Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері

40

Сабақтың  тақырыбы:  Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.

Сабақтың  мақсаты: 1. Экранның нүктелік, пикселдік өлшемдері, растрлық, векторлық,

фракталдық графика туралы түсініктер енгізу.

  1. Графикалық ақпараттармен орындалатын амалдар арқылы

графикалық ақпаратты өңдеудің бір түрімен таныстыру.

  1. Эстетикалық тұрғыдан көркем өңдеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың  түрі: Теориялық-практикалық сабақ.

Сабақтың  барысы: 

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қысқаша сұрақ-жауап.

  • Ақпарат түрлері?
  • Мәтіндік ақпаратқа мысалдар келтіру,
  • Дыбыстық апқпаратқа мысалдар келтіру?
  • Кез-келген таңба компьютерде қалай кодталады?
  • Суреттер таңбаға жатпайды, олай болса оны қалай кодтайды?

 

Жаңа сабақ

 Компьютерлік графика түрлері.

Растрлық графика деп суреттердің нүктелер н/е пиксельдер түрінде берілуін айтады. Базалық элементі нүкте.

Векторлық графика деп сызық, доға, шеңбер, тікбұрыштар түріндегі геометриялық объектілер жинағынан тұратын суреттерді айтады. Базалық элементі сызық.

Фракталдық графика деп математикалық формулалардың графиктері түрінде берілетін суреттерді айтады. Базалық элементі математикалық формула. Мысалы y=ax2+bx+c формуласы параболаның суретін береді.

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлінген,олардын саны монитордын мүмкіндігімен айқындалады да,онын типі мен режіміне тәуелді (мысалды,VGA типті экран үшін 16 түсті болғанда, көлденеңінен-640; тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда, көлденеңінен -320;тігінен-200 нүкте) болады.
Бірқатар мониторлардың базалық түсінің түрлері 16 стан-дартты түсті болады және ол келесідей 4 элеметпен: түстің үш құраушысы: қызыл,жасыл,көк,жарықтанудың мүмкін екі денгейінін бірімен анықталады. Төрт құраушысынын әрқайсысынын бар болуы 0 немесе 1 цифрлары ақпараты-мен көрсетіледі. Мысалы,егер компьютрлерінде ЕGA мониторы болса, онда экрандағы кескін жадтын 110Кбай-тын алады,мұны былай есептеуге болады:640 пен 350-ды экран мүмкіндігін айқындайтын әрбір нүктенін түсін сипаттайтын 4 битке көбейту керек: 640•350•4 = 112000 (байт)≈ 110(Кбайт).
Компьютер графикалық ақпаратпен,мысалы, суретпен жұмыс істегенде,сандар жиыны мен жұмыс істеген сияқты болады, мұнда әрбір сан немесе сандар тобы кескін элементін сипаттайды.Бұл былай түсіндіріледі:сендерде ақ-қара фотосурет болсын.Оны сандар жиыны түрінде ұсыну («цифрландыру»)үшін оған тікбұрышты тор салынуы керек.
Тор түйіндерінің қарайған жерлерне түскен түйіндерін 0-мен белгілейміз.Сонда сендер нөлдер мен бірліктерден құралған тікбұрышты кесте аласындар.Енді осы кестені компьютерге енгізсек,компьютер 1-дің орнына қара нүкте қойып,оны экранға шығарса онда біз экраннан ізделініп отырған кескінді көреміз.Әрине,жақындатылған түрде.Тор қаншалықты жие болса,кескің де соншалықты нақты болып шығады.Осылай ұсынылған фотосуреттін ақпараттық көлемінің қандай екекенің есептеуге де болады. Мысалы, егер сендерде 480 х 640 тор болса,онда сендер 307200 нөл-дер мен бірліктерден,яғни екілік белгілерден тұратын кесте аласындар немесе,басқаша айтқанда онын ақпараттық көлемі 307200 бит = 38400 байт ≈ 37,5Кбайтқа тең болады.
Графикалық кескінді сақтаған жағдайда жадқа еңгізілетін элементтер саны экраннын графикалық кескін алып тұрған нүктелерінің санына сәйкес болады.

Атауы Мысал Артықшылығы Кемщілігі
Растрлық графика Түзетуге, әдімелеуге, нүктелерді алып тастауға н/е қоюлатуға, әр нүкте түсін өзгертуге болады. Суретті созғанда (сыққанда) сапасы азайады
Векторлық графика өзгерткенде сапасы жоғалмайды, көлемі растрлықтан мыңдаған есе кіші болады Суретті нүктелермен кескіндегендей (фотосуреттей) дәл бере алмайды.
Фракталдық графика Компьютер жадында сурет емес, оның формуласы сақтаталытын-дықтан өте аз орын алады, жылдам атқарылады, Фотосуреттер мен көркем суреттерді айқын көрсете  алмайды.

 

Үйге тапсырма   Оқулықтан 7.2 (101-108 бет)