Оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезінде өздерін ұстай білу ережелері

346

Тақырыбы: Оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезінде өздерін ұстай білу ережелері

Мақсаты: а)оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту;                                                                                                            ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

 

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

 

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді жол-көлік оқиғасы кезіне өздерінді ұстай білу ережелерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

 

  • Интербелсенді тақтада оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезіне өздерін ұстай білу ережелері

 

Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың арасында жүргізушілер, жүргіншілер, жолаушылар, жұмысшылар, оқушылар және басқа адамдар болуы мүмкін. Ережелер бойынша жол-көлік оқиғасына тікелей қатысты жүргізушіге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Велосипед мінгендерде жол-көлік оқиғасына қатысты болуы мүмкін. Оған қоса, жүргіншілердің, жолаушылардың, оқушылардың да өздеріне лайықты жауапкершілігі болатынын ұмытпаңдар.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда не істеуіміз керек?

  1. Оқиға болған жерден көлікті және оқиғаға қатысты басқа заттарды қозғамау керек.
  2. Жарақаттандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету қажет.
  3. Шұғыл түрде полиция бөліміне хабарлап, оқиға болған жердегі жағдайды тексеруге атсалысу керек.
  4. Көліктердің тежеу жолдарын, іздерін сол қалпында сақтауды ұмытпаған дұрыс
  5. Болған оқиғаны көрген адамдардың мекен-жайын, телефон нөмірлерін, аты-жөнін жазып алу да пайдалы болады.
  6. Полиция келгенше, көліктің нөмірлерін, модельдерін жазып алып, ал оқиға орнынан қашып кететін жағдайда тиісті мекемелерге хабарлау қажет.

 

ІҮ.Сабақты бекіту

 

  • Интербелсенді тақтаға жол-көлік оқиғасы кезінде жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдем қандай болуы тиіс екендігі жазылады.

 

  1. Тездетіп дәрігерлік «жедел жәрдемге», полицияға немесе жол полициясы қызметкерлеріне хабарлау керек.
  2. Мүмкін болғанынша, жарақаттанғандарды қиындықтан құтқару қажет.
  3. Адамдардың жарақаттанған жерлерін таңып, қан тоқтату шараларын жасаған жөн.
  4. Адамдардың сынған жерлерін қозғалмайтындай күйге келтіру керек.
  5. Алғашқы дәрігерлік жәрдемді асықпай, абайлап көрсету қажет.

 

Ү. Сабақты қорытындылау

  • Жол-көлік оқиғасына қатысқандар мен оны көрушілердің өзін-өздері ұстауы.
  • «Жедел жәрдем» шақыру. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мүмкіндігі.
  • Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттер тізбегі.

 

Жоғарыда автокөліктің тоқтау жолын құрастыратын факторларға шолу жасадық. Ендеше тоқтау жолы дегеніміз не? Жүргізушінің кедергіні көріп, тежеуішті басқанға дейінгі аралық пен тежеуішті басып, машина тоқтағанға дейінгі арақашықтықтың қосындысы тоқтау жолы деп аталады.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы

  1. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайды көрдіңдер ме? Сендер қандай әрекет істедіңдер?
  2. Дәрігер келгенге дейін қандай алғашқы жәрдем көрсете аласыңдар?