Тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет.

107

Бекітемін:

Күні,айы,жылы:

Класс:2 «А»,мұғалімі:Жуминова Ж.Ж.

Тақырыбы: Тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет.

Мақсаты:

1.Оқушыларға тәуелсіз Егемен елдің белгілерінің бірі-тіл екенін,яғни тілге құрметпен қарау тәуелсіздігімізді айқындай түсетінін ұғындыру, «тіл ұлттың-негізі,ұлт тіуелсіздіктің -негізі»дегенді ұғындыру.

2.Тілдің қасиетін сезінуге,ұлттық тілдің өркендеуіне, ана тілін сүюге, тілдің мәртебесән көтеруге танымдық қабілетін дамыту.

3.Отанына,еліне жеріне ұлтына, мектебіне деген патриоттық сезіміне тәрбиелеу.Ата-бабамыздың әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі:сынып сағаты.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау,зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық. «Кім дейміз?»

Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

-Әдепті екенбұл дейміз.

Кітап ,дәптер,қаламы

Кір шалмағанбаланы,

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз?

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

-Үлгілі екен бұл дейміз.

Бүгінгі сынып сағатымыз байланысты тіл мерекесінеарналады. ҚР –ның ата заңы –Конституциясында «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл» деп жазылған. 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні.1998 жылдан бастап аталады. Тіл халықпен өмір сүріп дамиды,әр ұлттың тілі-оның бақыты,тірегі.

Ой толғау.

Мемлекттік рәміздерді ата.

Тіл туралы мақал –мәтелдер білесің бе?

ҚР мемлекеттік тілі қандай тіл?

Диқан Әбіловтің «Туған тілім»өлеңін мінерлеп оқып беру.

Туған тілім-анам тілі –өз тілім.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі –өз тілім.

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

 

Сызбаны  толтыруға көмектес.

                                    Адам тілі        Бабам тілі

ТУҒАН ТІЛІМ

 

 

       Қазақ тілі                                                           Анам тілі

 

 

                                 Өз тілім                         Данам тілі

Ана тілім-елдігім,

Ана тілі-ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім

Ана тілі-асыл күні бабамның

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

Тілімбарда қазағым бар,халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кең даладай жиналмаған  шалғайы,

Аңқау,ашық мінезім бар аңқылдар.

Хор:Қуан халқым!

Тіл заңының күшіне енген күн бүгін

Қуанатын күн бүгін!

Алуан,алуан ғасырлардың,

Шежіресі болған тіл.

Небір ұлы асылдардың,

Шын көңілі толған тіл.

Сабақты қорытындылау.

Мақалды жалғастыр:

1.Жақсы байқап сөйлер,                      4.Біреудің сөзі әдемі,

(Жаман шайқап сөйлер).                      (Біреудің көзі әдемі).

2.Жүзден біреу шешен                        5.Қызыл тілдің қадірін,

(Мыңнан біреу көсем).                        (Тоқтағанда білерсің).

3.Үлгілі сөз білмеген                            6.Таяқ еттен өтеді,

(Надандықтың белгісі).                     (Тіл сүйектен өтеді).

Сабақ аяқталды.