«Жігітке жеті өнер де аз» (Сайыс сабақ)

285

Сабақтың тақырыбы: «Жігітке жеті өнер де аз»   (Сайыс сабақ)

Мақсаты: жас ұрпақ ер балаларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді, ер балаларға тән қасиеттерді қалыптастырып, елжандылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Бақыттың басы баладан», «Үйінде ұл мен қызы бардың көгінде бес жұлдызы бар», «Дәулетіңнің қадірін ұлын өскенде білерсің, абыройынның қадірін қызың өскенде білерсің»

1-жүргізуші: Жансая

Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар.

2-жүргізуші: Аяжан

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,

Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.

Талай ғасыр небір ақын жыраулар

Жігіттердің батырлығын жырлапты

1-жүргізуші:   Жансая

Сыналар ер жігіттер келді кезің,

Сәулең болса, бермен кел талапты ерің

Жан құмары дүниеде немене екен

Соны білсең әрнені білгендерің

2-жүргізуші: Аяжан

Бүгін «Жігітке жеті өнерде аз» атты байқауымызға қатысқан жігіттеріміз. Әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік,ақыл парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсетуі керек.

1-жүргізуші: Жансая

«Ұл бала мен ер жігіт» тәрбиесі сұрауын халқымыздың әдет-ғұрпында, отбасына ұл баланың келуін «Ұл туғанға күн туған» деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта от басының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Оны мал бағуға, аң аулауға, мылтық атуға, отбасын асырауға әкелері үйреткен.

2-жүргізуші: Аяжан

Қазақ халқының «Ұлға отыз үйден тыйым»  демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Халықтық дәстүр тәрбиесінде осы болғаны «Жігіт сыны» деп аталған.

Негізгі бөлім.

  1. Таныстыру
  2. Өнер сайысы
  3. Сұрақ-жауап
  4. Шебердің қолы ортақ
  5. Спорттық сайыс
  6. Шығармашылық жұмыс («Қыс келбеті» тақырыбына ой толғау не сурет салу)

1-жүргізуші: Жансая

Ал енді сахнаға сұлу да сымбатты, сыпайы ұстамды, өнерлі де жігерлі жігіттерді шақырайық.

2-жүргізуші: Аяжан

Бірінші жігіт – білімді,

Меңгерген бар ілімді.

Шапалақты аямай,

Қарсы алайық Нүркенді.

1-жүргізуші:   Жансая

Ақниет те өнерлі,

Игерген бар өнерді.

Жолың болсын Ақниет

Өнеріңді тек енді.

2-жүргізуші: Аяжан

Жақсы оқиды, өнері бар талапты,

Бұл сыныпты өзі қалап таңдапты.

Шындық үшін шырылдайды ұлтжанды

Шақырайық ортамызға Қайратты.

1-жүргізуші: Жансая

Төртінші жігіт елгезек,

Алады тез тіліңді

Нұрланұлы Нұрберген

Жігіттердің төресі.

2-жүргізуші: Аяжан

Білімді, алғыр, ақылды,

Танитын алыс жақынды

Сыныптың озат жігіті

Шақырайық ортамызға Аманжолды

1-жүргізуші: Жансая

Кіп-кішене болсаң-дағы

Елді аузыңа қаратшы

Таныстырып өтер өзін

Қарсы алайық Арманды

2-жүргізуші:    Аяжан

Спортпенен білім жағын бір қосқан,

Кем қалмаған талантпенен табысқан

Алдарыңызда өзі палуан күрескер

Сыныптың оқушысы Нұрболат

1-жүргізуші: Жансая

Білімді, өзі алғыр жан-жақты,

Ақыл десе өз-өзіне айбынды

Оқушысы мына біздің сыныптың

Шақырайық ортамызға Нұргелдіні

2-жүргізуші:    Аяжан

Білім менен бүгін міне ән қосты

Сұрақпенен жауаптарды талдасты

Алғырлығын тағы бізге дәлелдер

Ортамызға шақырайық Нұрлыбекті

1-жүргізуші: Жансая

Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерімен тамсандырған талайды

Талай қызық пародияны ойнаған

Ортамызға шақырайық Нұрдәулетті.

 

2-жүргізуші:    Аяжан

Келесі жігіт салмақты

Қай іске де сабырлы

Бекарыс шығар күлімдеп

Қарсы алайық бәріміз

1-жүргізуші:  Жансая

Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар. Бас төреші мектебіміздің көркемдік жетекшісі Қоңыратбаева Сағира, сынып жетекшісі Айкенже Жолдасова, сыныбымыздың үздік  оқушылары Мырзағали Перизат, Сағиева Аяжан, Исабекова Айгүл.

2-жүргізуші:    Аяжан

                          Сен бұлбұл

Тыңдағанда

Әсем үнді әніңді

1-жүргізуші: Жансая

Рахат желі,

Қуаныш лебі

Тербетші жанымды – деп ортамызға ән айтуға Айгүлді шақырамыз.

2-жүргізуші:    Аяжан

Ер адамның демеу әр сөзі бізге

Түсінеді тұңғиық кезімізде

Ер адамнан күтеміз ерлік қана

Қулық деген жетеді өзімізде.

1-жүргізуші:    Жансая

Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен,

Құрсын соғыс ерлерді азып күткен

Өжеттікпен, ерлікпен емес қыздар,

Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен,-деп сайысымызды «Таныстырумен» бастайық.

І кезең «Таныстыру»

2-жүргізуші: Аяжан

Ал, жігіттер, сіздерге сәттілік тілейміз

1-жүргізуші:    Жансая

Ұлым!

Сен жігіт болсаң кең тұлғалы

Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы

Сан шыңға шыдай біл,

Тек төзе көрме

Жала сөз айтса біреу ел туралы!

Тасқынның қабаттаса толқындары

Мүмкін ғой жартасыңда солқылдауы.

Сен ерсің!

Ерлерше сүй Отаныңды

Жаман сөз естімейін сен туралы

 

 

2-жүргізуші: Аяжан

«Жігітке жеті өнер де аз» дейді халқымыз. Өнерпаз болсаң өр бол! Яғни өнерлі болсаң әйгілі талапты, мәртебең биік болсын деген ұғым бар. Ал жігіттер, енді өздеріңді өнер сайысында көрсетіңдер.

ІІ кезең «Өнер сайысы»

1-жүргізуші: Жансая

«Еңбек ердің – санаты, білім елдің – қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

ІІІ кезең «Сұрақ-жауапқа берейік»

1-сұрақ.

  1. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап орындалатын дәстүрлерді атаңыз.
  2. Қобыландының атасы.
  3. Саннан, дене мүшесінен, тағамнан тұратын елді-мекен атауын ата.

2-сұрақ.

  1. Сыбаға деген не?
  2. Өздік етіс жұрнақтарын ата.
  3. Еменде 6 бұтақ бар, 6 бұтақта 6 шие өсіп тұр. Барлығы қанша шие өсіп тұр.

3-сұрақ.

  1. Қасиетті сан.
  2. 1845-1904 жылдар аралығында өмір сүрген ақын.
  3. Бір қойда 8 бақайшақ бар. 1 отар қойда неше бақайшақ бар.

4-сұрақ.

  1. Киіз үйдің жабдықтарын ата.
  2. Глобус дегеніміз не?
  3. Түйе құс екі аяғымен тұрғанда 15 келі тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады.

5-сұрақ.

  1. Жеті қазынаға не жатады.
  2. Көсемшенің жұрнақтары
  3. Бір үйдің 4 аты бар еді. Еркек жаны 2 әке, 2 ұл еді. Еркектері кісі бас бір аттан мінгенде, бір артық болып шықты. Бұл қалай?

   6-сұрақ.

  1. Жігіттің қнша жұрты болады.
  2. Жер бетінің тіршілік қабаты
  3. Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығы бар ма?

7-сұрақ.

  1. Сидней олимпиадасында жеңіске жеткен атақшы боксшы кім?
  2. «Қызыл кітап» қай жылы шықты?
  3. «Қырсық жолаушы» екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп 1 км кейін қайтады. Қырсық жолаушы екі араны неше күнде өтеді.

8-сұрақ.

  1. Батырлар мінген арғымақ аттарын ата.
  2. Қола дәуірінің мәдениеті
  3. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр.

9-сұрақ.

  1. Саятшының, бүркітшінің кәсіптік заттары.
  2. Үндістан діні
  3. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды.

10-сұрақ.

  1. Томаға дегеніміз не?
  2. Томирис патшайым қай жылдары өмір сүрді
  3. 9-ға 8-ді қосқанда, одан 5-ті азайтып, оны 2-ге көбейтіп, оны 6-ға бөлгенде қанша шығады.

11-сұрақ.

  1. Қазақта тұзды бей берекет шашпайды. Неге?
  2. Ең алғаш «Манас» жырын қағаз бетіне түсірген саяхатшы.
  3. Қалада оқитын шәкірт мектебіне келе жатты. Біраз жүрген соң, арбалы алты адамды қуып жетті. Қараса сыныптастары екен. Қанша шәкірт қалаға барды.

2-жүргізуші: Аяжан

Ал бастайық, жігіттер!

1-жүргізуші: Жансая

Бір жігіт бар – құр жан,

Бір жігіт бар – тірі жан.

Бір жігіт бар – жігіт жан … деп Шал ақын жырлаған екен.

ІҮ кезең «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз іскерліктерін көрсетеді.

2-жүргізуші:  Аяжан

Жарайсыңдар жігіттер! Барлығыңда шебер екенсіңдер!

1-жүргізуші: Жансая

Сайысымыздың келесі кезеңі «Спорттық сайысқа» кезек береміз. Жігіттер отжимания жасайды.

2-жүргізуші: Аяжан

Сайысымыздың соңғы кезеңі «Шығармашылық кезеңі». Яғни жігіттер «Қыс келбеті» тақырыбына ойтолғау не сурет салады. Іске сәт!

1-жүргізуші: Жансая

«Жігітке жеті өнер де аз» сайысымыздың қорытындысын жасауға бас төреші мектебіміздің көркемдік жетекшісі Сағира апайға сөз кезегін береміз.

Бас жүлде                             Темірбаев Нұрболат

І орын                                   Өтегенов Нұргелді

ІІ орын                                 Өтебаев Нұрлыбек

ІІІ орын                                Жолдасов Ақниет

«Білімді жігіт»                     Құлтаев Аманжол

«Өнерлі жігіт»                     Бисенбин Нұркен

«Тапқыр жігіт»                   Жұмабеков Арман

«Шебер жігіт»                     Төреханов Нұрберген  «Келбетті жігіт» Сейілханов Қайрат                               «Парасатты жігіт» Нұрлыбаев Нұрдәулет