Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары

218

Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары

Сабақтың мақсаты: 1. Модуль, процедура мен функция ұғымдарын Паскалдың графикалық мүмкіндіктері негізінде қалыптастыру,.

  1. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын дамыту. Оқушылардың математикалық моделдер туралы түсініктерін тереңдеу.
  2. Программа бойынша графикалық нәтижелерді экранға шығарудың эстетикасын сақтау.

  Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі

Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
  3. Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
  4. Тапсырмаларды орындау (15-минут)
  5. Сабақты бекіту (6-минут)
  6. Оқушыларды бағалау (2-минут)
  7. Үйге тапсырма беру (1-минут)

 

  1. Графикалық режим адаптерлері.

Экранға ақпарат шығару үшін бейнеадаптер және бейнемонитор деген екі модуль қолданылады.

1-модуль . Бейнемонитор н/е дисплей электрон-сәулелік түткішеден немесе сұйық кристаль тақтадан тұрады және оған мәтін мен графикалық бейнелер шығарылады. Дисплей теледидар сияқты экрандағы бейнені сеундына 25 рет өзгертіп тұрады. Бұл жылдамдықты адам көзі сезбейді де экраннан табиғи қозғалыстарды көреміз. Бейне экранда кішкене нүктелер (пиксель) жиынтығынан тұрады.

Экрандағы нүктелердің қатар және биіктік бойынша нүктелер саны бейнеадаптердің жұмыс режіміне байланысты болады.

2-модуль. Бейнеадаптер – экранды басқаратын микросхемалық болок. Екі бөліктен: электрон-сәулеліәк түтікше (CRT контроллер) және бейнебуферден (видеопамять) тұрады. Қазіргі адаптерлерде бұған қоса графикалық контроллер бар.

Поцедура – негізгі программада жиі қайталанатын шағын программа (ішкі программа-көмекші алгоритм –подпрограмма)

Функция – белгілі бір әрекетті ғана орындайтын Паскалдағы дайын, бірмақсатты шағын программа. Мысалы: Sin(x) х –санынынң синусын шығаратын программа.

  1. Экран өлшемдері.
  2. Графикалық процедуралар мен функциялар.

1) Ақапаратты жаңа терезде шығару үшін CRT модулы қолданылады. (CRT — Cathode Ray Tube Display – Электрон-сәулелік түтікше) Жазылуы USES CRT; мысалы:

program mmm;

uses crt;

begin

write(‘Акпарат жана терезеге шыкты ‘);

end.

Мұндағы USES- программада CRT кітапханасынан процедура шақырылатынын білдіреді.

2) Графикалық GRAPH кітапханасынан процедура шақыру үшін сипаттау бөліміне (VAR-дың алдында) USES GRAPH; деп көрсету керек. График сызуда CRT кітапханасынан да процедура пайдаланатын болсақ

USES GRAPH, CRT; деп жазу керек.

3) Геометриялық объектілер салу процедуралары

Нүкте салу – PutPixel(x,y:integer; color: word)

Мұндағы: x,y – нүкте координаттары, color –бояуы, word –типі.

Мысалы:

program risunok;

Uses Crt, Graph;

 Var Dv, Mv, i : Integer;

Begin

Dv:=Detect;

InitGraph(Dv, Mv, »);

 for i:=1 to 200 do

PutPixel(i,200,Red);

CloseGraph;

ReadLn;

End.

Прог.аты;

Проц.шақыратын кітапхана ашу;

Берілгендер типін анықтау;

Басы

Граф.режімді алғаш көрсету

(инициализация.);

1-ден 200-ге дейін қайталау;

і,200 коорд.б/ша нүкте салу.бояуы қызыл;

Граф.режімді жабу;

<enter>-ді басқанша прог.тоқтап тұрады;

Соңы.

Түзу сызық салу: line(x1,y2,x2,y2:integer);

Берліген (х,у) нұктеге дейін сызу: lineto(x,y:integer);

Ағымдағы нүктеден бастап dx,dy өсімшемен сызу: LineRel(dx,dy: integer);

Сызық қалыңдығын ескеріп үлгі бойынша сызу: SetLineStyle(t,p,th: word);

Мұндағы: t –сызық түрі, p –сызық үлгісі, th –сызық қалыңдығы. (оқулық 177 бет).

Тік төрт бұрыш салу:

Мысал: Алдынғы программаға 4-бұрыш қосып толықтырайық

program risunok;

Uses Crt, Graph;

Var Gd,Gm: Integer;

Begin

Gd:=Detect;

InitGraph(Gd, Gm, »);

Rectangle(250,150,350,450);

CloseGraph;

ReadLn;

End.

Прог.аты;

Проц.шақыратын кітапхана ашу;

Берілгендер типін анықтау;

Басы

Граф.режімді алғаш көрсету

(инициализация.);

Көрсетілген коорд.б/ша 4-бұрыш салу;

Граф.режімді жабу;

<enter>-ді басқанша прог.тоқтап тұрады;

Соңы.

 

Үйге тапсырма .

1 Экран бетіне желкенді кеме салатын программа жазыңдар.

2 Экран бетіне үй салатын программа жазыңдар,