Терезелер

66

Сабақтың тақырыбы:  Терезелер.

Сабақтың мақсаты: Терезенің элементтеріне түсінік беру

Білімділік: Оқушыларды терезелермен, терезе элементтерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық:  Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптер, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру
  2. Үйге берген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Сабақты бекіту
  6. Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Терезе-жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады.Жұмыс аймағында объектілер, ақпарат және басқару элементтері орналасады.Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірне терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында есеп тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады.

      Барлық терезелердің түрін төмендегі төрт топқа бөлуге болады:

1.Қапшық(папка) терезелері;

2.Қолданбалы терезелері;

3.Диалог (сұхбат) терезелері;

4.Анықтама терезелері.

Қапшық  (папка)     терезелерінде, оны басқару   элементтерінен  басқа Windows-тың  басқа  обьектілерінің  де  белгішелері  бар-белгілі  бір  обьектінің  белгішесін  мауспен екі  рет  шерту,  оны  ашады. Белгілі  бір  қолданбаны  іске  қосатын  болсақ,  онда  экранда сол  қолданбаның  терезесі  пайда  болады.  Қолданба  терезелері  қолданбаға  жүктелген  құжаттың  мазмұнын  көрсету  міндетін  атқарады, сондай-ақ  онда  терезені  басқару  элементтері  де  бар.  Белгілі  бір  қолданбаны  іске  қосқанда,  экранда  осы  қолданбаның  терезесі  пайда  болады.  Қолданба-бұл  да  бағдарлама,  ол  Windows  жүйесінің  басқаруымен  жұмыс  істегендіктен, қолданба  деп  аталады.  Диалог  терезелері- қосымша  ақпараттарды  енгізуге  арналған  арнайы  терезе.  Олар  Windows-ты  және  оның  қолданбаларын  басқару  мен  баптау  үшін  қажет,  олрда  басқару  элементтері  бар.  Өздеріңе  таныс  сағат  терезесі  мұның  мысалы  бола  алады.  Анықтама  терезелері-Windows  және  оның  қолданбаларының  жұмысы  бойынша  анықтама  ақпараттарын  шығару  қызметін  атқарады. Менің  компьютерім  терезесінің  негізгі  элементтерімен   танысайық.  Шекара  Терезе  төрт  жағынан  қоршалған  жақтаулардан  тұрады.  Оны  терезенің  шекаралары  деп  атайды. Терезенің  жақтаулары  арқылы  оның  өлшемі  өзгертуге  болады.  Маус    нұсқағышын  терезе  жақтауына  апарып  қос  бағдаршаға  айналған  кезде  қалауымызша  өзгертеміз.  Тақырып  жолы.  Терезенің  жоғары  терезесінің  астында  орналасқан.  Терезенің  аты  орналасқан. Немесе  басқару  қатары  деп  те  атайды. Себебі  бұл  қатар  арқылы  терезені  басқарамыз.  Жималаймыз,  Жабамыз,  Қалпына  келтіреміз. Осы  қатарда  жүйелік  меню  белгішесі  орналасқан.  Оған  маус  нұсқағышын  бассақ,  терезені  басқару  тізімі  шығады.Ол  арқылы  терезенің  өлшемін  өзгертуге  болады.  Терезенің  жабу  түрлері  х  белгісі  арқылы  немесе  АlТ+F4.  Меню  жолы.  Меню  жолына  АLТ+F4  арқылы  кіреді.  Маус  нұсқағышын  да  пайдаланады.

Құрал-саймандар қатары. Құрал саймадар қатарын Вид командасы арқылы қанат белгіні белгілеу арқылы шығарады.

Жұмыс  аймағы:  Терезенің ішкі аймағы, онда негізгі объектілер  орналасқан. Ол объектілердің  түрлерін  келесі түрде көрсетуге болады. Терезе: крупные значки, мелкие значки, список, таблица түрінде беріледі.

 

Үйге тапсырма:     Терезелер