Жақсы өмір сүру дегеніміз – мол ақша табу

116

Тақырыбы: «Жақсы өмір сүру дегеніміз – мол ақша табу».

Түрі: Пікірсайыс.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Көрнекілігі: плакаттар, мультимедиялық проектор.

Мақсаты:

Білімділік:  оқушыларға өмірге деген қателіктерге ұрынбау, өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат – мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылығының адам өміріндегі маңызы туралы өсуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Шығармашылық: оқушылардың өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі:

Сөз кезегін бүгінгі сайысымыздың жүргізушісі 9 «Б» сынып оқушысы Бөкенбаева Қымбатқа береміз.

10 сынып оқушылары арасындағы «Жақсы өмір сүру дегеніміз – мол ақша табу»  атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.

 

Күлдіріп тұрып жылатады өмір,

Көтеріп тұрып құлатады өмір.

Етегің толып еңіреген кезде,

Қайтадан өзі жұбатады өмір.

 

Үмітіңді үзіп түңіле көрме,

Құлатып тұрып, гүл атады өмір.

Уф деген желге дірілдей көрме.

Шыдамдылықты ұнатады өмір!…..

 

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, сарапшылар, оқушылар, пікірсайысшылар! Ашық пікірталас сайысына қош келдіңіздер! Озық ойлыға пәрменді пікірлі жастардың ашық пікір сайыс алаңы. Бүгінгі біздің талқылайтын тақырыбымыз: «Жақсы өмір сүру дегеніміз – мол ақша табу», яғни қазіргі замандағы өмір мен ақшаның өзара байланысы, өмірде ақшаның маңызы қандай? Оқушылардың нәтижелі және оңтайлы осы тақырып төңірегінде бүгін пікірталастыратын боламыз. Ал алдымен осы пікірталасқа кіріспес бұрын осы тақырып бойынша алдыңғы күні 2 сынып аралығында жеребе тасталған болатын. Сол жеребе бойынша топпен, топ мүшелерімен және сарапшылармен таныс болайық.

 «Жақтаушы» топ мүшелері

  1. Қамысбай Зада
  2. Амангелдин Айбек
  3. Екібаева Нұржауған

«Даттаушы» топ мүшелері

  1. Әбуова Нұржанат
  2. Әзімхан Адақ
  3. Жәрдемғали Жанаргүл

Сарапшылар:

  1. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұлтанова Зада.
  2. Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанова Ләззат.
  3. Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолдасқали Мөлдір.

Пікірталас шарттары:

1/ екі топ өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады, әр топқа  3 мин

2/ сұрақ-жауап кезеңі 2 мин

3/ парламентари 2 мин

4/ спикерлердің қорытындысы 3 мин

5/ сарапшылар сөзі

  1. Сөз кезегін оқушыларға берейік:
  2. «Жақтаушы» тобының спикері: Қамысбай Зада
  3. «Даттаушы» тобының спикері : Әзімхан Ардақ

Тыңдағандарыңызға рахмет.

3«Жақтаушы» тобының спикері: Амангелдин Айбек

  1. «Даттаушы » тобының спикері: Әбуова Нұржауған

Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

  1. «Жақтаушы» тобының спикері: Екібаева Нұржауған
  2. «Даттаушы» тобының спикері : Жәрдемғали Жанаргүл

«Сұрақ – жауап» бөлімі.

Олай болатын болса біз осымен ойынымыздың «сұрақ – жауап» бөліміне келіп көштік. Енді сіздердің тараптарыңыздан қарама – қарсы отырған бір – бірлеріңізге бір – бірден сұрақ қоюға мүмкіндіктеріңіз бар. Сұрақ-жауаптармен алмасады.

 

Олай болатын болса келесі сөз кезегін біздің үшінші тарап парламентари.

(Сөз сөйлеу)

  • Сіздер де өздеріңіздің ойларыңызды жеткіздіңіздер рахмет!

 

«Спикерлердің қорытынды» бөлімі.

Келесі сөз кезегі ойынымыздың сараптама бөліміне өтеміз. Келесі сөз Кендебаева Мереке сізге берілетін болады. Сіздің сөйлейтін уақытыңыз 2 минут, осы қорытынды да, сараптама да бүкіл ойынның өзіңіздің ұстанымыздыңды қорытындылайсыз.

  1. «Жақтаушы» тобының спикері: Қамысбай Зада
  2. «Даттаушы» тобының спикері : Әзімхан Ардақ

Тыңдағандарыңызға рахмет.

3«Жақтаушы» тобының спикері: Амангелдин Айбек

  1. «Даттаушы » тобының спикері: Әбуова Нұржауған

Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

  1. «Жақтаушы» тобының спикері: Екібаева Нұржауған
  2. «Даттаушы» тобының спикері : Жәрдемғали Жанаргүл

 

Сонымен біздің ойыншыларымыз өздерінің тақырыпқа қатысты пікірлерін, ұстанымдарын айқын, анық білдірді. Ендігі олардың ойын салмақтау сарапшыларға беріледі. Құрметті сарапшылар сөз кезегі өздеріңізде.

(Сөз сөйлеу)

«Ең шешен» сөйлеген топ – «                  » тобы.

«Ең тапқыр» сөйлеген топ – «                  » тобы.

Марапаттау.

Жүргізуші: Құрметті пікірсайысқа қатысушылар, сарапшылар, парламентари осымен біздің талқылаған тақырыбымыз тамандалды. Пікірсайысымыз осымен аяқталды. Біздер бүгін ортаға салған тақырып бұл «Жақсы өмір сүру дегеніміз – мол ақша табу» . Қолдаймын деп «Болашақ»  тобы, қолдамаймын деп «Бақыт» тобы өз ойларын айтты. Олардың ойын өз таразысына салу сіздердің еншілеріңізде әлбетте. Сонымен құрметті пікірсайысшы топтар, пікірсайыс дәстүрі бойынша бір – біріңізге сый – құрмет таныту мақсатында қол алысулыраңызды сұраймыз.

  • Рахмет! Орындарыңызға отыра қойыңыздар.

Еркебұлан Кенеханов «Өмір» атты өлеңі

Орындайтын 8 «В» сынып оқушысы Асанбаева Нұргүл

Өмір деген немене, өмір деген?.

Өмірімнен сан іздің жолын көрем.

Өмір жайлы ойласам кетем ұшып,

Жүзіп жүріп шабыттың көлінде мен.

 

Уақыттың десек те көне көші,

Өмір деген тұрады неден осы?!

Бұл фәниде бақ та бар, қайғы да бар,

Бар бұлардың мәңгілік ерегесі…

Өмір деген тұрады неден осы?

 

Өмір деген билік пе ел ұмтылған?

(Тақ табылмас әрине тегін тұрған)

Өмір мәні атақта дейді біреу,

Атағының барына сенім қылған.

 

Өмір мәні әлде көп байлықта ма?

Не қылмақпыз жоғалса ол тайқып қана?..

Оның дағы «буына» бас ұрар көп,

Қарар болар тәубемен қай құтқа да.

 

Аңдап көрсең тобадан тайған күйді,

Өмір мәні сауық, той, сайран дейді..,

Өмір мәнін онан да таба алмадым,

Еркі өзінде – тапса да қайдан мейлі…

 

Өмір деген сүю мен сезім бе екен?

Көрсетеді кейде ол да кезін бөтен…

……………………………………………

Бар екенін білемін бір ақиқат,

Етер жанға өмірдің өзін мекен.

 

Өмір,өмір…

Бар бұның аты көкте…

(Көкке қамдан,жұмағын ақыл ет те…)

Әр сағатын, әр күнін өлшеп берген,

Өмір деген дайындық ақыретке!..

 

Өмір – сынақ, кетпесін құрып халің..,

Не көрсең де — жүргенің қылып қамың…

Қам қылумен өтуде әр сәтіңіз,

Өмір деген — сол дағы..

Ұмытпағын!

 

Жарықта бұл билеп те, байып та көр,

Сауық та құр, қоймас-ты айыптап ел..,

Сезімменен өткізгін, құштарлықпен,

Жаныңды тек сабыр мен байыпқа бер.

 

Көзге де ілме тәкаппар қоғамды бұл..,

(Кете қоймас бұрылып одан ғұмыр)

Бақытты да іздеме,

Бақыт деген –

Адам болып жүргенің..,

Тобаңды біл!..

 

Өмір мәнін табады ерінбеген…

(Аттаналық сол жаққа сенімменен)

Өмір деген мәңгілік емес бізге,

Мәңгілікке дайындық — өмір деген!..

 

Бұл пікірталас сайысы біз жеңу үшін емес, ой жинақтап, тәрбие көру үшін пікір сайысамыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!