«Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар» әлеміне саяхат

74

Сабақтың тақырыбы: «Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар» әлеміне  саяхат

Сабақтың мақсаты: Литерлік шамаларға  қолданылатын операциялар тақырыбын пысықтау, шыңдау, қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: ойын, деңгейлік, жеке оқушымен жұмыс.

Көрнекілігі: кесте, үлестірме материалдар, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа  аударып,  сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен  таныстыру.

Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда  ұшақпен «Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар» әлеміне  саяхатқа шығып, осы  тақырыптан  алған  білімімізді  саралап  сұрақтарға жауап беріп, есептер шешу практикумын орындаймыз. Ұшаққа отыру билетін алып, қандай ұшақпен ұшатынымызды біліп, ұшаққа орналасайық.

ІІ. «Шапшаңдық гимнастикасы»

Тақтада  алдын ала ілінген (бір жағында сұрақ, бір жағында әріп) дөңгелекшелерде жазылған сұрақтарға жауап алу.

  1. Литерлік шама дегеніміз не? (тырнақшаға алынған ASCII кодындағы кез келген символ);
  2. «+» белгісі қандай операция (біріктіру);
  3. Жолдық типтің max ұзындығы (256-ға дейін);
  4. Мәтін ұзындығын анықтайтын қызметші сөз (ұзын);
  5. «Математика» мәтінінің ұзындығын анықта (10);
  6. Бос мәтін дегеніміз не? (бірде-бір символы жоқ мәтін).
Т
Л
А
Р
П
Ұ

 

 

 

 

  • Сонымен, біз ТҰЛПАР ұшағына орналастық. Ал ұшаққа негізінен жолаушылар  музыка тыңдайды, газет оқиды, сөзжұмбақ шешеді, ал біз  «Білім және дәстүр» сынынан өтейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз.

ІІІ. «Білім және дәстүр» сыны тапсырмалары:

№1 тапсырма. 1. «Білім сыны» кестемен жұмыс (кестені толтыру)

Функциялар Процедуралар

 

  1. «Дәстүр сыны» сұрағы: Жеті қазынаны ата. Жауабы: ер жігіт, жүйрік ат, құмай тазы, берен мылтық, қыран бүркіт, қанды ауыз қақпан, өткір кездік.

№2 тапсырма. 1. «Білім сыны» «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» Тұжырым дұрыс болса 1 санын, дұрыс болмаса 0 санын жазыңдар.

Теориялық диктант

Concat- тіркесу (жолдардың  жалғасуы)

Length- s жолындағы  n позициясынан бастап  k дана символдарды қиып алу.

Copy- жолдың ұзындығын анықтау

Delete- жолындағы  n позициясынан бастап  k  символдарды жою.

Insert- s жолына  s1 бағыныңқы  жолын  n позициясынан бастап кірістіру.  Жауабы:10011

  1. «Дәстүр сыны» сұрағы: Ұлыстың ұлы күні туралы не білесің?

№3 тапсырма. 1. «Білім сыны»

  1. «Дәстүр сыны» сұрағы: Ұлттық оындарды ата. Жауабы: көкпар, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ т.б.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сергіту сәті

Жерді жыртамыз,

Картопты отырғызамыз.

Бетін тегізтейміз.

Картопты қазып аламыз,

 Қайтадан тегістейміз.

 

  • Міне , «Білім мен дәстүр» сынынан өтіп, межелі жерге  де жеттік.
  1. Деңгейлік тапсырмалар: (практикум)
  2. Міндетті деңгей

Программа үзіндісінің орындалу нәтижесін  компьютерсіз анықтау.

a:=’ПАСКАЛЬ’; delete(a,1,2); delete(a,5,1);

b:=’РОМАН’;

a:=a+copy(b,4,1);

insert(‘ТИКА’,b,6);

writeln(‘a=’,a, ‘b=’,b);

  1. Лайықты деңгей

Т жолы  «Информатика»-ға тең Сөздер құрастару программасын орындау керек.

КИНО,   ФОРМА,   ФИРМА

  1. Жоғары деңгей

«б» әріпін  «ку»  буынына  ауыстыру  программасын орындау керек.

VІ. Қорытындылау:

  • Міне, қайтатын да уақыт жетті.  Саяхатқа  шыға отырып, «Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар» тақырыбынан алған  білімдерімізді көрсеттік.  Бізді әуежайда  туыстарымызбен  бірге журналистер де күтіп тұр екен.  Журналистердің: «Литерлік шамаларға қолданылатын операцияларға саяхат жасауда не ұғындыңНе білдің?»  деген сұрақтарына жауап беріп  сабақты қорытындылайық.
  • Үйге тапсырма беру:
  • Бағалау

Бағалау парағы

Шапшаңдық гимнастикасы «Білім мен дәстүр» тапсырмалары Деңгейлік тапсырмалар Оқушы бағасы
№1 №2 №3 Міндетті деңгей Лайықты деңгей Жоғары деңгей
+ + + + + + + «5»
+ + + + + + «5»
+ + + + + «4»
+ + + + + «4»
+ + + + «3»