Әр түрлі жарақаттану кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету

462

Тақырыбы: Әр түрлі жарақаттану кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету

Мақсаты: а)оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда, әр түрлі жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді

меңгерту;                                                                                                                                       ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

 

ІІ. Үй тапсырмасы

  1. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайды көрдіңдер ме? Сендер қандай әрекет істедіңдер?
  2. Дәрігер келгенге дейін қандай алғашқы жәрдем көрсете аласыңдар ма?

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

 

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда, әр түрлі жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету түрлерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

 

  • Интербелсенді тақтада жарақаттанған адамдарға қалай көмектесу керек?

 

Ол үшін жарақатты өңдеу тәсілдерін білген жөн. Жаралыларға қолданылатын асептик және антисептик дәрі-дәрмектерді білуге тиіссіңдер.

  1. Асептик – таза, яғни миробтарсыз деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қолды жуып, жарақатты таза күйінде ұстауды ойластыру қажет.
  2. Антисептик – микробтарға қарсы химиялық дәрілерді немесе басқа да шараларды (лазер, электр тоғы, т.б.) қолданып, микробтарды өлтіру деген ұғым

 

ІҮ.Сабақты бекіту

 

  • Интербелсенді тақтаға жарақатты емдеу шаралары жазылады.

 

  1. Жарақатқа ауадан, лас заттардан микробтар жұғуына жол бермеу.
  2. Олардың алдын алу үшін химиялық дәрілер (спирт, йод, сутегі тотығы, марганец ерітіндісі, антибиотиктер, т.б.) қолданылады.
  3. Жарақатты неғұрлы ерте өңдеудің және оны таңып тастаудың пайдасы өте зор.
  4. Ауру сезімін бәсендету мақсатында ауыртпайтын дәрілерді жарақаттанған кезде ең алғашқы жәрдем ретінде пайдаланған жөн.
  5. Адамның басы, омыртқа жотасы зақымданғанда оны қозғалтпау амалын қарастыру – ең алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негізгі шарты.

 

Ү. Сабақты қорытындылау

  • Жараларды өңдеу тәсілдері. Асептик және антисептик шаралары.
  • Жарақаттанған кезде ауруды бәсеңдету тәсілдері.
  • Басты ауыртып алған және омыртқа зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы: Жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдемнің түрлері қандай?