Менің балам психологиялық тест

117

Менің балам психологиялық тест

Қайсы бір анаға болмасын баланың орны бөлек. Ол үшін бар балалардың ішінде өз перзенті ақылды да талантты, әрі сүйкімді болып көрінеді. Солай бола тұра балаңыздың қай уақытта бұрыс кетіп бара жатқандығын, немесе өзге салаға бет бұрғанын байқамай қаласыз. Осы орайда 7-13 жасар балаларға арналған мына бір болжамға назар аударып көріңізші. Мүмкін, балаңыздың қандай нәрсеге әуестігіне көз жеткізерсіз. Ойлағаныңызға сәйкес келмесе, бекерге ашулана көрмеңіз. Себебі баланың аты бала, ол күннен күнге өсіп, өзгеріп отырады емес пе? Оның үстіне бұл болжам нақты ғылыми тұжырым емес, отбасындағы ойын немесе әзіл деп түсінуге болады. Дегенмен, өзіңізді тексеріп көрудің тағы бір жолы деп қабылдаңыз.

         Сонымен, қайтарылған жауаптарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруге тиіссіз. әрбір «Иә» деген жауабыңыз үшін 1 ұпай аласыз.

 

  1. Балаңыз бір заттың қолданысындағы өзгешілікті біліп қоя ма?
  2. Бір нәрсеге деген икемділігін өзгертіп отыра ма?
  3. Абстракті (дерексіз) суреттер салуды ұната ма?
  4. Өз қиялындағы бейнелерді қағаз бетіне түсіруге әуестене ме?
  5. Фантастикалық шығармаларды оқығанды ұната ма?
  6. Өз бетінше әңгіме, өлең шығара ма?
  7. Қағаздан әртүрлі бейнелерді қиюды ұната ма?
  8. Өзі білмейтін немесе түйсігінде жоқ заттарды қағаз бетіне түсіруге немесе жасап көруге тырыса ма?
  9. Жасаған заттарын өз талғамынан шығатындай етіп орындай ма?
  10. Қараңғылықтан қорқа ма?
  11. Жаңа сөз ойлап тапты ма?
  12. Ол сөзді түсіндірмесе де түсінікті деп қабылдай ма?
  13. Пәтердегі жиһаздарды, заттарды өз талғамына сай қайта орналастырғысы келіп тұра ма?
  14. Онысы орынды болып шыға ма?
  15. Заттардың қолдану аясын шатастыра алмай ма?
  16. Кішкентай кезінде қай заттың не үшін қажеттілігін білуші ме еді?
  17. Киім киерде өз талғамын сізге ескерте ме?
  18. Ішкі дүниесінде өзге түсінбейтін құбылыс бар ма?
  19. Түсінбейтіндеріне жауап іздей ме?
  20. Айналасындағы өзіне беймәлім құбылыстарды түсіндіруді жиі өтіне ме?
  21. Суретсіз кітаптарды оқуды ұната ма?
  22. Ойын немесе басқа да қызғылықты бейнелерді өз ойынан шығара ма?
  23. Түсін немесе өзінің көңіл-күйін айтып отыра ма?

 

 

 

 

Енді алған ұпайларыңызға қарай нәтижесіне көз жүгіртейік:

 

20-дан 23 ұпайға дейін. Балаңыз өте сезімтал. Айналасындағы құбылыстарға, көрген оқиғаларына өзіндік көзқарастары бар. Тек оған көмектесу керек.

 

15-пен 19 ұпайға дейін. Бала өз қабілетін кез-келген уақытта байқата бермейді. Өзі қызыққан іспен айналысқанда ғана әрі тапқырлық, әрі сезімталдық көрсетеді.

 

9-дан 14 ұпайға дейін. Асқан сезімталдық болған жерде әртүрлі құбылысқа өз көзқарасының болуы шарт емес. Дегенмен, творчестволық оймен шұғылдануына әлі де көп нәрсе жетпейді.

 

4-тен 8 ұпайға дейін. Өз мақсатына жетуге ұмтылғанда ғана творчестволық ой ұшқынын байқайды. Балаңыз практикалық іспен шұғылданғанды жақсы көреді.

 

4-ұпайдан төмен. Балаңыздың қиялы ұшқыр емес. Дегенмен, ол орындаушылық қабілетімен небір күрделі істерде үлкен табыстарға жете алатын болады.