Жасыл шырша жанында!!!

239

Жасыл шырша жанында!!!


—  Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін. 1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

 

Бүгінгі мерекеміздің алғашқы әні «Жаңа-жыл» орындайтын, 7 «А» сынып оқушысы Қожбанова Аида .

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық-

Құттықтау сөзі сынып жетекшілерге

Келесі кезекті 7 «А» сыныбының   қыздарын «үнді» биімен ортаға шақырамыз


Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Құттықтау сөзі ата-аналарға

Ары қарай ортаға 7 г сынып оқушысы Әділеттің «Ол сен емес» атты әнін тамашалаймыз


Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
1-жүргізуші:ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)
2-жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА.
1-жүргізуші: Амаңсыңба АҚШАҚАР.
АЯЗ АТА:
Амаңсыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар, ата-ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
2-жүргізуші:Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
1-жүргізуші:
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып
,

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.

Ән  «сонда да сүйемін» 7ә Жарас

 


Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.
«7ә Айдана мен Ақкенженің «Жастар биін» қабыл алыңыздар.

 

 

Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

.Ән «Баралмадым» 7в Нұрбол

 

Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

Түрік биі 7 б сыныбы Жаңыл

 

 

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр

Фокс  7б-7в Қуаныш.Сакен. Акқали .Серік

 

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын

 

Ән 7г «От-от жанарың»Әділет

 

Би «роомия»7 г сынып қыздары

 

Ән 7в  «Нәр ағашы» домбырамен Балмекен

 

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды

Би 7 а сыныбының ұлдары джентлмен

Ән 7 ә сыныбы Ғазиз «Сүйем сені»

7 б  «Жасөспірімдер биімен Земфира мен Ақмарал

 

Аяз атамен ақшақарды шығарып салу

7в сыныбының ұлдарының КВН – нен үзіндісі

Би Аида «манго « 7 а

Ән «анашым»  7ә сыныбы Гүлден

7 в сыныбы Балмекеннің биі

 

Ойын ұлттық биден сайыс

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын
.