Айнымалы типтер

451

 

Тақырыбы: Айнымалы типтер
Күтілетін нәтиже:
Білім • Паскаль тілінің типтерін атап шығады.

• Паскаль тіліндегі типтерді сипаттайды.

Түсінік • Бүтін және нақты сандарға тәнтиптерді айырып таниды.

• Екі түрде жазылған бірдей санның айырмашылығын жуықтап бағалайды.

Қолданыс •Айнымалыларды сипаттау үшін сабақ үстінде алған білімін пайдаланады.

• Ақпаратты қай типте жазу керектігін ажыратады.

Анализ • Берілген ақпаратты BOOLEAN типінде жазып көрсетеді
Синтез • Әртүрлі типтерге мысал келтіреді.
Баға • Әр түрлі типтегі айнымалыларды сипаттау.

• Жиым мысалын жиымдардың қасиетіне негіздейді.

Сабақ құрылымы:
  ІАқпарат блогы (15 мин.).

ІІЛогикалық тапсырмалар блогы (5 мин.).

ІІІЖаттықтыру және білімді есепке алу блогы ( 15 мин.).

ІVИнтеллектуалдық тренинг блогы (5 мин.).

VКүтілетін нәтиже блогы ( 5 мин.).

Сабақ типі:
  • Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
  • Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
  •   Жаңа терминологиямен таныстыру

•  Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

•  Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:
  • Айнымалылар типтері, сипаттау бөлімі, бүтін сан түріндегі, нақты сан түріндегі, логикалық, символдық, тіркестік, саналатын, диапазондық немесе ауқымдық және жиымдық типтер.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
  •  Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

•  Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

•  Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:
  1 Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2 Д. Прайс. 1987. Программирование на языке Паскаль. Москва: Мир.

3 Типы переменных. Ақпарат көзі:

http://valera.asf.ru/delphi/book/tp05.shtml

Оқушы жетістігін бағалау:
  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Үй тапсырмасы:
  • Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Анықтамаларды, типтердің түрлерін және сипаттамаларын жаттау, кез келген әр түрлі типтегі он айнымалыны сипаттау бөлімінде сипаттау.

  • Бонус-балл тапсырмасы

Жиымдық типті қолдануға болатын есепке мысал келтіріңіз.

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 

і. АҚПАРАТ БЛОГЫ

 

Тақырып жоспары:

  1. Айнымалылар типтері.
  2. Типтерді сипаттау.
  3. Типтер мысалы.

Слайдтар:

1-слайд (титул)

 

2-слайд                       Тип дегеніміз не?

Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады.

 

3-слайд

 

4-слайд                    Типтерді сипаттау

Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Жазылу пішімі:

1. var<идентификатор> : <тип>

2. type<тип атауы> = <тип мәндері>;

Типтерді сипаттау диаграммасы

5-слайд                            Бүтін сан түріндегі типтер

Типі Мәндердің өзгеруі Ұзындығы, байт
BYTE 0 – 255 1
SHORTINT -127 – +127 1
INTEGER -32768 — +32767 2
WORD 0 — 65535 2
LONGINT -2147483648 — +2147483647 4

 

6-слайд                         Нақты сан түріндегі типтер

Типі Ауқымы Мәнді цифрлары Өлшемі, байт
REAL -1.7∙10³⁸ – 1.7∙10³⁸ 11 – 12 6
SINGLE — 3.4∙10³⁸ – 3.4∙10³⁸ 7 – 8 4
DOUBLE -1.7∙10³⁰⁸ – 1.7∙10³⁰⁸ 15 – 16 8
EXTENDED -1.1∙10⁴⁹³² – 1.1∙10⁴⁹³² 19 – 20 10
COMP -2∙10⁶³-1 – 2∙10⁶³+1 19 – 20 8

 

7-слайд                                   Логикалық тип

— BOOLEAN

— Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды — TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.

— Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND — (және), OR — (немесе), NOT — (емес), XOR -(арифметикалық немесе)

 

8-слайд                                     Символдық тип

—  CHAR

—  Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б.

 

9-слайд                                       Тіркестік тип

·           STRING

·           Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.

Сипаттау мысалы:

VAR

s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады}

s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең }

 

10-слайд                                    Саналатын тип

Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:

атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор);

Var

kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’);

 

11-слайд                    Диапазондық немесе ауқымдық тип

·  Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді.

·  Мысалы:

атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;

Var

Apta_kunderi = 1..7;

Ai_kunderi = 1..31;

 

12-слайд                            Жиымдар (Массивтер).

—  Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.

—  ARRAY

—  Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады.

—  Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды.

 
13-слайд                      Жиымдар. Сипаттау мысалы.

1.

VAR

M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары }

A1 : array[100..200] of real;

ch1 : array[‘A’..’Z’] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері }

ch2 : array[0..255] of char;

 

14-слайд               Жиымдар. Сипаттау мысалы.Жалғасы

2.

TYPE

Date_M = 1..31;

Cyrillic_b = ‘А..Я‘;

Latin_b = ‘A..Z’; {диапазондық тип}

Belgi = (2,3,4,5);

Ball = (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10); {саналатын тип}

VAR

t1, t2 : Date_M;

c1 : Cyrillic_b;

s1 : Latin_b;

a1, a2 : Belgi;

b : Ball;

 

іі.Логикалық тапсырмалар блогы

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Айнымалылар типтері. Типтерді сипаттау. Типтер мысалы.

Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

ііі.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Паскаль тілінің типтерінің сызбанұсқасын сызыңыз.
  2. Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.
  3. Келесі типтердің қайсысы Паскаль тілінде бүтін сандарды сипаттауға қолданылмайды?
  4. a) WORD; b) INTEGER;   c) SINGLE;   d)LONGINT;  e)
  5. Келесі типтердің қайсысы сандарды сипаттауға қолданылмайды?
  6. a) COMP; b)BYTE;          c) WORD;    d)EXTENDED;    e)
  7. Паскаль тілінде 100 және 100.0 сандарының айырмашылығы қандай?

 

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай жазылады?
  2. у=х2 функциясының мәнін табатын программада айнымалыларды қай типті пайдаланып сипаттау қажет?
  3. Дөңгелектің ауданын табатын программадағы айнымалыларды сипаттау үшін қандай типтерді қолданау қажет?

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

  • Адамдар туралы келесідей ақпарат беретін төрт BOOLEAN типіндегі айнымалы берілсін:
  • MARRIED егер адам үйленген болса рас;
  • BLOND егер адамның шашының түсі сары болса рас;
  • MALE егер ер адам болса рас;
  • EMPLOYED егер адам жұмыс жасайтын болса рас.

Адамдарға қатысты келесідей ақпараттың дұрыстығын анықтайтын BOOLEAN типіндегі өрнек жаз (AND, OR, NOT амалдарын қолдан):

  1. тұрмыс құрған әйел;
  2. үйленбеген ер адам;
  3. тұрмыс құрмаған сары шашты әйел;
  4. жұмыссыз тұрмыс құрмаған әйел адам;
  5. тұрмыс құрмаған немесе жұмыссыз, не екеуі де.
іV.Интеллектуалдық тренинг блогы

Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.

1-топ:

Нақты сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.

2-топ:

Бүтін сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.

3-топ:

Символдық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.

V.Күтілетін нәтиже блогы
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

_________________________________________________