Ақпаратты сақтау

156
Пәні :информатика        Күні:20.12.2013ж          Сынып: 3                       
Сабақ тақырыбы Ақпаратты сақтау
Мақсаты

 

1.Оқушыларға  ақпаратты сақтау  тақырыбын  түсіндіру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Негізгі идея

 

Тапқырлыққа, шапшаңдыққатерең ойлауға, ғылымға, білімге деген   қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Ақпаратты сақтау   тақырыбын түсінеді.
Оқыту формасы «Сұрақ қою, қайта сұрақ  қою» әдісі,  АКТ.
Ресурс

 

слайдтар,   графопроектор.

 

Бағалау түрі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау
Сілтеме: 3 класқа арналған ақпараттық мәдениет негіздері оқулығы,
 

М Ұ Ғ А Л І М     Ж А З Б А С Ы

Мұғалім әрекеті Уақыт (мин) Оқушы  әрекеті
Ұйымдастыру

(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу): Оқушылармен амандасу, түгендеу. 

Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.

Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған  жұмыстарын,  тексереді, қадағалайды,  бір-бірін бағалайды.

5 мин Мұғаліммен амандасады.

Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.

Топқа   бөлінеді, оқушылар   қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.

Кіріспе:

(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т.б.):

Тұлға аралық байланысты орнату

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау

Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау

Тұсаукесер:

Қызығушылық  пен назарға  қол жеткізу барысында  оқушыларды  топқа бөлу.

Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан  сұрау, сол арқылы

оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін  анықтау.

Негізгі бөлім:  (жаңа тақырып түсіндіру)

Ақпаратты сақтау. Адам жады – ақпараттарды сақтауға арналған ең тамаша құрылғы. Бірақ ақпарат барлық адамдарға жету үшін, оны бір адамның ғана жадында сақтау жеткiлiксiз.

Ертеде адамдар өз білгендерін тастардағы суреттерге салған, өлеңдер, аңыз әңгімелер арқылы кейiнгiлерге жеткiзiп отырған. Ақпаратты сақтау құралдары ретінде жіпті түйіндеу, таяқтарға белгі салу, папирусқа немесе қағазға жазу тәсiлдерi қолданылған. Біз бүгінде фотосурет, кинотаспа, аудио-бейнетаспалар, магниттік және оптикалық дискеттердi қолданамыз. Бұлардың барлығы «ақпарат тасымалдау құралдары» деп аталады.

Ақпарат тасымалдау құралы – ақпараттарды сақтау мен оларды тасымалдауға арналған материалдық нысан.

Ақпаратты iздеу. Ақпараттарды тек қана сақтау жеткiлiксiз екен. Сондықтан адам оның жеңiл табылу жолын қарастыра отырып сақтай бiлген. Мысалы, Сiздiң таныстарыңыз өте көп болсын. Олардың телефондарын тез тауып алуға болатындай етiп қалай сақтауға болады екен? – Ол үшiн Сiз барлық фамилияларды жазу кiтапшаңызға алфавиттiк ретпен жазып қоюыңыз қажет.

Ал кiтаптағы қажеттi бөлiмдi қалай тауып алуға болады? Олардың атаулары мен сәйкес беттерi көрсетiлген кiтаптың мазмұны бойынша iздеп табамыз.

Кiтапханадағы кiтапты қалай тауып алуға болады? Кiтаптың аты, сөрелерде сақталу ережелерi көрсетiлген цифрлары (шифры) жазылған каталог бойынша тауып алынады. Қазiргi уақытта адамдар өздерiне қажеттi ақпараттарды желiлiк технологияның жедел дамуына байланысты бүкiләлемдiк компьютерлiк желi /Интернет жүйесi/ арқылы тауып ала алады.

 

20 мин   Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға  түсіндіріледі.

               Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды,  сұрақтар қояды.

Оқушылар  үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін  көрсетеді,  өткен тараулар бойынша  5 сұраққа топ болып жауап береді:

 

Жаттығулар:  (бекіту) Менің түсінгенімше….», «Сонымен, Сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай  ғой…?» т.б. Әңгімелесушінің жаңа  сөзіне   кері байланыс   орнату үшін қажет .

1.        Тiлсызық арқылы жалғастыр.

Ақпарат түрлерi

Көру

Есту

Иiс сезу

Дәм сезу

Сипап сезу

Сақтау тәсiлi

Адам жады

Компьютер жады

Мәтiн

Сурет

Аудиоқұндақ

Бейнеқұндақ

 

Велосипед.

Мына хабарламаларды оқып, пиктограммамен бейнеле. Пиктограммалар – барабан, көгершiн, құндақ, дискета түрiнде болуы мүмкiн.

Адамның жады қандай ақпарат түрлерiн сақтай алады?

Есту, көру, дәм сезу, сипап сезу, иiс сезу.

Компьютердiң жады қандай ақпарат түрлерiн сақтай алады?

Дыбыстық, көру.

Дұрыс жалғастыр.

Мәтiндiк ақпарат.   —   Таңбалар.

Дыбыстық ақпарат.     —   Сөз.

5 мин Берілген тапсырмаларды ынтамен  жылдам орындап шығады. Сұрақтарға толық, тиянақты жауап береді.
Сергіту сәті:     Барлығы бірге орындарынан тұрады, бір-бірлерін  3шапалақ соғады. Психологиялық тренингке  қатысады.

 

5 мин Барлықтары бірге жаттығу  жасап, серігіп қалады, көңілдері көтеріледі. Психологиялық тренингке  қатысады.
Қорытындылау. Топтарға    орындаған  тапсырмалары бойынша сабақты қорытындылап, сұрақтарға жауаптар  береді. (Бүгінгі сабақ тақырыбы?, Тақырып не туралы?,  Нені білдік?, қандай білім алдық?)хатшы  жинақтап қорытыныдылайды. 5мин Оқушылар  топқа қосылып жинақталады, қорытындыларын айтады. Әр топ не түйгендері туралы негізгі мәліметтерді, ақылдаса отырып, қортытындылайды.

 

Бағалау.

Өзара жұппен бағалау. 

3 мин Өзара бағалайды,  өздерінің жұмыстарымен салыстырады
Қосымша  тапсырма:

Ү/т  § Ақпаратты сақтау

2 мин § Ақпаратты сақтау