Жолда жүру жас инспекторлары.

310

Тақырыбы: Жолда жүру жас инспекторлары.

Мақсаты:

а) оқушыларға жолда жүру жас инспекторлары жұмысы туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасы

1.Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кімдер ұйымдастырады?

  1. Ереже талабын бұзғандарға қандай жаза қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге жолда жүру жас инспекторлары туралы айтамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

  • Интербелсенді тақтада жолда жүру жас инспекторлары жұмысы жайлы түсінік.

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын насихаттау мақсатында мектептегі жас инспекторлар бастауыш сынып оқушыларымен жолда жүруге байланысты түрлі ойындар өткізеді.  Әрбір сыныпта өз командирі мен отряд мүшелері болуы қажет. Олар жолда жүру ережелерін меңгерту мақсатында түрлі макеттер жасап, көшеелр мен жолдардағы көлік жүрісіне жаяу жүргіншілердің, мектептердің қатысуымен жарыстар өткізуді дағдыға айналдыруы тиіс.

ІҮ.Сабақты бекіту

  • Интербелсенді тақтада жас инспектор алдына қандай міндеттер қойылады ?
  1. Оқушылардың жолда жүру ережелерін үйренуіне;
  2. Жолда жүру ережелері сабақтары өтетін кабинеттер мен бұрыштамаларды плакаттар, макеттер және басқа көрнекі құралдармен безендіруге;
  3. Өздерінің тұрғылықты жерлерінде, ауданда көпшіліке арналған шаралар ұйымдастырған кезде жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
  4. Мектептерде, демалыс орындарында тақырыптық кештер, ертеңгіліктер, тапқырлық ойындар мен викториналар өткізуге қатысатын болады.

Ү. Сабақты қорытындылау

  • Жолда жүру жас инспекторлары немен айналысады?
  • ЖЖИ отрядтары қызметінің негізгі бағыттары.
  • Қозғалыстың жас инспекторларының слеттері.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы:

  1. Жас инспектор деп кімді айтуға болады?
  2. Мектептерде жас инспекторлар тобы қалай және не үшін құрылады?
  3. Жас инспекторлардың жұмысын кім ұйымдастырады?
  4. Жас инспекторлардың қандай міндеттерін білесіңдер?