Сүт және сүт тағамдары.

543

Сүт және сүт тағамдары.

Сабақтың мақсаты:сүт және сүт тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Білімділік:төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері,соның ішінде сиыр сүтінен жасалатын тағамдар,оларды дайындау жолдары жөнінде түсінік беру.

Дамытушылығы:сүт тағамдарының адам ағзасына қажетті заттарды (амин қышқылдары) қамтамасыз ететіндігін білу.

Тәрбиелігі:сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйрену,сиыр малының дастарқан құты екендігін түсіндіре отырып,халқымыздың ежелден келе жатқан ата кәсібін жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы:

«Ата дәстүріне болайықшы біз ие».

Сабақтың түрі:саяхат сабақ,дамыта оқыту. Әдісі:топпен жұмыс,түсіндіру

Әңгімелесу,практикалық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік мал туралы буклет,осы төрт түлік малдың тек сүтінен даярланған тағам түрлерінен көрме,сабақтың эпиграфы,мақал-мәтелдер,сөзжұмбақ жазылған плакат.

Керекті құрал-жабдықтар:кішкене кастрюль,плитка,қасық,кесе.

Пәнаралық байланыс:тарих,биология,валеология,әдебиет.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендеу.

2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

3.Электрлі жүйемен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру.

ІІ.Өткен сабаққа шолу,пысықтау:

1)Тағамдық құндылығына қарай жармалар қандай топтарға бөлінеді?

2)Макарон пісірудің қандай жолдары бар?

3)Ботқа даярлаудың қандай ережесін білесің?

ІІІ.Жаңа сабақ.Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Сүт – дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам ағзасы      А,В,С,Д тобындағы дәруменднрмен қанағаттанады. Халқымыздың ең қажетті де,пайдалы тағамы әрі сусыны төрт түлік малдан өндірілетін сүт болып табылады. Жылқының қымызы,түйенің шұбаты,қой ешкі мен сиырдың айраны,құрты тамақ пен сусын болумен қатар әрі қайсысының денсаулыққа пайда келтіретін дәрілік қасиеті болған.

-Ал,балалар, «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» демекші,енді біз «Жайлауға» саяхат жасайық.

-Жылқы сүтінен не дайындалады,оның адам ағзасына қандай пайдасы бар?

-«Шұбат» деген не,ол қандай жолмен дайындалады?

-Қой мен ешкі сүтінің емдік қасиеттері,жасалатын тағам түрлерін білесің бе?

-Сиыр сүтінен қандай тағам түрлері әзірленеді?

-Ірімшік даярлаудың қандай түрлерін білесің?

-Ақ ірімшік пен қызыл ірімшіктің қандай айырмашылығы бар?

-Сары май өндіру жолдары қандай?

-Қатық қалай жасалады,ал құрт ше?

-Шалап сусынын әзірлеуді білесің бе?

-Кілегей мен қаймақтың айырмашылығы қандай?

Қаны аз,денсаулығы нашар,өкпесі ауырған адамдарға бие саумалы мен қымызы мың да бір ем. Қымызды күздегі тұнбасын сүзіп алып,дәкеге орап қорыттық сақтаған. Көктемге құлын қарақұлақ болғанда желі бау керіп,құлынды ноқталап байлап,бие сүтіне қорыттықты қосып ашытады. Әр бие байлаған үй ағайын-туыс,көршілерін шақырып,алғашқы ашыған қымызды бір-бірін шақырып, «қымызмұрындық» мейрамын өткізген. Ата-бабамыз сонымен бірге ұзақ сапарға шыққанда зөімен бірге алып жүру үшін құрғақ сүт дайындай білгендігін де археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған.

ІҮ.Сарамандық жұмыс.

-Ал,енді балалар,біз қазір айран ұйыту жолдарын айта отырып,айранды ұйытып көрелік. Оқушыларды екі топқа бөліп,ыдысқа сүтті жылытып,айранды ұйытып,жылы орап қоямыз. Айран ұйып жатқан кезде сиыр сүтінен қандай тағам түрлерін дайындауға болатыны сұралады.

1)Біз өткен сабақта түрлі жарма мен макароннан ботқа әзірлеуді өткен едік,енді осы ботқаны сүтпен қалай әзірлеуге болатынын білесіңдер ме?

2)Күріштен ботқа пісірген кезде қантты қай кезде қосады?

3)Сүт көженің пісірілу жолы қандай?

4)Ірімшіктен тұшпара жасауға бола ма?

5)Екі топтың ұйытқан айрандарының дәмін анықтау:не үшін ІІ-топтың ұйытқан айраны қышқыл болды да,ал І-топтың айраны тәтті болды,себебін өздеріне айтқызу. ІІ-топтың ұйтқан айранынан сарысу көрінбейді. Бұл сұраққа да өздеріне себебін айтқызу. Себебі,ІІ-топтың ұйтқан айранының дәмді,сарысуы аз бөлінгені,сүтті ұйытар кездегі температурасына байланысты. Егер сүт қатты ысып кетсе,ол ұйытқы қосқан кезде іріп кетеді де,айран қышқыл болып,одан сарысу да көп бөлінеді және сүттің сапасы ұйытқысына да байланысты.

Ү.Дәптермен жұмыс: «Қымызмұрындық», «іркіт», «мәйек», «ұйытқы», «қорыттық», «шалап» сөздерін дәптерлеріне жазғызу.

ҮІ.Сабақты бекіту. Біз енді ары қарай «Мақал-мәтелдер» еліне саяхат жасайық. Оқушылардан төрт түлік мал,оның қасиеттері жөнінде қандай мақал-мәтел білетіндіктері сұралады.

-«Мал басқсаң,әуелі өрісін тап»;

-«Далада бұзау емсе,үйдегі сүтке ти тиеді»;

-«Малды жисаң,қойды жи,қолың кетпес шарадан»;

-«Жылқының сүті шекер,еті бал»;

-«Ағайын тату болса,ат көп

Абысын тату болса,ас көп».

Осы салт-дәстүр,ата-кәсібімізге байланысты қазақтың ұлы ақыны Жамбыл атамыз:

-«Құтылғанда Шыңғыстан

Николай келді есіріп

Төрімізде жатты көсіліп,

Шұрқ-шұрқ жамбас тесіліп

Көгенім қалды шешіліп»,-деп халқымыздың қасіретін осылайша бейнелеген екен. Егемендік алып,ата кәсібімізді,салт-дәстүрімізді жаңғыртып,экологиялық жағынан таза,құнарлы тағамдарымызды жасап үйрене берейік.

ҮІІ.Сабақты қорыту. Сабақ бойы істеген жұмыстарын бағалау. Соңынан «Қазақтың дастарқаны» әнін айтқызу.

ҮІІІ.Үйге тапсырма:үйден ірімшіктен тұшпара жасау жолын үйренуді тапсырамын.