытып, бұдан да күрделі бұйымдарды тоқып үйретемін

Сіздерге ірі моншақтан әр түрлі бұйымдар тоқу әдісін ұсынып отырмын.

 

Төртбұрышты кәмпитсалғыш тоқу әдісі

 

Төртбұрышты кәпмитсалғышты тоқу үшін 200 гр қырлы төртбұрышты моншақ, № 8 лесқа қажет.

Моншақтың әр түрлі түсін де қолданса болады.

Мына суретте  3 түрлі моншақты санап отырып, өрнек салып тоқыған.

 

Орындалу реттілігі

 

1-1,5 метр  № 8 лесканы қиып алып 4 моншақ өткіземіз. 4-ші моншақта жұмысшы лесканы кері қайта өткізу қажет (1-суретте қызыл сызықпен көрсетілген). Сосын лесканың екінші көмекші үшын (көк сызықты) пайда болған ілмектен өткізіп                   бекітеміз. Бекіткенен соң жұмысшы қызыл сызықпен белгіленген лескаға тағыда 3 моншақ өткізіп, көк сызыкпен белгілеген лескамен айналдырып бекітеміз

1-сурет

2-суретте көрсетілгендей қызыл сызыкпен

белгіленген лескаға  тағы 3 моншақ өткізіп көк

сызыкпен белгіленген лескаға айналдырып

бекітеміз. Енді қызыл лескаға 2 моншақ өткізіп,

көк лесканы айналдырып бекітеміз.

Осы ретімен айналдырып қажетті мөлшерге дейін

тоқимыз. Төменде көрсетілген суреттегідей түбі

2- сурет                         дайындалады

 

 

 

 

 

Ал жаны түбін орындағандай болады, оның биіктігін қалағаны бойынша тоқып шығаруға болады.  Төменде көрсетілген үлгі бойынша санап отырып әр түрлі етіп орындауға да болады.

 

 

 

 

 

 

 

Осы тоқу әдісімен әр түрлі заттарды тоқуға болады. Ең бастысы көңіл қойып, алдына мақсат қоя білу қажет.

 

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.