Әкем мен шешемнен,үлгі алып өсем мен.

191

Тақырыбы: Әкем мен шешемнен,үлгі алып өсем мен.

Мақсаты:

1.Оқушыларға тәрбие сағатының мақсатын таныстыра отырып,отбасындағы сыйластық туралы ұғымды түсіндіру.

2.баланы жан-жақты,өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата-анасын, жора-жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту;

3.Отанына,еліне жеріне ұлтына, ата-ананы құрметтей білуге баулу.,ата-бабамыздың әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі:тәрбие сағаты.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау,зейіндерін сабаққа аудару.

Ата-асқар тау,

Ана-бауырындағы бұлақ.

Бала-жағасындағы құрақ.

1-стратегия:

Сыныпты топқа бөлу.

1-топ: «Ұландар»

2-топ: «Ардақтылар»

1.Ұландар тобына:

Балам менің бал бөбегім,

Өмірімнің жалғасы.

Ол үшін мен ой толғанам,

Шегініп сен қалмашы.

2.Ардақтылар тобына:

Ей, ардақты ата-аналар

Келші бүгін жарысайық.

Біздерменен бақ сынасып,

Әперші ұпай өз балаңа.

3.Әділқазылар алқасы:

Әділқазы болды менің,

Достарым мен ата-анасы,

Сендік саған жан –жолдасым,

Әділдікпен бағалашы.

2-стратегия:

Тірек сызбамен жұмыс.

Аяулы менің анашым… (осы сызбаны толтырады).

3-стратегия:

Топтастыру.дана халқымызда  «Қызды қырық үйден тыю». «Ұл-он үш жасында отау иесі»бала тәрбиесі туралы ата-аналармен ой бөлісу.

Тәрбие… (сызбаны ата-аналар толтырады)

4-стратегия:

1.Мақал-мәтел орталығы.

2.Жұмбақ орталығы.

3.Ой толғау орталығы.

4.Өнер орталығы.

Сабақты қорытындылау.

Бала тәрбиесіне өте жақсы көңіл бөліп ұстаз жұмысын бағалай білетін ата-анаға алғыс хат жарияланады.

Алғыс хаттар номинациясы:

  1. «Рахмет сізге, мың алғыс»
  2. «Ризамыз біз сізге»
  3. «Қызметіңізге рахмет»
  4. «Ой бөліскеніңіз үшін рахмет»

Қалған ата-аналарға уақыттырын бөліп келгені үшін ,сабаққа қатысқаны үшін ауызша алғыс айтылады.