Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта

Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды электронды поята ұғымымен таныстыру және олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Маіl бағдарламасымен қалай жылдам  жұмыс істеуді  мүмкіндіктерін үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды  ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:  интернет желісіне қосылған компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Проблеманы айқындау кезеңі:

  • Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы
    айтыңыз.
  • Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады?
  • Сілтеме (гиперссылка) дегеніміз не? Бір беттен баска бетке қалай ауысамыз?
  • Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?

 

Проблеманың шешімін табу:

Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.

Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық қабылданған хабарлар орналасады.Шығатындар   (Исходящие).   Жазылған   және   жіберілген   хаттар   осы   бумада орналасады.Өшірілгендер (Удаленные). Кез-келген бумадан өшірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар бумасынан жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады.Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики) бумасында сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кейін әргүрлі әрекеттерді орындауға болады.Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл Печатъ — ОК командасын орындау арқылы.Жауап беру. Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады.Сақтау (Сохранить как). Таңдалған хабарды сақтауға болады, ол үшін    Файл -Сохранитъ как командасын орындаймыз.

 

Кейде поштаға хаттар ішіне салынған файлдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файлдар, графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар болуы мұмкін. Егер кабылданған хатта ішіне салынған файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай түйреуіштің суреті керсетіледі.

Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл — Сохранитъ вложения немесе Файл -Сохранитъ вложения Все командаларын орындаймыз сол кезде бекітілген файлды сақтайтын буманы таңдау терезесі пайда болады.

Хатты жіберу үшін құралдар тақтасындағы Отправитъ сообщение батырмасына басамыз немесе Файл — Отправитъ командасын орындаймыз.

 

 

Проблеманың шешімін қолдану:

  • Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады? Қандай бағдарламалар
    көмегімен?
  • Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?

Үйге тапсырма:  Электронды почта  тақырыпты оқу