Ән мен сән шеруі

77

             Қалтай Мұхамеджанов атындағы

                          №1  мектеп- гимназия

 

Эстетика пәндері апталығы

 

 

 

Ән мен сән шеруі

 

Түрі:  сыныптан тыс жұмыс

Пәні:  технология, музыка

Мұғалім: Ешпанова Л., Ешпанова Б.

 

 

 

Қызылорда  қаласы, 25 сәуір, 2013 жыл

  Талаптыға нұр жауар

Сайыстың мақсаты:

оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, игі сат, озық дәстүрлерді білу, әдептілік, инабаттылық, әншілік және бишілік өнер секілді асыл қасиеттерді бойына сіңіру.

Бағдарламада:

  1. «Ән – көңілдің ажары». Әншілік өнер.
  2. «Би әлемінде». Би өнері.
  3. «Сән мен сымбат жарасып». Сәндер шеруі.
  4. «Ақылдылық аруға жарасады». Білім сайысы.

 

Мұғалімнің сөзі:

  • Армысыздар, бүгінгі кешімізді тамашалауға келген ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларІ

«Талаптыға нұр жауар» атты ән мен сән шеруімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

«Өнер-таусылмас қазына, жұтамас байлық» дегендей, біздің мектебіміздің өнерлі оқушыларын қарсы алайық!

 

Жүргізуші:

Бастарына қонсын дәйім бақ құстары,

Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.

Ұзақ ғұмыр, қуаныш пен нұр сыйласын,

Өмірдің тыншымайтын ағыстары, — дей отырып, «Ән – көңілдің ажары» атты әншілік өнер сайысына шақырамыз.

 

Жүргізуші:

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырам әділқазы алқаларын.

 

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, біреуі ән салыпты.

Осы бір сайыстардан бәйге алуға,

Барлығы аянбай-ақ  жан салыпты. – деп ақын жырлағандай, келесі сайысымыз  «Би әлемінде» деп аталады. Ал кәне, бишілерді қошеметпен қарсы алайық!

 

Жүргізуші:

Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын,

Өзімізше өзгеріп сән құрамыз.

Бұл сайыстың келесі кезеңінде,

Сән шеруін көрсетсін аруларым!

Сонымен,  «Сән мен сымбат жарасып» атты сәндер шеруін тамашалайық!

 

Жүргізуші:

Ақылдылық аруға жарасады,

Көзі ашыққа кім бүгін таласады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білім мен парасаты, — дегендей, «Ақылдылық аруға жарасады» атты  әр сыныптың білімділерін ортаға шақырамыз.

Слайд арқылы берілген суреттерге тез жауап беру.

  1. Ұлттық киім: шапан
  2. Жіп иіретін құрал: ұршық
  3. Зергерлік бұйым: шолпы
  4. Малдың төлі: қозы
  5. Тігінші құралы: қайшы
  6. Музыкалық аспап: қобыз
  7. Домбыраның бөлшегі: тиек
  8. Түгі алынған тері: күдері
  9. Асықтардан тұратын аспап: жетіген
  10. Қыз баланың киімі: тақия

 

 

Жүргізуші:

«Өнер, білім,  еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз,

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз»,- дей келе қазылар алқасына жеңімпаздарды

жариялауды сұраймыз.

 

Жүргізуші:

Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,

Қазақтың қара көзді бауырларын.

Тәммадайық осы кешті шеруімен,

Өнеріне табынтқан өрендердің!