Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке» атты ашық тәрбие сағатының жоспары

127

Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке» атты ашық тәрбие сағатының жоспары  

      

 Сабақтың  мақсаты: оқушылардың туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар, үнтаспа, бейнеклип.

 

 

Мұғалім:

 — Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де,  ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі — ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында.  1986 жыл ,

16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан  қаралы да, қасіретті күн еді.   

           

     Слайдтар топтамасы көрсетіліп («Желтоқсан желі ызғарлы»),

 Жұмаш Кенебаевтың өлеңі оқылады.  

  Көрініс:

Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.

  • Қыздар, мен газет әкелдім
  • Қане, не жаңалық бар екен?
  • Пленум болыпты.
  • Қонаевты орнынан алды дейді.
  • Онысы несі?
  • Орнына кім болыпты?
  • Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
  • Қазақтан-ақ біреу қойсашы!
  • Т.б.

Жастар шуласып кетеді.

  • Пленум шешіміне қарсымыз!
  • Әр ұлтқа өз басшысы!
  • Колбинді әкетсін!
  • Қонаевтің өзі сөйлесін!

Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамдарды ұстап алады.

  • Қайрат!
  • Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.

Қайратты тергеуге әкеледі.

 

Үнтаспада Эннио Морриконенің «Ветер, плачь» музыкасы қойылады.

 

Батырхан: «Қайрат деген атым бар».

 

Жанар: «Ар, намысым, қасіретім –Желтоқсан!»

 

Гүлнұр: «Бір уыс шаш».

 

  Алтынбек:

Мұз жастанып азаттықтың жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.

 

 

Анель:                                   Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

 

Бейнеклип: Ә.Тінәлі «Желтоқсан желі».

Мұғалім:

 

  • Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.

А.Еңсеповтің «Ұлттық күйі » қойылады.

Жанар: «Тәуелсіздік»

Айсұлу: «Тәуелсіздік монументі»

Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,

Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.

Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,

Мұндай ұлы монументті салған ел.

Алтын адам – ата-бабам көзі бұл,

Қанаттанып жауға шапқан барыстай.

Келешекке құс боп қанат қақты Адам,

Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!

Тәуелсіздік монументі алдында

Қазақ болып туғаныма мақтанам!

 

Тілекберген:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге  өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

 

 

Гүлнұр: М.Шаханов «Төрт ана»

 

Гүлмира:

-Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз  тоймас  асқар шыңды  таулары, айдын  шалқар  көлдері, жайыла  аққан  өзендері, ормандары — осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш  жайып, жайнай  түрленіп, жасанып-жасарып жатыр.

«Отан отбасынан  басталады» — деп  халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық  дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

 

Гүлжайнат:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

 

Әсел: «Бақыттың кіндігі — Отан».

 

Гүлжан: Ш.Мұртаза «Жаңа жылда жарылқай гөр…».

Мұғалімнің қорытынды сөзі: слайдтар бойынша Қазақстанның қазіргі кездегі жетістіктері туралы баяндап, ел тарихын білуге, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндеу.