Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері

106

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Сабақты бекіту
  5. Үйге тапсырма

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
  3. Қатынас тілі дегеніміз не?
  4. Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?

Жаңа түсініктер:

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды

  • Адам ақпаратты  жеткізе  аладыАқпарат  алмасу  үшін  жолдаушы,
    қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
    деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
  • Біз кітап, газет – журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады.
  • Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
    мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
    келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.

Ақпаратты өңдеу — оның бастапқы түрден басқа түрге айналуы немесе ақпарат мазмұның өзгеруі.

Ақпаратты автоматты өңдеу – адамның қатысуынсыз  өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама  бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді  енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.

Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады:

  • Мәтіндік
  • Сандық
  • Графикалық
  • Дыбыстық.

Ақпаратты өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады:

Ақпаратты жинау;
Ақпаратты қалыптастыру;
Ақпаратты сүзгілеу;
Ақпаратты сұрыптау;
Ақпаратты топтастыру;
Ақпаратты архивтеу;
Ақпаратты қорғау;
Ақпаратты тасымалдау;
Ақпаратты түрлендіру.

 

Ақпаратты ұсыну формалары:

  1. Символдық – әріптер, сандар таңбалар, т.б.
  2. Мәтіндік – әріптер, сандар, таңбалар, т.б, бірақ ақпарат біріктірілуіне қарай анықталады.
  3. Графикалық – суреттер, сызбалар, схемалар, фото – суреттер және т.б.

 

Тапсырма:

  1. Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының арасындағы ақпаратты процестер кезіндегі сәйкестікті анықтау.

 

Ақпаратты енгізу Ақпаратты өңдеу мен сақтау Ақпаратты шығару
Адам
Компьютер

 

Сабақты бекіту. Компьютермен жұмыс:

 

  • WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-Все Программы-Стандартные- WordPad батырмаларын басыңдар.
  • Информатика – ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым — мәтінін теріңдер.
  • Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

 

 

Үйге  тапсырма:  Берілген лекцияны оқу, анықтамаларды жаттау.