Суретті қағазға басып шығару

62

Сабақтың тақырыбы:    Суретті қағазға басып шығару

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету. Білімділік:  Суретті қағазға басып шығару тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық:  Оқушылардың ойлау қабілетін,  логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі:  Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   компьютер, инт.тақта, электронды  оқулық,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Тапсырмалады орындау
  5. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Суретті қағазға басып шығару үшін Файл-Печать командасын орыңдаңдар.  Баспа (Печать)  диалогтық терезесі пайда болады.  Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер.  Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.

Құжат басылымға  қандай түрде берілетінін  қарап шығу үшін Файл-Предварительный просмотр командасын орыңдаңдар. Егер құжат кескіні өздеріңе ұнаса, осы терезеде Печать батырмасын шертіңдер.  Олай  болмаған жағдайда Закрыть  батырмасын шертіңдер де, суретті өңдеуді жалғастыру үшін,  Paint   программасының бас менюіне қайтыңдар.

Өзің  орыңда!

Өткен материалды пысықтау үшін сендерге бірнеше практикалық тапсырмаларды орындауды  ұсынамыз.

             1-тапсырма.

Суретті өте ұқыпты қарап шығып, амалдар тізбегі мен қолданылатын командаларды ауыстырмай орындаңдар .

  1. Сурет сал:

а)  экран жартысына теңіз (толқын) суретін сал;

ә)  кеме сал;

б) суда жүзіп жүрген балықтарды сал;

в) аспандағы шағалаларды сал;

г)  кеменің сол жағына күннің суретін сал;

д) кеменің сол жағына пальмасы бар арал сал.

  1. Суретті боя.
  2. Мұғалімджі шақыр.
  3. Күннің суретін өшір.
  4. Күннің орнына айдың суретін сал.
  5. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей шағаланың аузына апар.
  6. Жұлдыздар сал.
  7. Кеменің сол жағына орналасқан аралды, оның оң жағына жылжыт.
  8. Кемені басқа жаққа бұр.
  9. Біріншісімен бірдей шағаланың 3 көшірмесін сал.
  10. Шағаланың екеуіноңға, ал екеуін солға бұр.
  11. Мұғалімді шақыр.

Егер  бұл жұмысты орындағанда тапсырманың барлық пункттерін толық орындап үлгермесеңдер, оны кез келген атпен сақтап қойыңдар. Келесі сабақта сол файлды ашып, тапсырманың орындалмаған тармақтарын орыңдаңдар.

Үйге тапсырма:      Суретті қағазға басып шығару.

Оқушыларды бағалау.