Мәтіндік құжатты редакциялау

Сабақтың тақырыбы:   Мәтіндік құжатты редакциялау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
  2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
  3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын   көрнекті құралдар:    интерактивті тақта,  компьютер, оқулық, прктикум,

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік құжатты редакциялау

Мәтінді  редакциялау  электронды құжатқа өзгертулер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды біріктіруге немесе құжатты бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.

Редакциялау дегеніміз —  өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

Редакциялау – құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы  жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылып алынады.

1) мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырыңыз;

  1. 1) Орын ауыстыру үшін : Түзету –Қию (Вырезать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.

2)  көшіру үшін: Түзету – Көшіру (Копировать)  командасын орындаңыз  немесе  Стандарттық аспаптар тақтасындағы  батырмасын шертеміз.

  1. курсорды керек (бөлікті  қойғыңыз келген) жерге апарыңыз;
  2. Түзету – Қою (Вставить) командасын орындап, Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шерткеннен кейін бөлік құжат мәтініне алмасу буферінен қойылады.

1) мәтіннің бөлігін айқындап алыңыз;

2) бөлікке тышқанның сілтемесін апарыңыз;

3) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз.

4) тышқанның сол жақ  батырмасын жіберіңіз.

Мәтіндік құжатты форматтау

Мәтінді форматтау – құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп  нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.

Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.

Мәтінді форматтауға мыналар жатады:

әр түрлі қаріптерді пайдалану;

құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;

мәтінді бағандарға бөлу;

символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.

Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.

Қаріп параметрлерін өзгерту

Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрады.

Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.

Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте Times New Roman, Arial, Courier  және т.б.)

Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалынады:

Обычный – қалыпты сызылым;

Курсив – курсив сызылымы

Полужирный – жартылай қарайтылған курсив сызылым

Полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым

Өлшем (Размер)  өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады.

Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде – «асты сызылған» сызықтарының типтері;

Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген

Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалаушаларды қоюға болады:

Астын сызу (зачеркнутый) – асты сызылған мәтін бір сызықпен сызылады.

Астын екі рет сызу (двойное зачеркивание)- асты сызылған мәтін екі сызықпен сызылды

Жоғары индекс (верхний индекс)- мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді

Төменгі индекс (нижний индекс) – мәтін төмендеп, символ өлшемі кішірейеді

Интервал (Аралық)  — арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалыпты, ашылған, қысылған;

Үйге тапсырма беру:    Мәтіндік құжатты редакциялау

Оқушыларды бағалау.