Жылқы – малдың патшасы.(5 класс)

202

Сабақтың тақырыбы: Жылқы – малдың патшасы.(5 класс)

Сабақ мақсаты:  

  Оқушыларға жылқы малы туралы түсінік беру, оның адамға пайдасы, одан алынатын өнімдер мен оның  кадір — касиеті жайлы әңгімелеу.

   Жылқы малының әбзелдері туралы,олардың жасалыну жолдары туралы түсіндіру.

    Ата кәсіпті сүюге, еңбекшілдікке,төзімділікке тәрбиелеу.

  Сабақ түрі: Саяхат  сабақ.

Сабақ әдісі: топтық, жеке

Көрнекілігі: Компьютер, презентация Power Point, слайдтар, интерактивті тақта,интернеттен алынған суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Жыл мезгілі көктем.

 -Көктем  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?(Көктем  мезгілінде құстар ұшып келеді,мал өріске шығып,айнала жасыл желекке айналады,мал төлдейді.)

-Көктем мезгілі несімен қызықты?( Көктем келгенде қазақтың ұлы мейрамы наурыз мерекесін тойлаймыз,ол мерекеде көптеген ойындар ойнатылады.)

— Балалар сол ойындардың ішінен қандай ойындар ұнайды?( Аударыспақ, қыз қуу,көкпар.)

-Ал ,қанекей осы ойындарды ойнау қандай малмен байланысты?( жылқы малымен)

Ендеше  балалар, жылқы малы туралы бүгінгі сабағымызда толығымен танысамыз.

 Олай болса жылқы малына мініп бізде саяхатқа аттанайық.Мына жайлаудың өрісі кең,жанында жайылып жүрген жылқылары да бар екен.Бұл кімнің үйі екен?- балалар.Бәріміз кіріп көрейік.

    Бұл бізде Абай атамыздың ордасы,ішінде Абай атамыз отыр екен.

Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңінен үзінді оқылады.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

  Абай атамыздың өлеңінен көктем мезгілі туралы білдік,Абай атамызға кедергі болмай, әрі қарай жолға шығайық.

  • Балалар,жол қысқарсын,олай болса сіздермен бірге сұраққа жауап берейік, білесіздер ме,жылқы малының пайдасы бар ма?( Ол қасиетті жануар. Оны көлік ретінде пайдаланамыз, мінеміз. Сүті, еті, терісі пайдалы. Сүтінен қымыз жасайды. Ол сусынның емдік қасиеті бар.Жылқы бағатын адамды жылкышы дейді. Балалар сіздер білесіздер ме?- Жылқы малының тері жылан уын қайтаруға таптырмас ем. Жылан шаққан адамға жылқының терін ішкізсе у- дың күшін қайтарады.)
  • Ал балалар мына қырдан асып түссек Жаяу Мұсаның жайлауына  аялдаймыз.
  • Олай болса, балалар, Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін тыңдайық.

Ән тыңдап сергіп қалдық па?- балалар.Олай болса жолға жиналайық.

-Балалар,жылқы малынан алынатын өнімдерді атаңдар?(Қымыз,қазы- қарта,жал-жая.Ол өнімдердің емдік қасиеті бар)

 Ал , балалар көк шалғын ,жасыл желекке оранған ақ боз үйге кірмесек болмас, бас сұғып, амандасып кетейік. Бұл үйде  он саусағынан өнері тамған атақты ершінің шеберханасы екен, онда қандай бұйымдар бар екен ,көрейік.

 Ал, балалар шеберханада ат әбзелдері жасалады,танысып көрейік.

 Ертоқым жасайтын адамды қазақта –ерші деп атайды.

  • Ноқта – атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық және түпкілікті бағындыратын жүгенге қарағанда құрылысы қарапайым жабдық түрі. 
  • Жүген – ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін, шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын жабдықтардан тұрады. 
  • Жүген– атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның ырқына көндіріуге арналған әбзел. Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының ең алғашқысы деп айтуға болады.
  • Терлік – тоқымның астына салу үшін қойдың жабағы жүнінен жасалады. Шеттерін былғары болмаса матамен көмкереді. Терлік өз атына сай тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.
  • Өмілдірік – ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды жабдығы.Тауға шыққанда тоқым ат арқасынан кейін сырғымау, ерттеген жерінен қозғалмау үшін істелген жабдық-құрал.
  • Тоқым – аттың арқасына, ер батпас үшін салынатын нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп жасайды.
  • Құйысқан– өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне замандардан келе жатқан жабдығы. Салт атты адам еңіске жүргенде, таудан түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін тағылатын тұрман.
  • Үзеңгі – атқа міну үшін қолданылатын және аяқтың талмауы үшін жасалған жабдық.
  • Үзеңгілік– үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.

Ал, балалар, шеберге сәттілік тілеп,сапарымызды әрі қарай жалғайық.

Мынау  ауылда той болып жатқанға ұқсайды, не деген той , үлкен жыйынға келдік, бізді тосып тұрған жеңгемізге қарап саяхатымыз сәтті болатын секілді.

   Бұл асқа арналып торы дөнен мен жирен бесті сойылыпты ,көкпар ойыны мен қыз қууға қатысуға келген қонақтар жылқының жорғасын, жүйрігін ,бәйгеден оза шабатын арғымақ тұлпарларын қосқан деп – ағаш үй ішіндегі көпшілік дуылдасып жатыр.

    Олай болса ,балалар, жылқыны жасына ,атына,түсіне қарай бөлуге болады.

1.Жылқыны жасына қарай:құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті деп бөледі.

2.Жылқыны түсіне қарай карай: торы, көк, жирен, күрең  деп атайды.

3.Жүйрік аттарды қарай : сәйгүлік, саңлақ, тұлпар, арғымақ деп атайды.

4.Жылқының  жүйрігі, жорғасы, аңшылық, желігіші, жүктартқышы болады.

Сергіту сәті:

 Балалар тойды қыздыратын аттың үстінде ойналатын ойындар емеспе? Мына жерде көкпар тартып , бүркіт салып жатса ,біз қыз қуу ойынын ойнайық.(Оқушылармен қыз қуу ойыны ойнатылады) .

Сабақты қорытындылау:
1-тапсырма . «Жарнама».

Қазы, қарта, жал, жая,

Сүр ет, шұжық балдай, ә?!

Қақтыратын таңдайды

Бал қымызы қандайды!  

  1. Жылқы малынан алынатын емдік сусын – қымыз.Ол өкпе ауруына қарсы таптырмас ем.
  2. Жылқының еті асқазан, ішек ауруларын жазуға көмектеседі.

Оқушылар жылқыдан алынатын өнімдерді жарнамалайды.

  1. Топтық жұмыс.Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1 топқа:

Жылқы малының пайдасы?

2 топқа:

Жылқы малынан алынатын өнімдер және оның пайдасы?

3 топқа:

Жылқы малын жасына, түсіне қарай жіктеңдер? Оқушылар жауаптары тыңдалады.

   Ендеше ,балалар ,«Бата менен – ел көгерер, жаңбыр менен – жер көгерер» демекші батаға кезек берейік.

Мал өсірсең –жылқы өсір

Өнімі оның көл көсір,

Мінсең көлік, ішсең ас,

Емдік қасиеті арылмас.

     Мінекей, балалар жылқы малы туралы  оқып таныстық. Қазақ халқының көнеден келе жатқан әбзелдеріне талғаммен қарап, ықылас қойып, қадірлегеніміз жөн. Ат әбзелін жасай білетін  ісмерлік, ұсталық  шеберлігі бар ұрпақтар өсе берсін!

Сау блыңыздар!