Бата сөздер

548

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 8 жалпы орта білім беретін мектептің ,бастауыш сыныптардағы, ұзартылған күн тобының тәрбиешісі Жолдаева Жайнагүл Сегізбайқызының тәрбие сағатының жоспары :

Сабақтың тақырыбы:Бата сөздер

Мақсаты: 1.Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіру.Қазақ халқының салт дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту,ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.

2.Логикалық ойлау қабілеттерін,қазақ тілінде сөйлеу тілін дамыту,білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

3.Туған жерін,елін,қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.Еліміздің озық ойлы,кең өрісті азаматын тәрбиелеп,өнегелі,өнерлі болып өсуіне ықпал ету.

Көрнекілігі:нақыл сөдер,түрлі суреттер

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру

Бата дегеніміз не?
Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», — деп айтып кеткен ғой. Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.

Ата-бабаларымыздың өсиет-намасы-ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», — дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны Жаратқан Иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «Ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды, басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді. Олай болса, тілек айту, бата беру – Аллаһ Тағалаға жол іздеудің, онымен байланысудың Ғаламдық күш-құралы, дүниетанымымыздың ұлттық бір жүйесі. Ақ бата – қазақ халқы үшін – Ой, Ниет, Тілек, Істің жиынтығы, барлық наным-сенімнің бірлігі. Сол себепті, қазақ халқы көне – көк түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық ізгі істерін ақ тілекке толы ақ батамен бастап келеді, келешекте де әр қадамын ақ батамен аттайтын болады.

Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әртүрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой, парасатының дәрежесі-не тығыз байланысты. Егерде сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті күші бірдей. Тек оның қабыл болу – болмауы жалғыз ғана Ал-лаһ Тағалаға аян.

 

Батаның негізгі түрлері:1. Ақ бата. 2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу).
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жат-
қан өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бір-лікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жү-зеге асырылатын мақсат, мүд-делерді белгілеу. Соған сәй-кес, ақ бата көбінесе мынан-дай жағдайларға байланысты беріледі: жаңа туған нәрес-теге, өмір жолын жаңа баста-ған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сар-баз, сардарларға, түрлі жақ-сылықтарға арнап жасалын-ған тойларға, аруақтарға ар-
налған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастар-қанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).

Теріс бата – қарғыстың қат-ты, жазаның өте ауыр түрі. Мұн-дай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонақ-қа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, Аллаһ Тағаладан теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса, ата-анасы: «Теріс батамды қайтып алдым», — деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып, намыстанса да теріс бата беруге асықпағаны, теріс бата беруден сақ болғаны, теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойын аулақ ұстағаны абзал. Өйткені, «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады».

Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уә-деде, елшілікте, ел арасында-ғы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» — қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды. Этнограф – жазушы Сейіт Кенжеахметұлы баталасуға байланысты мынандай бір оқиғаны айтады: «Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайны-сы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан ту-ған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын», — деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ».

Батаны кімдер береді?

Бата көбінесе жастарға беріледі. Бата беретіндер: көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің хас шеберлері. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтар-ға да жасалған. Батаның өз қисыны бар. Оның айтылатын да, айтылмайтын да жерлері болады. Және де қуаныш пен тойдың ретіне қарай соған лайықты бата беріледі. Қазақта ұлы үйленгенде атасы, ол болмаса, сол әулеттің үлкені, әкесі бата беруге тиіс. Той иелерінің қалауымен екі жасқа бата беруді басқа да үлкен кісілерден сұрауға болады.
Қазақта: «Өз ісінің шеберінен бата алса, соған тартып, батасын алған жас та шебер болады», — деген сенім бар. Бұл орайда Х.Досмұхамедұлы былай дейді: «… Қазақ қауымы арасында өз ісінің шын шебері, мәселен, би, ақын, зергер т.с.с. табиғат сыйлаған дарын-өнерін басқа біреуге ақ батасы арқылы мирас етіп қалдыра алады деген сенім кең таралған. Сондық-тан да осындай атаққа немесе өнерге ыңғайлы, икемі барлар сол саланың атақты өкіліне аттанады және қайтсе де оның көңілін тауып, ақ батасын алуға тырысады. Қазақ арасындағы белгілі бір би, атақты ақын, аруақты бақсы не зергер пә-леншеге, түгеншеге өзінің ақ батасын беріп, ақыл-өсиетін ай-
тыпты, сонан соң ол да би, ақын, бақсы не зергер болыпты, дегендей аңыз-әңгімелер орасан көп. Бұл – батаның бір түрі. Батаның тағы бір түрі – ас-дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айту. Әрбір қонақ өзіне арналып сойылатын қойға батасын беріп және әр дастарқаннан кейін үй иесіне рахметін білдіріп отыруы шарт… Әдетте, батаны қонақтардың ішіндегі ең жасы үлкені береді және ол көбінесе өлең түрінде болып келеді…»

Бекіту:Кейінгі кезде Мұзафар Әлім-баев, Фариза Оңғарсынова, Тұтқабай Иманбеков, Сейфол-ла Оспанов, Оразақын Асқар, Сейсен Мұқтарұлы тәрізді ақын-жазушыларымыз ас-қа, тойға, әртүрлі қуанышқа, жас келін, ұл-қызға арнал-ған баталар жазып, оны ха-лық жаттап алып, қуаныш-қызықтарында айтып жүр.

Фариза Оңғарсынова:
Жас жұбайларға бата
Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кеселден,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан сақта-сын,
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың аруағы
Өздеріңе жар болсын!
Әумин!