Стиль Сән Костюм туралы түсінік

90

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Ақсу ауылы

№116 мектептің технология пәні мұғалімі

Алиева Гүлбахрам Тыныштықбайқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Стиль Сән Костюм туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға стиль,сән және костюм туралы түсінік беру.

Білімдерін нығайту арқылы өз талғамдарын қалыптастыруға,

сән әлемінен бағыт –бағдар табуға нұсқау беру

 

Тәрбиелілік: эстетикалық талғампаздықпен үйлесімді сәнді киінуге,

әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге , эстетикалық

жағынан  дамыған, ойлау қабілеті терең жеке тұлға тәрбиелеу

 

Дамытушылық: Оқушылардың сән, стиль жөніндегі білімдерін, дағдыларын,

эстетикалық шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Ой- қиялдарын, сөздік қорларын арттыру.

 

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

 

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, пікір алмасу, жекелей жұмыс актив студио 1,2,3,4,ғаламтордан бейнетаспа

 

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, актив студио

 

КӨҢІЛ КҮЙІҢ ҚАНДАЙ?

 

Өте жақсы                Жақсы                     Орташа

 

  • Сабақтың жоспары:
  • Мағынаны ашу бойынша өтілуге тиісті сабақ туралы мәлімет беріледі
  • Ой қозғау
  • Шығармашылықпен жұмыс: Актив студиода моникенді өз талғамдары бойынша киіндіреді, киіндірген киім үлгісін қорғайды
  • Қортынды Тест жұмысы

 

Сөздің төркінің тап

  1. Матада жіптердің айқасуы                    бөлшектердің біріккен орны

     арқылы аяқталған процес                     болады      

    

 

  1. Тігіс                                                            Өлшемдері бірдей 2 не одан да

                                                                         көп бөлшектерді тұрақты

                                                                         инешаншымдармен қосу

 

  1. Тігістер бөлшектің орналасуына          біріккен тігіс,жиектік тігіс,

     қарай                                                          шеттік тігіс, ірлеу тігіс болады

 

  1. Сырып тігу                                                инешанным болады

    

 

  1. Бұйым тіккенде біріктіру бұйым мен бөлшек шеттерін

    тігістерін                                                    жаға, мойындық, өңір, қолтық

                                                                         ойындысында жүргізіледі

 

  1. Жөрмеленген тігісті алдыңғы бойға, бүйір

                                                                         қиықтары мен артқы бойға,

                                                                         иық пен жең қиықтары т.б

                                                                         жүргізіледі

 

 

7.Бұйымға шеттік тігістер                           бөлшектер мен бұйымдарда

                                                                         белгілі бір сұлба жасауда

                                                                         жүргізіледі

 

    

 

8.Әрлеу тігістерінің бұйым                         өңір шеттерін, жаға, қалта,

                                                                         белдемше жең шеттерінде

                                                                         жүргізіледі

 

“Сән”- латынның “modus”

кейінен француздың “mode” сөзінен шыққан, ол өлшем, іс-қимыл бейнесі, әрекет тәсілі деген мағына береді.

 

“Сән — бұл белгілі бір уақыт аралығында барынша танымал болған көпшілік мойындаған ең үлкен таралым

 

Костюм – француздың”costume”Сөзінен шыққан,ол киім-кешек деген мағынаны білдіредіБелгілі бір ұлттың, дәуірдің, әр түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі.

Костюм қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын,

көркемдік бейнесін көрсетеді

 

Стиль –латынның “stilus”сөзіненшыққан, мәнер,сипат, ерекшелік

деген мағынаны береді.

Стиль әр дәуірдің мәдениетін,сұлулық туралы түсінігін қоршаған ортаға қарым

қатынасын көрсететін тұрақты, анық ерекшеленген дәуір тілі

 

Стиль – 1. классикалық 2.Романтикалық 3. спорттық  4 фольклорлық

 

Классикалық стиль — Қатал. Тұрақты. Іскер. Өзгерістерге беріле бермейді

Сәнді аксессуарлары мен әшекейлер іұстамды Түстері қатты ашық емес нәзік,тынық

 

Спорттық стиль — Түстері әр түрлі. Сәнді. Тұрақсыз Еркін. Жеңіл. Өзгермелі. ыңғайлы

 

Романтикалық стиль — Ерекше . Әшекейлеуді көп қажет етеді. Нәзік. Өте әдемі. Сүйкімді. Түстері әр алуан. Аксессуарлары мен әшекейлеріне шек қойылмайды

 

Фольклорлық стиль — Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдерТүстері әр алуан. Ыңғайлы.Сәнді. Қолөнер түрлерімен безендіріледі Ұлттық нақышта орындалады

 

Сәнгер- Көркемдеуші сәнгер -Сәннің бағытын, кімге арналғаның,қандай матадан тігілетінің,көркемдік әшекей түрін ескере отырып шығарады

Инженер – конструктор — Сәнді эскиз, сурет,фото бойынша шығарады

Стилист — Сән үлгісіне қарай шашты өңдеу – шаш стилисті

Соған сәйкес бетті әрлеу – бет әрлеуші стилисті

Ой қозғау.

1 Тапсырма.

“Сән” мен “Стиль” сөзінің мағыналарында ұқсастық бар ма? Сипаттама бер.

  1. Тапсырма.

Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдерге көзқарасын қандай?

  1. Тапсырма

Мерекелік отырыстарға өз ойындағы сән үлгісімен киінгенді қалайсынба? Өз ойын.

 

Шығармашылық қабілеттерін  дамыту:   Актив студиода жұмыс

 

Сабақты бекіту Тест тапсырмалары

1) Түйме , сыдырма, батырма, әрлеу тігістерімен ерекшеленетін

  1. фольклорлық стиль
  2.  классикалық стиль
  3.  романтикалық стиль
  4.  спорттық стиль

2)  Дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, ерекшелігін сипаттайтын

  1. Сән
  2. костюм
  3. стиль
  4. дизайн

3)  Басты ерекшнлігі қатпарлар, желбіршектер, шілтерлер, банттар

  • романтикалық стиль
  • В) классикалық стиль
  • С) спорттық стиль
  • Д) фольклорлық стиль

 

4) Қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалықталғамын бейнелейтін

  • костюм
  • в) Сән
  • с) стиль
  • д) дизайн

 

5) Қолөнердің көптеген түрлері кеңінен қолданылатын

  • спорттық стиль
  • в) фольклорлық стиль
  • с) романтикалық стиль
  • д) классикалық стиль

Оқушылардан сабақ соңындағы көңіл күйлері сұралады

Оқушыларды бағалау

 

Үй жұмысы: Стильдің 4 түріне

сән үлгілерінің суретін салып келу