Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Пернетақта

226

Сабақтың  тақырыбы: Компьютердің  негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Пернетақта

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:     Оқушылардың  компьютердің негізгі құрылғылары  жөнінде білімін қалыптастыру

Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы    оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.

Тәрбиелік:  Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен  көрнекіліктер : компьютер,  электрондық оқулық, таратпа,

интерактивті  тақта,  Power Point- та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: математика

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  а) ұжымдық әрекет;

б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау сұрақтары :    а) Информатика деген не ?    ә) Компьютер деген не?;

Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде  шолу :

  1. ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот (абак))
  2. ХVІІ ғ.басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм  )
  3. Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г.В.Лейбниц)
  4. ЭЕМ-нің даму кезеңдері (буындары) нешеге бөлінеді? (5 буынға бөлінеді)
  5. Компьютердің барлық жұмысын басқаратын құрылғы қалай аталады?
  6. Жедел жад қандай қызмет атқарады?    

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:  Электронды оқулық   пайдаланады.

Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.

Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын қамтамасыз етеді.

Жүйелік блок- алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, компакт-дискіден CD-ROM оқитын орналастырылған.

 

 

 

Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.

Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.

 

 Пернетақта – компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы  Тышқан – ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы.   Сол жақ батырма – негізгі,

оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.

Колонка – дыбыс шығару құрылғысы.

Сканер – қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін  құрылғы. Текстік  және бейнелік ақпараттарды  компьютерге  енгізетін  құрылғы.

Принтер –ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы.Түрлері: матрицалық,түрлі-түсті, лазерлік.

Енгізу  құрылғылары :   пернетақта , тышқан , сканер

Шығару құрылғылары :   монитор, принтер, колонка

Сергіту.  Көз жаттығулары

 

 

ІV. Тапсырмалар.    1. Техникалық диктант            Әрбір дұрыс жауапқа (+)  қойылады.

 

  1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.

 

  1. Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . .  жатады.

 

  1. Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . .  . . . . . деп аталады.

 

  1. Компьютердің негізі құрамына кіретін құрылғылар…..

 

  1. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.

 

  1. Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . .  . . . . . . . . деп атайды.

 

(сканер, дискеттер, пентиум, басып шығарғыш, матрицалық, жүйелік блок, пернетақта,манитор, маус, флеш диск, дискет)

2-тапсырма   Компьютер құрылғыларына ертегі құрастыру.

3-тапсырма   Жұмбақ шешу

  1. 1. Бар нәрсеге  жетік

Миы  күшті  тетік

Ол  арқылы  сөйлесіп

Кетесің  шетелге  де  өтіп          / компьютер /

  1.   Әдетте үнсіз  тұрамын

Белгі  берсең  ұғамын

Жазуы  бар  қағаздың

Құралы  боп  шығамын           / принтер /

  1. Компьютердің  айнасы

Бағдарыңды   таңдашы

Сурет,  сөзін көрсетіп

Тиер  саған  пайдасы               / монитор  /

4.Жануарға ұқсас атым бар

Бағдар көрсетер затым бар

Кілемше үстінде тұрамын

Ең қажетті құралмын

Білсеңдер қане айтыңдар            / тышқан/

5.Саусақтарды билететін,

экранға мәтінді сый ететін,

жоқ деп мүлде айта алмайтын,

иә-ні қолдап қайталайтын береген          / пернетақта/

4-тапсырма    Процессорға қатысты   «ДҰРЫС»  тұжырымдамасы

Бұл  компьютердің ең басты бөлігі
Бұл  компьютердің қосымша құрылғыларынығ бірі
Бұл  компьютердің  «миы»
Компьютердің   барлық жұмысын басқарады
Мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайды
Аналық тақша орналасқан
Компьютерге контроллер арқылы қосылады
Компьютердің  кез-келген әрекетіне қатысады
Ол- негізгі микросхема
Шапшаң әрекетімен сипатталады
Көптеген сымдардан тұрады

 

  1. Сәйкестендіру Сәйкестендіру арқылы сабақты бекіту

 

1 Бас әріпті салу пернесі
2 Компьютердің ең басты бөлігі
3 8 биттен тұратын код
4 Кез – келген бағытта сканерлеуге арналған сканерлер қалай аталады?
5 Ақпаратты енгізу құрылғысы
6 Жүйелік блоктың бір бөлігі
7 Басып шығару сапасы жақсы әрі тез принтер
8 Экрандағы ұсақ нүктелер
9 Кеңейтілген форматта басып шығару құрылғысы
10 Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаруға арналған құрылғы

 

С Байт
К Плоттер
Б Аналық тақша
А Принтер
И Пиксель
Л Лазерлік
Е Процессор
П Қолмен басқарылатын
У Маус
Р Caps Lock

 

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Р Е С П У Б Л И К А

 

Біздің республикамызға байланысты сұрақтар қойылады.

 

  1. Қазақстан қандай мемлекет?
  2. Республика күні қашан?
  3. ҚР-сының гимнінің авторы кімдер?

Таратпаларды  толтыру  және  жауап беру

 

 

VІІ. Қорытынды:  Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келсек,оқушылардың компьютер құрылғылары туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту, комьютер құрылғылары  бойынша алған білім, білік, дағдаларын бақылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін жинақтау, ой — өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Бағалау: Енді сабағымызға белсенді қатысып, өзінің білімін, біліктілігін көрсете білген оқушыларды бағалаймын.

.Үйге  тапсырма:

Компьютердің негізгі құрылғылары бойынша анықтамаларды жаттап келу;