Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

311

Сабақтың  тақырыбы:  Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:  Оқушылардыбілімділікке,  сауаттылыққа,  ойлау  ұшқырлығын  дамыту

Тәрбиелігі:  Оқушылардыикемділік  қасиетімен  шабытты  болуға  қалыптастыру

Дамытушылығы:  Оқушылардың  ойлау  қабілетімен  қызығушылығын  арттыру
Сабақтың  түрі:  Аралас  сабақ

Оқыту  әдістері:  сөздік, көрнекі,  практикалық
Оқыту  формалары:  жеке, топтық  және  ұжымдық
Сабақтың  барысы: 

а)  ұйымдастыру

ә)  сабақ  сұрау

б)  жаңа  сабақ

в)  бекіту

г)  үйге  тапсырма

д)  үйге  тапсырма

е)  қорытынды

Жаңа  сабақ

Компьютерге арналған программалардың  жиынтығы  программалық  жабдықтаманы   құрайды. Қызмет  ету  қасиеттері  бойынша  программалық  жабдықтаманың  келесі  түрлерін ажыратады.

  • Жүйелік
  • Қолданбалық

Жүйелік  жабдықтама  деп  өзіне: операциялық жүйелерді; желілік программалық жабдықтаманы; сервистік программаларды; программаларды  жасау  құралдарын.

Операциялық  жүйелердің  негізгі  қызметі:

  • физикалық;
  • логикалық
  • есептеуіш жүйелердің  процестері  ресурстарын  басқару  болып  табылады.

Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық  дискілер жатады.

Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға  болады.

Желілік  программалық  жабдықтама  желілік  есептеуіш  жүйелердегі  жалпы  ресурстарды:  магниттік  дискілердегі  желілік  жинақтауышарды,  принтерлерді,  сканерлерді,  жіберілетін  хабарламаларды және т.б. басқаруға арналған.

Желілік  программалық  жабдықтамаға:

желілік ОЖ

желілік емес  ОЖ-лерде   бар кейбір  желілік  программаларды  жатқызады.

Қолданбалы  деп  белгілі  бір  қызметтер  саласының  белгілі  мақсаттық  мәселелерін  шешуге  арналған  программалық  жабдықтама  аталады.

Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.

Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:

магниттік дискілерге қызмет көрсету;

файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;

компьютер ресурстары жайлы  ақпарат ұсыну;

ақпаратты шифрлеу;

компьютерлік вирустардан қорғау;

файлдарды архивтеу және басқалары.

Программаларды жасау құрлдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады.

Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама деп аталады. Көбінесе мұндай програмамларды қосымшалар деп атайды.

Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне: өндірістік өрекәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді, медицинаны, басқаруды, іс-жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және т.б. қосады.

Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға келесі программаларды жатқызады:

мәтіндік процессорларды;

кестелік процессорларды;

безендіру және іс қағаз грфика жүйелері;

деректер базасын басқару жүйелері;

сараптау жүйелері;

математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу  және талдау программалары жатады.

Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда, жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін.

 

Сабақты  бекіту  сұрақтары:

Жүйелік  программалық  жабдықтамаға  не  жатады?

ОЖ қызметкері  қандай

ОЖ  дамуына не  себепші  болды?

Желілік  программалық  жабдықтамаға  не  жатады?

Компьютердің  негізгі  құрылғыларына сипаттама беру.МП .

 

Үйге  тапсырма: Тақырыпты оқу, мазмұндау.