Дәрілік өсімдіктер тақырыбын оқытуда WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерін пайдалану

87

Тақырып: Дәрілік өсімдіктер тақырыбын  оқытуда WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерін пайдалану

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. Биология, информатика

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ-жауап, зертханалық, иллюстрациялық, түсіндірмелі-                          практикалық, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Кеппешөп, Үржар ауданының дәрілік өсімдіктерінің сұлбасы, слайд.

Сабақтың мақсаты: Биология сабағын  информатика сабағымен  біріктіре отырып, дәрілік                  өсімдіктерді оқытып үйретуде мәтіндік редактордың көмегімен тапсырмалар                     орындау.

Оқушылар үшін әлемнің біртұтастығы, пәндердің байланыстылығы жайлы                                    ұғымды қалыптастыру.

 

Мақсат, міндеттері Биология Информатика
Тәрбиелік Туған жерге, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру;

Дәрілік өсімдіктердің күннен-күнге жойылып бара жатқанын ұмытпау керек!

Оқушыларды компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай білуге үйрету;

 

Дамытушылық Жергілікті дәрілік өсімдіктердің түрлерімен танысу, іздену арқылы логикалық ойлауымен шығармашылыққа жетелеу. Оқушылардың өз білімдерін, практикада қолдана білу дағдыларын дамыту.
Білімділік Дәрілік өсімдіктер жайлы толық мағлұмат алу, олардың тұқымдасын, қолданылуын, кездесуін, құрылысын оқып үйрену. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерін биология пәнінің тапсырмаларын орындау кезінде пайдалану. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық объектілерді  енгізуді қолдану.

Өткізілген уақыты: 04.03.2009ж.

Пәндер: Биология, информатика

Класс: 7 «А»

Уақыты: 3 сабақ

Мұғалімдер: Бидашева Альмира Толеухановна І санатты биология пәнінің мұғалімі.

Сапаева Назым Даулетхановна ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі.

 

Сабақтың барысы:

 

Сабақ кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І Ұйымдастыру сәті.

Сабақ бойы класты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа даярлығы, тәртіп.

Оқушылармен амандасып, оқушыларды кезекшінің көмегімен түгендеу.

 

 

Сабақтың мақсаты мен міндетін қою.

Мақсаты: 1. Дәрілік өсімдіктермен танысу арқылы түрлерін, құрылысын, қызметін, қолданылуын анықтай білу. Үржар ауданында кездесетін дәрілік өсімдіктер жайлы ізденуі, халық медицицинасында қолданылуы.

2. Оқушылардың дәрілік өсімдіктер жайлы жинаған мағлұматтарын WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерін пайдалана отырып шағын кітапша жасау;

Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып биология пәнінің тапсырмаларын орындау;

Тест тапсырмасын VipTest тестілеу бағдарламасының көмегімен орындау.

Оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстыру.

ІІ Жаңа тақырыпты меңгеру.

  1. Дәрілік өсімдікке жалпы сипаттама.
  2. Дәрілік өсімдікті қолданылуына топтастыру.
  3. Үржарда кездесетін дәрілік өсімдіктерге сипаттама.
  4.  Оқушылардың дәрілік өсімдіктер жайлы жинаған мағлұматтарын WordPad мәтіндік редакторында жазу, көркемдеу.
  5. Сәйкестендіру тесті.
  6. Венн диаграммасы.
  7. Зертханалық жұмыс.
  8. Жұмбақ шешу.
  9. VipTest  тестілеу бағдарламасының көмегімен тест шешу.
  10. Бағалау парағымен оқушылардың білімін бағалау.

 

 

ІІ Жаңа білімді игеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV Жаңа сабақты бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VI Оқушылардың білімін бағалау.

 

 

 

 

 

VII Үйге тапсырма

 

 

Биология мұғалімі: Дәрілік өсімдік деп қандай өсімдікті атаймыз?

 

Қазақстанда 6000-нан астам өсімдіктің түрлері болса, оның 500 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды.

Дәрілік өсімдіктерді қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлуге болады.

Қолданылуы Дәрілік шөптер
І жүрек, қантамыр Долана, сасық шөп, қазоты, шүйін-шөп (валериана), жалбыз
ІІ тері ауруы Жалбыз, түймедақ, жөке, қырықбуын, арша, жолжелкен, мыңжапырақ
ІІІ зәр айдайтын Қырықбуын, бидайық, арша, бақ-бақ, қайың, зығыр
IV өтке арналған Шашыратқы, қырықбуын, шайқурай, мыңжапырақ, итмұрын, бидайық, қалақай, жалбыз
V бауыр мен бүйректегі тас түсіретін Лобия, шоңайна, шашыратқы, қалақай, андыз
VI қақырық түсіретін Емен, жөке, тал, өгейшөп, қызылмия, жолжелкен
VII паразит құрттардан емдейтін Дәрмене, сарымсақ
VIII қант ауруын емдейтін Топинамбур (жералмұрт)

 

Дәрілік шөптерден жүрек ауруын емдейтін дәрінің 78 %, ішек қарын, бауыр 75%, жатыр жыныс мүшелері ауруларының 80%,  қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тиятын дәрілердің 65% жасалады.

Үржар ауданында дәрілік өсімдіктің 450 түрі кездеседі.  Біздің мектептің оқушылары «Ізденімпаздар» тобын құрып, Үржарда кездесетін дәрілік өсімдіктер жайлы мағлұмат жинақтап дәрілік өсімдіктердің таралуы жөнінде сұлба жасады, кесте құрды. «Әсер – ал» деген серіктестікпен кездесу жүргізіп, олардың шығаратын дәрілік шөптерінің түрімен, қолданылуымен танысты. Мектеп үлескісінде де Үржарда кездесетін дәрілік өсімдіктердің кейбір түрлері өсіріледі және оны оқушылар бақылап отырады.

Сұрақ: Үржарда өсетін қандай дәрілік өсімдіктердің түрлерін білесіңдер? Әрбір оқушыға жекеленген дәрілік өсімдік туралы мағлұмат дайындау тапсырылған.

Информатика мұғалімі: Тапсырма №1. Барлығымыз  WordPad мәтіндік редакторын іске қосамыз. Әр оқушы өзіне тапсырылған дәрілік өсімдіктің суретін Жұмыс үстелінде орналасқан «Дәрілік өсімдіктер» атты папкадан тауып алып, алмасу буфері арқылы суретті мәтіндік редактор терезесіне  орналастырамыз. Өсімдік жайлы мағлұматты мәтіндік редактордың көмегімен тереміз.

Биология мұғалімі: Әр оқушы өзінің өсімдігі жайлы мағлұмат беріп, Үржардың дәрілік өсімдіктер сұлбасынан көрсетуі қажет.

Информатика мұғалімі: Дәрілік өсімдіктер жайлы алған білімдерді информатика пәнімен ұштастырып мына сәйкестендіру тестін орындаймыз.  Тапсырманы орындау үшін жұмыс үстелінде орналасқан Биология-информатика папкасынан  Тапсырма.xls файлын ашып, Сәйкес тесті бетін ашып, енгізу ұяшығына  дәрілік өсімдікті қолданылуына тиісті 1,2,…,8  цифрды жаз.

/Тапсырма №2.  Сәйкестендіру тесті. Microsoft Excel электрондық кестесінде дайындалған/

 

Биология мұғалімі:  Венн диаграммасына екі өсімдікті салыстыр. (Бақ-бақ, итмұрын) ұқсастығы мен айырмашылығын тап.

Информатика мұғалімі: Жұмыс үстелінде орналасқан Биология-информатика папкасынан Венн диаграмма көрмесін ашамыз. Маустың оң жақ батырмасын басып, контекстік менюден Указатель»Фломастер тізбегін орындап, жауабын жазамыз. Тапсырма толығымен орындалғанда маустың оң жақ батырмасын басып, контекстік менюден Завершить показ слайдов командасын таңдап, қолмен жазылған ескертуді сақтаймыз.

 

Бақ-бақ  Ұқсастығы  Итмұрын

 

Биология мұғалімі:  Зертханалық жұмыс. Дәрілік өсімдіктерді анықтап, танып білу.

Тапсырма: Дәрілік өсімдіктердің бір топ кеппе шөбін алып, жапырағын, сабағын, тамырын, бір-бірімен салыстыру және оларды ажырата білу. Қай тұқымдасқа жататынын анықтау.

Кеппешөпті пайдалана отырып, семантикалық карта құру.

Информатика мұғалімі: Тапсырма №3. /Microsoft Excel электрондық кестесінде дайындалған/

 Бұл тапсырманы орындау үшін жұмыс үстелінде орналасқан Биология-информатика папкасынан Тапсырма.xls файлын ашып, семантикалық карта бетін ашып, өсімдіктің дұрыс сипатталуын «*» таңбасымен белгіле.

 

 

 

 

 

Биология мұғалімі: Жұмбақ шешу.

Өзіне шап-шақ

Киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап.

 

 

Сұрақ: Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін қандай ережелерді білген жөн?

 

 

 

 

 

Тест.

 Информатика мұғалімі: Жаңа сабақты бекіту үшін тест тапсырмасын орындаймыз. Жұмыс үстелінде VipTest тестілеу бағдарламасын іске қосамыз. Биология пәнін таңдап, сұрақтардың дұрыс нұсқасын сәйкесінше белгілеңдер.

1. Шипалы бұта

А.    Құртқашаш

Б.      Итмұрын

В.     Лиана

Г.      Қарандыз

2. Дәрілік өсімдікпен  емдеу ғылымы …

А.    Экология

Б.      Физиология

В.     Фитотерапия

Г.      Герпетология

3. Үржар ауданында қанша дәрілік өсімдіктің түрі кездеседі?

А.    500

Б.      580

В.     200

Г.      450

4. Паразит құрттарды түсіретін өсімдік

А.    Пия

Б.      Қарақат

В.     Сарымсақ

Г.      Қызанақ

5. Қант диабеті ауруында қолданатын өсімдік

А.    Қандыағаш

Б.      Қаражидек

В.     Жералмұрты

Г.      Арамшытыр

6. Қызыл кітапқа енген дәрілік өсімдік

А.    Бөденешөп

Б.      Кәріқыз

В.     Бойқалақай

Г.      Алтын тамыр

7. Дәрілік өсімдіктің қай мүшесі емдік мақсатта қолданылады?

А.    Тамыр

Б.      Сабақ

В.     Жеміс

Г.      Емдік қасиеті бар барлық мүшесі

8. Дәрілік өсімдікті қалай кептіру керек?

А.    Күнге

Б.      Көлеңкеге

В.     Ылғалға

Г.      Суыққа

9. Құрамында С дәрумені бар өсімдік

А.    Орамжапырақ

Б.      Пияз

В.     Қияр

Г.      Шомыр

10. Шпинат қай тұқымдасқа жатады?

А.    Алабота

Б.      Құлқайыр

В.     Күрделігүл

Г.      Көкнәр

 

Биология мұғалімі: Алдарыңдағы жауап парағына белгілеген әрбір тапсырманың ұпайын қосып, жалпы ұпайды шығару.

Бағалау көрсеткіші

49 – 44 – «5»

44 – 38 – «4»

38 – 32 – «3»

31 – төмен – «2»

Бағалау парағының көрсеткіші бойынша оқушылар биология және информатика пәнінен бағаланды.

Тапсырма: Дәрілік өсімдіктер жайлы қосымша материал жинақтау. Дәрілік өсімдіктер жайлы мақал-мәтел жазып келу.

Құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендері бар, белгілі бір ауру түрлеріне қолданатын өсімдікті айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауап: Үржар ауданында мынадай дәрілік өсімдіктер кездеседі: адыраспан, бойқалақай, дәріарша, жалбыз, жолжелкен, жұмыршақ, алтын тамыр, қазтабан, қарандыз, өгейшөп, т.б.

Мысалы:  Дәрмене

Дәрмене (Artemisia cina) – күрделі гүлділер тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Сирек кездесетін, таралу аймағы тарылып бара жатқан, құрып кету қаупі бар түр.  Биіктігі 18 — 30 см. Көп сабақты, бұтақтары тік орналасқан, төменгі жапырақтары сағақты, ерте солады. Гүлшоғыры шашақ тұқымнан көбейеді. Тамыз — қыркүйекте гүлдеп, қазанда жеміс береді. Құрамында ішек  құрттар түсіретін сантонин бар. Парфюмерияда эфир майы мен дарминол алу үшін қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақ-бақ  Ұқсастығы  Итмұрын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы:   (Бақбақ)

 

Жауабы: 1. Дәрілік өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарап тани білу;

2. өсетін жерін білу;

3. дәріге өсімдіктің қай мүшесін алуды білу;

4. кептіру  әдісін білу;

5. сақтау ережесін білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы:

1.      Б

2.      В

3.      Г

4.      В

5.      В

6.      Г

7.      Г

8.      Б

9.      Б

10.  А