Калькулятор программасы

36

Сабақтың  тақырыбы:  Калькулятор программасы

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды  калькулятор программасымен таныстыру.

Білімділік:  Калькулятор программасының міндеттерімен

таныстыру көшіру мен кірістіріп қою  командаларын  үйрету;

Тәрбиелік:  Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті  құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

  1. оқушыларды ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. тапсырмаларды орындау
  5. сабақты бекіту
  6. үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер

Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Калькулятордың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.

Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланымыз.

Сабақты  бекіту  сұрақтары:

  1. Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
  2. Калькулятордың қандай түрлері бар?

 

Үйге тапсырма: Калькулятор программасы