Графикалық редактормен танысу. «Бүріккіш» құралы

Пәні :информатика        Күні:28.11.2013ж          Сынып: 2                         
Сабақ тақырыбыГрафикалық редактормен танысу. «Бүріккіш» құралы
Мақсаты

 

1.Оқушыларды  графикалық редактормен таныстыру,  «Бүріккіш» құралын қолдануды түсіндіру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Негізгі идея

 

Тапқырлыққа, шапшаңдыққатерең ойлауға, ғылымға, білімге деген   қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже графикалық редактормен таныстыру,  «Бүріккіш» құралын қолдануды түсінеді.
Оқыту формасы«Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі, АКТ.
Ресурс

 

Слайдтар.

 

Бағалау түрі«Екі жұлдыз бір тілек»  арқылы бағалау.
Сілтеме: 2 класқа арналған ақпараттық мәдениет негіздері оқулығы,
 

М Ұ Ғ А Л І М     Ж А З Б А С Ы

Мұғалім әрекетіУақыт (мин)Оқушы  әрекеті
Ұйымдастыру

(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу): Оқушылармен амандасу, түгендеу. 

Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.

Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған  жұмыстарын,  тексереді, қадағалайды,  бір-бірін бағалайды.

5 минМұғаліммен амандасады.

Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.

Топқа   бөлінеді, оқушылар   қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.

Кіріспе:

(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т.б.):

Тұлға аралық байланысты орнату

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау

Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау

Тұсаукесер:

Қызығушылық  пен назарға  қол жеткізу барысында  оқушыларды  топқа бөлу.

Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан  сұрау, сол арқылы

оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін  анықтау.

Негізгі бөлім:  (жаңа тақырып түсіндіру)

1. Paint программасын не үшін пайдаланады?

2. Paint программасын іске қалай қосылады?

3. Paint графиктік редакторының терезесінің элементтері.

4. Paint редакторында неше құрал бар?

ҚҰЮ (Заливка) ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ

1.        Құю    құралының батырмасын шертеміз.

2.        Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.

3.        Бояғымыз келетін тұйық контурдың ішін тышқанмен

БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ

Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.

Ол үшін:

1.             құралын шертеміз.

Палитрадан түсті таңдаймыз.

Бүркі құралының өлшеу дағын таңдаймыз.

Тышқан батырмасының сол жағы арқылы бүркі керек.

Қылқалам пайдалану

Өшіргішті пайдалану:

Өшіргіш құралын пайдаланып, өлшемін таңдаймыз.

Тышқанның сол жағын басып отырып өшіреміз.

ІV.

«Кім зейінді» ойыны

Тапсырма.

(Күй тыңдала отырып, тапсырма орныдалады)

                Күшік пен мысық дос.  Олар сурет салғанды ұнатады.

Күшік   қатарынан   бірнеше   күн  Paint    графикалық   редакторында  сурет   салды. Ол  оны   мысықтың  туған   күнінен   сыйламақшы. Сурет дайын  болар  кезде,  күшіктің бояуы  төгіліп,   барлық   суретін жауып   кетті.  Басқа   сурет   салуға  күшіктің   уақыты   жоқ. Ол  қатты  ренжіді.   Оған қалай көмектесеміз?

Дене шынықтыру минуттары

«3,13,33» деп аталады.

3 дегенде қолды созамыз.

13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек.

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

а) Кез келген радиусты шеңбер сызыңыз. Қара сызықпен сызып ішін қызылға бояңыз

ІІ деңгей

а) 3 шеңбер,4 төртбұрыш, құю құралдарын пайдаланып,салынатын суретті ойлап тап.

ІІІ деңгей

Жұмбақтың шешуінің бейнесін сал

Көкшіл айна үйдегі,

Көрсетеді киноны.

Өз бетімен жұмыс. Мына суретті сала отырып, атын қой.

20 мин  Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға  түсіндіріледі.

               Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды,  сұрақтар қояды.

Оқушылар  үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін  көрсетеді,  өткен тараулар бойынша  5 сұраққа топ болып жауап береді:

 

Жаттығулар:  (бекіту) Менің түсінгенімше….», «Сонымен, Сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай  ғой…?» т.б. Әңгімелесушінің жаңа  сөзіне   кері байланыс   орнату үшін қажет .5 минБерілген тапсырмаларды ынтамен  жылдам орындап шығады. Сұрақтарға толық, тиянақты жауап береді.
Сергіту сәті:     Барлығы бірге орындарынан тұрады, бір-бірлерін  3шапалақ соғады. Психологиялық тренингке  қатысады.5 минБарлықтары бірге жаттығу  жасап, серігіп қалады, көңілдері көтеріледі. Психологиялық тренингке  қатысады.
Қорытындылау. Топтарға    орындаған  тапсырмалары бойынша сабақты қорытындылап, сұрақтарға жауаптар  береді. (Бүгінгі сабақ тақырыбы?, Тақырып не туралы?,  Нені білдік?, қандай білім алдық?)хатшы  жинақтап қорытыныдылайды.5минОқушылар  топқа қосылып жинақталады, қорытындыларын айтады. Әр топ не түйгендері туралы негізгі мәліметтерді, ақылдаса отырып, қортытындылайды.

 

Бағалау.

Өзара жұппен бағалау. 

3 минӨзара бағалайды,  өздерінің жұмыстарымен салыстырады
Қосымша  тапсырма:

Ү/т  § Графикалық редактормен танысу.

2 мин§ Графикалық редактормен танысу.