Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар

79

Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «жалпы желі» ұғымымен таныстыру және олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Іпіегпеі Маіі бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
  3. Жаңа тақырыпы түсіндіру(15-минут)
  4. Тапсырмаларды орындау (10-минут)
  5. Сабақты бекіту (6-минут)
  6. Оқушыларды бағалау (2-минут)
  7. Үйге тапсырма беру (1-минут)

Проблеманы айқындау кезеңі:

Компьютерлік желі дегеніміз не?

Желінің қандай түрлері бар?

Мультимедия дегеніміз не?

Проблеманың шешімін қолдану:

Интернет туралы ұғым.

Жиырмасыншы ғасырдың  аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының  әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында  Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет  еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл  ағылшынның   халықаралық  желі  деген  сөзі.

Жалпы желі бүкіл әлемдегі компьютерлерді байланыстырады және ол Интернет деп аталады.Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама ақпараттар сақталған десеңізші? Интернеттен әлемнің барлық тілінде жазылған кез-келген акпаратты табуға болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға, қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға, виртуальды турларға қатысуға болады және т.б.

Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме (гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет, фотосуреттер сілтеме (гиперссылка) бола алады.

Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.

.

Проблеманың шешімін қолдану:

  • Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы
    айтыңыз.
  • Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады?
  • Сілтеме (гиперссылка) дегеніміз не? Бір беттен баска бетке қалай ауысамыз?
  • Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?
  • Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады? Қандай бағдарламалар
    көмегімен?
  • Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?

 

Білемін Білдім Білгім келеді
     

 

Үйге тапсырма: оқулықтағы 8.2. тақырыпты оқу