Тәрбие сағатының тақырыбы: Ақыл жастан

6 сынып

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:      Ақыл   жастан

Сабақтың мақсаты:                      Оқушыларды ақылды, әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың тәрбиелік мәні:          Оқушының міндеті мен имандылық ұғымын түсінуі.

Сабақтың көрнекілігі:                 «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» фотостенді, плакаттар.

Нақыл сөздер:                                 

  1. «Ақ көңілді жақсыдан

Аянбай салыс ортаға

Ақылы, ары тапшыдан

Қу сөзін алма қолқаға»

Абай.

  1. Кішіпейілділік — кісінің көркі.
  2. Ақылды қария — ағып жатқан дария.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз,    сынып жетекші.

  1. Жүргізуші.

Асыл  тастан

Өнер  жастан

Шығады, — деп – дарынды

Халық  айтса

Халық   сөзі

Әрқашанда   нанымды.

Бұл шындықты

Күнделікті

Көріп  жүрміз өмірден

Сан  мыңдаған

Жастар өсті

Өнер асқан жалынды

Жолын қуған

Сол шындықтың

Қабылдаңыз

Шын  жүректен

Сәлем  сізге  жалынды!

 

1-оқушы.            Адам баласы жолдастарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс-жақындығына, үлкен-кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай,  кішіпейіл, әдепті, ақылды болуы керек. Бұл  адамгершілік  борыш.

 

2-оқушы.            Адамдар  бірін  —  бірі   сыйлай  білулері   керек.

Сонда  оны   басқалар   сыйлайды.

 

3-оқушы.            Адамдар байқағыш, сезімтал,  көреген  болуы  керек.

Жеке  басты  ойламай,   көппен  бірге  болуы  керек.

 

4-оқушы.            Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына  қамқорлық  жасап,   оларға   жол    көрсете   білу   керек.

 

5-оқушы.            Олар кішілерге  ақыл  айтып,  ағалық  қамқорлық

жасауы керек. Кішілерге жол көрсету үшін үлкендердің өзі қандай болуы керек.

 

6-оқушы.            Үлкендердің өз басында олқылық болмауы керек.

Үлкендер әр ісімен  жастарға   үлгі   болуы  тиіс.

 

7-оқушы.            Кішілер үлкендерге бұрын сәлем беруі керек.

Сәлемдесуден  қашу  немесе  көрген адамыңды көрмеген боп өтіп  кету –

өрескел қылық.

8-оқушы.            Алғыс — ақ тілеу, ізгі ниет.  Алғыс – адам сезімі.

Оны тарптып та, сатып та алуға болмайды. Оған адам өзінің сыпайы мінезімен, әдептілігімен,  мінсіз  қызметімен, қоғамға  келтірген   ерен еңбегімен  ғана

ие  бола  алады.

 

9-оқушы.            Алғыспен ер көгерер, Жаңбырмен жер көгерер дейді халық.   Алғыс – асыл сезім. Оны ашып айтпай-ақ, көңілмен де білдіруге болады.

10-оқушы.          Адамдық борышың –

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ  жолдан айнымай

Ар  сақта оны біл.

Талаптан да білім  мен өнер үйрен

Білімсіз, өнерсіз

Болады  ақыл тұл.

 

11-оқушы.          Биікпін  деп мақтанба

Асқар — асқар  таулар бар

Ар  жағында аспан бар

Басыма бақыт қонды деп

Таусылмайтын  енді  деп

Алдаушы  жалған  дүниеге

Ғапыл болып азбаңдар.

 

12-оқушы.          Су қараңғы  көз-жетім.

Тыдамаған сөз-жетім.

Доссыз қалса, ер-жетім.

Оқылмаса кітап – жетім.

Ата-анасыз бала –жетім.

Қағазсыз қалам – жетім.

Ақылсыз адам – жетім.

 

13-оқушы.          Ақыл – адамды  аздырмайтын  ем.

Білім  – таусылмайтын  кен.

 

14-оқушы.          Адамның  басшысы – ақыл

Жетекшісі – талап

Шалғыншысы – ой

Жолдасы – кәсіп

Қорғаны – сабыр

Қорғаушысы – мінез.

 

15-оқушы.          Азаматпен дос бол

Қадіріңді біледі.

Білімдімен  дос бол

Қиналғанда  ақыл  береді.

 

  1. Жүргізуші:

 

Ақыл  туралы   мақал  —  мәтелдер   сайысы.

Екі   оқушы   шығып   кезектесіп   айтып,  жарысады.

Кім кідірсе, сол ұтылады.

  1. Ақыл — тозбайтын тон.

Білім  —  таусылмайтын   кен.

  1. Ақылды  қария   –  ағып  жатқан  дария.
  2. Кішіпейілділік – кісінің көркі.
  3. Балаң жаман  болса,  көрінгеннің   мазағы.
  4. Татулық – табылмас бақыт.
  5. Көп біл,   аз сөйле.
  6. Көп жасағаннан   сұрама.
  7. Ашу – дұшпан,   ақыл   – дос.

Ақылыңа   ақыл  қос.

  1. Жақсылардың үлгісі

Жанып  тұрған   шамдай

Шешендердің   сөздері

Ағып   тұрған   балдай.

  1. Өзің білмегенді  кісіден  сұра.

Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

 

  1. Ақылың болса арыңды сақта

Ар -ұят  керек әруақытта.

 

  1. Жүргізуші: Көркемсөз -оқу. Абай «Ғылым таппай мақтанба».

 

  1. Жүргізуші: Абай мен   Әбіш   әңгімесінен   көрініс.

 

  1. Жүргізуші: Сергіту әндері.

 

  1. Жүргізуші: ХХ ғасыр жастары.

а)  1900-1920. деп жазып,  қойшы   (киімімен сахнаға шығады).

 

Қой бағып жүріп, өтеді.

 

б)  1920-40. деп жазып қолына кітап,  кісен ұстап екі оқушы

 

сахнадан  жүріп, өтеді.

 

в)  1940-60. Әскер киімін киген бір топ оқушылар

“ Болмасын соғысты ” айтып, енді бір топ, егін егу науқанын

яғни тыңды белгілейді.

 

г)  1960-1980. Галстук таққан мектеп формасындағы оқушылар шығады,

«Ақкөгершін» әнін  айтып  өтеді.

 

д) 1980-2000.  Қара шалбар, ақ көйлек киген, папка, калькулятор, магнитафон  ұстаған   оқушылар   «Менің Қазақстаным»   әнін айтып өтеді.

ХХІ ғасыр деп жазылған плакаты бар шетел музыкасын сөйлетіп

бір  оқушы  қолында компьютері  бар ол өтеді.

 

  1. Жүргізуші. Міне, ХХІ ғасыр жастары  біздерміз.

Құрметті жастар ақылды да сабырлы Егеменді еліміздің азаматы болайық.   Батамен  ел  көгерер.  Үлкеннен   бата алайық.

(Қатысып  отырған үлкен  Ұстаз бата  береді).

 

                Қорытынды  пікір айтылады.