«Зияткерлік» атты интелектуалды сайыстың сценарийі

303

«Зияткерлік» атты интелектуалды сайыстың сценарийі

Мақсаты :

1.  Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы өз тілін,туған жерін

құрметтеуге тәрбиелеу,мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

2. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.

3. Патриоттық сезімдерін оятып,тілге деген құрметке тәрбиелеу.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі :

-Құрметті әріптестер,оқушылар ! Бүгінгі «Зияткерлік» атты  нителлектуалды  сайыс кешімізді  тілдер мерекесіне арнаймыз.

Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.Нарымбекова Гулнар Шайзадаевна

  1. Сулейменова Нургайын Ермековна

3.Қонақбай Гүлжан Мұхитқызы

 

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін ,

Өнеріне ду қол соғып ,қостайық!

 

-Балалар,ойынға келгендеріңізге өте қуаныштымыз, енді әр топтың ойыншылары өздерін жеке таныстырып өтеді.

-Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты таңдап,ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды ( қоржыннан асықты алады : қызыл асықты алғандар бірінші,көк асықты алғандар екінші,ақ асықты алғандар үшінші ).

Ойынымыз мынадай кезеңдерден тұрады.

 

  1. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
  2. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді».
  3. Ойлы болсаң ,озып көр
  4. Жеті жұрттың тілін біл.
  5. Үй тапсырмасы : Ақынмен сырласу (Қ.Аманжоловтың бір өлеңін

мәнерлеп оқу ).

  1. «Мақал-мәтел-айдын көл»
  2. «Құпия сөздің құлпын аш «
  3. «Білгірлер сайысы»

 

Ойынның 1-кезеңі : «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

 

Мақсаты: әр оқушы әріптер таңдап алады да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын  сөзбен жауап береді.

(А,Ә,Б,Е,Ж,К,Қ,М,Н,О,Р,С,Т,Ү,Ш).

1-топтың ойыншыларына қойылатын сұрақтар :

1.Сен бүгін нешеде тұрдың?

2.Досыңның аты кім?

3.Наурыз мейрамы қай айда тойланады ?

4.Сен қандай үйірмеге барасың?

5.Сен қай қалада тұрасың?

 

2-топтың ойыншыларына қойылатын сұрақтар :

1.Бірінші сабақ нешеде басталады?

2.Қала басында қандай ескерткіштер бар?

3.Анаңның аты кім?

4.Жазғы демалыста қалай демалдың?

  1. Анаңа қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?

 

3-топтың ойыншыларына қойылатын сұрақтар :

1.Сенің мінезің қандай ?

2.Мерекелік кештерге кіммен барасың?

3.Сыныпта неше оқушы бар?

4.Анаң қандай тамақ пісіреді?

5.Ағаң қайда тұрады?

 

 

 

Мұғалім сөзі:

-Ал,енді,балалар,алғырлық пен тапқырлықтан білімдеріңнің алғашқы деңгейін көрсеттіңдер.

 

Ойынның 2- кезеңі :  «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді».

 

Қазір ойыншылар  қоржыннан сұрақтар алады.

Сұрақтар тарихымызға , тілімізге, әдебиетімізге  дүниетануымызға байланысты болмақ.

Ендеше сұрақтар алуды бастайық.

Бірінші болып  «Сұңқарлар»   ,екінші  «Қыран» , үшінші  «Тұлпар» тобы

сұрақ алады.

 

Қоржындағы сұрақтар :

 

Тәуелсіздік күнін ата ?( 16 желтоқсан)

2.А.Құнанбаев 5 асыл істі қай өлеңінде айтады? Атап бер.

3.Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша орналасу жиынтығын не                                             дейміз? (әліпби )

  1. Ең сұлу құс?(аққу)

 

Қазақстанның  Ата заңы қашан қабылданды ?(30 тамыз,)

1.Зере Абайға кім болады ?(әжесі)

2.Тышқаннан қорқатын аң ?(піл)

3.Қазақ тіліне тән дыбыстар саны нешеу?(9)

 

Түйе сүтінен  жасалатын емдік сусын қалай аталады ? (шұбат)

1.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Туының авторлары ? (Ш.Уәлиханов,Ж.Әлімбеков,Ш.Ниязбеков).

2.Өтірікші кімді алдайды ?(өзін)

3.Жылататын да,жұбататын да не ?(тіл)

 

 

 

3-кезең : «Ойлы болсаң,озып көр».

 

Бұл бөлімде аты айтып тұрғандай,оқушылардың ой-өрістері сынға түседі.Экранға назар аудартылады.

«Көгілдір» сөзінің мағынасын ашып айтып беріңдер.

1.Тағамға байланысты атау.

2.Жануарға байланысты атау.

3.Құрал-жабдыққа байланысты атау.

(«Көгілдір» -аққудың  балапаны).

«Айдын-көлде өріп жүр,

Аққу баласы-көгілдір» деген өлең жолдары бар.

 

«Жабы» сөзі қандай мағына береді ?

1.Киімге байланысты атау.

2.Малға байланысты атау.

3.Аңға байланысты атау.

«Жабы»-жылқы,ат тұқымының бір түрі.

Халқымызда «Жалы бар деп жабыдан айғыр салма « деген мақал бар.

 

«Абыз» сөзі қандай мағына  береді ?

1.Адамға байланысты атау.

2.Ыдысқа байланысты атау.

3.Жануарға байланысты атау.

«Абыз»-білгір,көреген адам.

 

4-кезең. «Жеті жұрттың тілін біл».

 

Оқушылар тізілген асықты ата отырып әр асыққа тиісті сұрақтарға жауап беріп,жауаптың 3 тілдегі нұсқасын айтулары керек.

1.Күн мен түннің теңелетін жыл мезгілі (көктем,весна,спринг)

2.Мұрты бар,иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар,киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп шығар сапары жоқ (мысық,кот,кәт).

3.Футболшының алдындағы ойын заты (доп,мяч,бол).

4.Жеті қазынаның бірі,адамды қорғап жүретін досы (ит,собака,док).

5.Ұшқан….,жүгірген аң бәрі тамақ (құс,птица,брик ).

6.Ер қанат-  (ат-лошадь- horse)

 

5-кезең : Үй тапсырмасы бойынша Қ.Аманжоловтың бір өлеңін мәнерлеп оқу.

 

   6-кезең :     «Мақал-мәтел-айдын көл ».Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға сәйкес оқушылар  мақал-мәтел айтулары керек.

1)жыланды інінен қайтып шығарамыз?

2) инемен құдық қазуға болама?

3) қар жана ма?

4) адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

5) ұрлықтың түбі бар ма? Бар болса не?

6) әдепті бала – арлы бала, ал сорлы бала қандай бала?

 

7-кезең:

«Құпия сөздің құлпын аш»

Жұмбақтардың жауабын табу.

  1. Сандықтың ішіне нені тығып ұстай алмайсын?(жарық)
  2. Сен жоғалтсан, мен іздеп таба алмайтын, мен жоғалтсам, сен іздеп таба алмайтын ол не?(уақыт )
  3. Әпкесі бауырына қонаққа барады, бауыры одан тығылып қалады. Ол не?( ай мен күн)

 

8-кезең:»Білгірлер сайысы»

 

10- Мына ырым сөздің мағынасын ашып айт(Босағада тұрма)

20-Оқу-білім туралы мақал айт

30-Мақал-мәтелдердің жалғасын тап:

Тіліңмен жүгірме(біліммен жүгір)

Тауық түс көреді ме? Мәтелмен жауап бер.

40.Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 мж.11 шілде)

50-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды ?(1992 ж. 4 маусым)

60.Жұрнақсызда жұрнақ бар ма, бар болса қайсысы?

70-Тұрақты сөз тіркесінің жалғасын тауып,мағынасын аш,үш тілге аудар.

Ит өлген… .(жер-земля-earth)

80-Берілген тақырыптың жақсы және жаман жақтарын қатар айт .Коньки тебу.

Мұнда оқушының

көзқарасы,логикалық ойы есепке алынады.

 

Мұғалім сөзі:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тақырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дегендей, ойыншыларымызды бағалау үшін әділ қазыларға сөз берейік. Қортынды сөз: «Зияткерлік»  атты ойынымыз өз мәресіне жетті. Тіл- әр ұлттың қайталанбас байлығы, тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік.