Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

97

Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, үйрету
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта,

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор — компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад — бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад.

Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер.

Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромдық болады.
Монитор — ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.
Бейнелеу түсі бойынша Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді) Түрлі түсті Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді).
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекетерінің принциптері:
1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:
— басу пернетақтасы (алфавитті — цифрлық және таңбалық пернелер)
— функционал пернелер: F1-F12
— арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace
— меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.
— сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер — Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.
Enter — енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift — бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock — алкен әріптер енгізіледі.
Delete — меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt
Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.
Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.
Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.
Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.
Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сия бүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады
Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.
Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка — жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.
Сканер — қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
Тапсырмалар:  Қатені табу
Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, алдымен сканерді іске қосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғылары мен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын.
3 қате бар:

  1. Алдымен монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет.
    2. Жүйелік блок іске қосылмай, сканердегі мәлімет енгізілмейді.
    3. Монитор қосылмай, мәлімет түзетілмейді және оны сақтау да қиын.

Тапсырма №2
1. Компьютердің пернетақтасы мен баспа машинкасының ұқсастығы көп.
2. Маус мәтіндік мәліметті компьютер жадына қолмен термей енгізу үшін қажет.
3. Жүйелік блок компьютердің ақыл – ойы тәріздес.
4. Монитор – компьютердің ақпаратты көрінетіндей етіп бейнелейтін құрылғы.
Үйге тапсырма: Компьютердің құрылымы.
Бағалау.