Компьютер құрылғылары

Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғылары

Сабақтың мақсаты:

білімділік:

  • компьютер құрылғылары туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту;
  • компьютер құрылғылары бойынша алған білім, білік, дағдаларын бақылау;
  • пәнге деген қызығушылығын арттыру

дамытушылық:

  • оқушылардың логикалық ойлауын дамытады – қолда бар ақпаратты пайдалана білу мен маңыздысын іріктеп алу білігін дамытады;
  • оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын дамыту
  • өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту;
  • ой-қиялын дамыту.

тәрбиелік:

  • тәртіптілікті тәрбиелеу;
  • алға жетелеуші бәсекелестікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
  • оқушылардың сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын арттыру;

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, кеспе қағаздар, жұмыс дәптерлері

Сабақ түрі: білімді тексеру сабағы

Сабақтың әдісі: компьютерде, жұмыс дәптерлерінде қайталауға арналған жұмыстар жасату

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың құрылымы:

І. Үй тапсырмасын тексеру (тест) 7 мин

ІІ.  «Кім жылдам»  мәтін теру 7 мин

ІІІ. «Ойланайық» 3 мин

  1. «Қызықты сөздер» 3 мин
  2. Ребусты шеш. 3 мин

   Мәтіндегі қатені тап.   3 мин

VІІ. Компьютер құрылғыларына ертегі құрастыру  10 мин

VІІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау. Үй тапсырмасы – 2 мин.

Фидбэк (кері байланыс) 2 мин

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Сәлеметсіңдерме! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал енді сабағымызды бастайық.

Біз 7-сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең таралған.

Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина. ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:

  • жүйелік блок;
  • монитор;
  • пернетақта.

Тест жұмысы

  1. Файл. Txt кеңейтілуімен сақталған ол …

А) Командалық файл;

Б) Блокнот қолданбасының құжаты.

В) Анықтама файл.

2.Санау жүйесі неше топқа бөлінеді?
А)2;  Б)3;  В)4;

  1. Ондық жүйе санау жүйесінің қай тобына жатады?
    А) Позициялық; Б) Позициялық емес; В) Ешқайсына;
  2. Екілік санау жүйесінде қандай цифрлар қолданылады?
    А) 0,2 ; Б)0,1; В)1,2;
  3. Windows ортасында қай перне ақпаратты енгізу пернесі болып табылады?

А) Ctrl;    Б) Shift;    В) Enter ;

  1. Корзинадағы өшірілген құжатты қалпына келтіру үшін …

А) Файл – қалпына келтіру; Б) Файлды тек жоюға ғана болады; В) Корзинадагы құжат қалпына келтірілмейді;

  1. Формат – Шрифт командасын орындау арқылы …

А) Қаріптің түрін, түсін, өлшемін ж.б. параметрлерін өзгертуге болады; Б) Абзац қоюға болады; В) Тізім қоюға болады;

  1. Құжат осы сөздегі курсордың оң жағындағы ж әрпін өшіру үшін қай пернені басамыз.

А) Delete;    Б) Shift;   В) Ctrl;

  1. Компкат дискіге қанша ақпарат сияды?

А) 650 Мб;      Б) 6500 Мб;    В) 65000 Мб;

  1. СD ойындардарды орнату үшін төмендегі батырмалардың қайсысын басамыз?

А) Setup. еxe;       Б) Help;   В) Suhdlog, dat;

Жауаптары:

  1. Б; 2. А; 3. А;  4. Б;  5. В;  6. А;  7. А;  8. А;  9. А;  10. А;

Бағасы

1-2  қате     5
3-4  қате     4
5-6  қате     3
7-10 қате    2

1.«Кім жылдам». Оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен мәтін таратылады. Қай оқушы ең көп символ теретіні тексеріледі.

Мәтіндер

Қазақ тілінде

Алғашқы шамаларды өлшеу бірліктері аса тура (дәл) болмады. Мысалы, қашықтық қадаммен өлшенді, әрине, әр адамның қадамының мөлшері әр түрлі болғандықтан орта бір шаманы алып өлшеді. Өте үлкен қашықтықты өлшеу үшін, қадам тым қолайсыз бірлік болды. Сондықтан, Ежелгі Римде осындай алыс қашықтықтарды өлшеу үшін миля қолданылды, мың қос қадамнан (оң және сол аяқпен) тұратын жол осылай аталды.

 

Орыс тілінде 

Розы – кустарники,  то низкие, то высокие. Стебли в большей Оли меньшей степени покрыты шипами. Шипы – образования, отходящие от кожицы или коры растения. Они, в отличие от колючек, не содержат в своем теле сосудистых пучков. Они состоят главным образом из древесины  и начинаются не в кожице, а во внутренних частях растения.

Ағылшын тілінде

Ybyrai Altynsarin was the greatest poet, the writer, the first teacher. Ybyrai Altynsarin taught the Kazakh youths the humanity, love, friendship, labour and he was understood that youth it is necessary with the little years to bring up the children is righting. He was wrote “Kazakh chrestomathy”. And he was selected works having the important things and at that time.

2.«Ойланайық» Берілген сөздердердің әріптері ауысып кетіпті. Сол сөздерді қалпына келтіріп, әр сөзге қысқа анықтама беру керек.

  1. Красен (Сканер)
  2. Трионом (Монитор)
  3. Россецорп (Процессор)
  4. Таксиед (Дискета)
  5. Камыш (Мышка)
  6. Перринт (Принтер)
  7. Рокурс (Курсор)
  8. «Қызықты сөздер»

Берілген кестеден үлгі бойынша пәнге байланыстысын тауып сызып көрсету керек

КОИНФОФРАПВИНМА
БМИЕРРМТКИКСЕРС
АПЬЮОГААЛРПЕЛЬС
ЙТКТЕЛЦИЯОРИМСИ
ААИБРИМАРГРТМКВ
ЛКИЕРФМАОКАЫОАЯ
ГОТЕНПЕРФЕТМРЗЕ
ШРИКОМДИСКАОДЕВ
ЕМТЦИПАКСКВЕНМО
ННОЛКТНОНЪЮЯСОР
РЕНБАРДИРИНИЭРЫ
АДТИНЗИСОНКЦРГО
КТОРЫМЕТВДИЯМОН
АРИФМОТОАЕЭБИКА
ЛОГИКАРРНИББИДЖ

4) Ребусты шеш.

 

 

 

    5) Мәтіндегі қатені тап.

Оқушыларға компьютерге байланысты қате жазылған мәтін таратылады. Әр оқушы берілген мәтіндегі қатені тауып түзеп жазулары тиіс.

Мәтін 1:

Компьютерді қосу үшін мен Reset батырмасын басамын. Компьютерді іске қосқаннан кейін операциялық жүйе жүктелді. Ура! Операциялық жүйе  Windows 99 іске қосылды. Енді мен графикалық редактор Microsoft Word –пен жұмыс істей аламын. Принтер арқылы суреттерімді компьютерге енгізіп, жұмыс фонына қойдым.

Мәтін 2:

Процессор ақпаратты экранға шығару құрылғысы. Мен 700 mb көлемді ойынды бүгін сатып алған дискетіме сақтап, досыма бердім. Мен музыка тыңдау үшін колонканы процессордың қызыл ұяшығына қостым. Монитор- компьютердің ең негізгі құрылғысы болып табылады, оны компьютердің миы деп те атайды.

  1. Сөзжұмбақ шешу:
  2. Әріптік-сандық символдарды енгізу құрылғысы
  3. Осы құрылғы арқылы интернетке шығуға болады
  4. Ақпаратты сақтау құрылғысы
  5. Меңзер арқылы компьютерді басқару құрылғысы
  6. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы
  7. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы

7.Компьютер құрылғыларына ертегі құрастыру.

Қорытынды:  Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келсек,  компьютер құрылғылары атты қайталау сабағы оқушылардың компьютер құрылғылары туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту, комьютер құрылғылары  бойынша алған білім, білік, дағдаларын бақылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін жинақтау, ой — өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

 

Бағалау: Енді сабағымызға белсенді қатысып, өзінің білімін, біліктілігін көрсете білген оқушыларды бағалаймын.

 

Үйге  тапсырма:

1 шумақ 5 жолдан тұратын 5 шумақ өлең құрастыру