Жолда жүру ережесін білесің бе?

219

Тақырыбы:      Жолда жүру ережесін білесің бе?

 

Мақсаты:  —  Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;

—   ережелерді есте  сақтауға  үйрету;

  • Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;
  • Оқушылардың ой — өрісін, сана – сезімін, өзін — өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын дамыту.

Көрнекілік:  бағдаршам, жол белгілері, тыйым салынатын ескерту белгілері,

 

Өтілу  барысы:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.

— Арманға , алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз,

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

-Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Сабағымыз басталсын сәлемменен.

 

Мұғалім: Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар. Бүгінгі тәрбие сағатымызға ұстаздар, тәрбиешілер, және полиция қызметкері  келіп отыр. Бүгінгі біздің «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатын бастамастан бұрын мынандай сөзжұмбақты шешіп алайық.

Жоқ өзіңде бас та, ауыз, құлақ та.

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Жарайсыңдар, балалар!Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызда ойнайтын ойынның атты бағдаршам.

 

Өтілу барысы:

Бұл сақшының үш көзді,

Үш көзден ұқ, үш сөзді.

Ашша сақшы үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып – деп сыныбызды үш топқа бөлейік.

 

1 – топ: Қызыл.   2 – топ: Сары.   3 – топ: Жасыл.

 

 


І Таныстыру.

1 – топ: Қызыл

2 – топ: Сары.

3 – топ: Жасыл.

 

Қызыл тобы:     Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға,

 

Сары тобы:       Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

 

Жасыл тобы:    Жасыл көзін ашқанда,

                            Жүре бергін жасқанба.        

 

 

Мұғалім: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар

                   Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

                   Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.

                   Сұрақ – жауап шешеу басталады.

 

ІІ. Келесі сайысымыз «сұрақ – жауап».

 

Қызыл тобына: 1. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (Әуелі сол жаққа, көшенің ортвсына келгенде оң жаққа қараймыз)

2.Бағдаршамның неше көзі бар? (3, қызыл, сары, жасыл)

  1. Балалар қай жерде ойнау керек? (арнайы алаңдарда)

 

Сары тобына: 1.Жолаушылар деген кім?  (кез – келген көлікке мінетін адамдар)

2.Жаяу адамның өтетін жолдындағы сызық?  (ақжолақ)

  1. Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (аялдамада, арнайы белгілеген орындарда)

 

Жасыл тобына: 1. «Жүргізуші» деген кім?  (көлік айдайтын адам)

2.Автобус, троллейбус тоқтайтын жер?  (аялдама).

  1. Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (бағдаршам)

 

ІІІ. Келесі сайысымыз «кім жылдам». Алдарынызға тапсырмалар жазылған карточка беріледі.

Қызыл тобына:

  1. су көлігі.
  2. 20+20
  3. автобус тоқтайтын жер.

 

Сары тобына:

  1. 4+4
  2. жолаушы таситын көлік
  3. бағдаршамның орысшасы

Жасыл тобына:

  1. 15+15
  2. дайындықты білдіретін бағдаршам көзі
  3. мектепте оқитын кім.

 

Мұғалім: Енді соңғы сайсымызда сөзжұмбақ шешу.

 

Қызыл тобына:

  1. Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ тоқта, жүр дейді. (бағдаршам)

  1. Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді (машина)

  1. Тақылдатып таңдайды.

Егінді тез жалмайды.

Дәнін берер тазалап.

Өзі түкте алмайды. (комбайн)

Сары тобына:

  1. Ала таяқ ұстаған.

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен.

Ысқырығы күзеткен. (милиционер)

  1. Көліктің қаншасын жанынан өткізген.

Іргеден басталып, алысқа жеткізген (жол)

  1. Қанаты бар қақпайды.

Аспанда тыным таппайды. (самолет)

Жасыл тобына:

  1. Гүрілдеп жүреді.

Жердің бетін сүреді. (трактор)

  1. Күндіз – түні көше кезіп зулайды.

Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (такси)

  1. Ұзын өзен.

Суы жоқ (жол)

Жолда жүру ережесі:

  1. Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.
  2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.
  3. Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.
  4. Көшенің кез келген жерінене өтуге болмайды.
  5. Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.
  6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын кқт.
  7. Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт.
  8. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

Жаяу адамдардың міндеттері:

  1. Жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.
  2. Жолдан бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.
  3. Жарқылдап маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпелі тоса тұруы тиіс.
  4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

 

Мұғалім: Ал енді біздің қонағымыз полиция қызметкеріне сөз берейік.

  • оқушы: Адамдар жол ережесін бұзған кезде қандай шара қолданасыз?
  • оқушы: Қазіргі уақытта адамдар жол белгілері жоқ жерлерден өткен кезде айыппұл талап етесіздер ме?
  • оқушы: Жұмысыңыз өзіңізге ұнайма?

Мұғалім: Енді біз бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылайық.

  1. Оқушылар бүгін біз қандай тақырып өттік. Не білдік?
  2. Оның маңызы қандай екен.
  3. Жолдан қалай өту керек екен.
  4. Жолда, көшеде ойнауға бола ма?
  5. Жолдан өту үшін қай жаққа қараған жөн?
  6. Бағдаршамның қандай пайдасы бар.
  7. Қандай ескерту белгілерін білесіңдер?

Жарайсыңдар! Балалар.       «Бағдаршам» ойыны.

Бағдаршам қызыл көрсеткенде қозғалмай тұрады . Сары көзі жанғанда қол шапалақтайды. Жасыл көзі жанғанда орнынан тұрып жүреді де, сәлден кейін әндерін бастайды.

 

Көшеде сақ бол!

1.Көшеде біз сақ болайық,

Қайғырмасын ата-ана,

Жолда сен бол лайықты

Оқушылар атына.

Қ-сы: Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін

Қасымда болсын анам

Болайын мен де аман.

2.Жолда жүру әліппесін,

Білгенің жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап.