Берілгендерді форматтау

49

Сабақтың тақырыбы:   Берілгендерді форматтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:        ЕХСЕІ- дегі берілгендермен жұмыс істеу,деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және   қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін  автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға  шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін  қалыптастыру.

Тәрбиелік:                Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық:      Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін  дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі:     Практикум элементтерінің көмегімен  демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   интерактивті тақта,  компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Енгізілген мәтіндерді және сандық мәндерді, сонымен бірге есептелінген нәтижелерді өзгерту арқылы кестенің сыртқы пішінін әдемі етіп форматтауға болады.

Ұяшықтардың аумағын форматтау үшін оларды белгілеу керек. Сосын Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдап, сәкес қосымшаны ашыңыз.

Сандардың форматы. Кестеде әр санды әр түрлі форматта беруге болады (ондық сандар түрінде және т.б.). Ұяшықтағы мәліметтердің форматын өзгерту үшін:

  • ұяшықтарды белгілеу;
  • Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдау;
  • Ұяшықтар форматы (Формат ячеек) диалогтік терезесінде Сан (Число) қосымшасын таңдау керек.
  • Сандық формат (Числовые форматы) тізімінен ұяшықтағы мәліметті форматтау типі, ал оң жақтағы өрістен форматтың параметрлері таңдалады;
  • Үлгі өрісінде ұяшықтағы мәліметке сәйкес таңдап алынған форматты көруге болады;
  • Жаңа формат енгізу үшін Барлық форматтар бөлімін таңдаған соң, Тип өрісінен жаңа пішінді енгізу;
  • ОК батырмасын шерту қажет.

Ұяшықтағы мәліметтерді туралау. Ұяшықтар форматы диалогтік терезесіндегі Туралау (Выравнивание) қосымшасын қолданып, ұяшықтағы мәтіндер мен сандарды көлденең және тік туралауды орындауға болады.  Ұяшықтағы мәліметтерді көлденең орналастырып қоймай,  оларды берілген бұрыш арқылы орналастыру мәліметтердің жақсы көрінуіне мүмкіндік береді.

Үнсіз келісім бойынша  ұяшықтың қабылдайтын ені мен биіктігі стандарт түрде болады. Жолдың биіктігін немесе бағандардың енін қзгерту үшін тақырып шекараларын керегінше созу керек.

(Тышқанның сілтемесі тақырып шекарасында екі  жақтың бағыттаушы сызығына өзгереді)

Жол биіктігін және баған енін дәлірек қою үшін Формат менюіндегі  Баған (Жол) – Ені (Биіктігі) (Столбец (Строка) – Ширина (Высота))  бөлімдерін таңдау керек.  Бағанның ені (Жолдың биіктігі (Ширина столбца (Высота строки)) өрісіне мәндерді енгізіп, ОК батырмасын шерту қажет.

Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау. Аумақты автоматты түрде форматтау үшін алдымен оны белгілеп алған соң, Формат менюіндегі Автоформат командасын және қажет форматты таңдау керек.

 

Үйге тапсырма беру: Берілгендерді форматтау.

 

Оқушыларды бағалау.