Оқушылардың білімін бағалау

31

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың білімін бағалау.

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексеру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

 

Сабақтың тұрі: Сынақ сабақ.

 

Сабақтың өту барысы:

Оқушыларды ұйымдастыру .

Үйге берілген тапсырманы тексеру .

Бақылау сұрақтарына  жауап беру

Бақылау сұрақтарын талдау

Үйге тапсырма беру.

 

  1. Алгоритмдердің түрлері мен қасиеттері.

Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.

Мысалдар келтіру…

 Алгоритм қасиеттері

  1. айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);
  2. үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)
  3. нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)
  4. жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.
  5. формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек.

 

  1. Анықталған бағдарламаны жазыңдар.Бағдарлама мен алгоритмнің  айырмашылығы неде?

Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ… т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:

Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)

 

Мыс:  program, var, begin, while…

Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).

 

Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’

мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.

 

  1. Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритмді құрастырыңыз (блок-схема түрінде жазыңыз). Алгоритмнің түрін анықтаңыз.

P=(a+b+c)/2;

S=sqrt(p(p-a)*(p-b)*(p-c));

Сызықтық алгоритм

 

  1. Алгоритм фрагментінің нәтижесінде У мәні неге тең болады?

 

Y=15

Y=3/5

Үйге тапсырма беру: Өтілген тақырыптарды қайталау және жеке тақырыптарға өздігінен мәлімет іздену.