Конференция сабақ биология “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”

107

Конференция  сабақ биология

 “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”

Мақсаты: оқушыларға тесекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ-ның қазіргі таңдағы азаматтың басты мәселесі екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты аңғарту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана- сезімдерін дамыта түсу.

Көрнекілігі: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық кітапшалар, нақыл сөздер.

 

Кіріспе.

1- жүргізуші: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға келген қауым!

 

2Ж: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі конференцияға қатысатын қонақтармен таныстырып өтейік. Слайд-2

Конференцияға қатысушы маман иелерін таныстыру:

  1. Таришы маман: Тарих ғылымының кандидаты, доктор Сахипкерева Әсел
  2. Биолог маман: биология ғылымының профессоры Талшын
  3. Дәрігер маман: алматы қаласының №17 емханасының бас маманы Жансая
  4. Социолог маман: Нұрақынова айгерім
  5. Химик маман:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің професоры Химия ғылымының докторы Мусабекова Динара
  6. Қаржы бөлімінің маманы: Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы Талғатқызы Әсем
  7. Психолог маман: Әкімбек Гүлім
  8. Спорт-туризм саласының қызметкері: Пазылбек Балауса
  9. Заң қызметкері: Сариева Ардақ

1Ж: осы отырыста сіздерді ойландырып, толғандырып жүрген мәселелерге толық жауап ала аласыздар.

2Ж: Алдымен «Ғасыр дерті» дене не? Сол сұраққа толығымен тоқталып өтейік. Сіздерден маман иелері қандай жауаптар болады екен?

Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз- қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен тарап ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, ЖҚТБ мәселелері. Ендеше алдыңғы кезектің зиянына тоқталайық.

Көрініс темекі мен гүл

Ортада әдемі гүл,әдепсіз темекі гүлді қағып өтеді.

Гүл: гүлге неге жол бермейсің,

Басқа әлемнен келгендейсің?

Амандасу – бізде дәстүр,

Сен өзіңді кіммін дейсің?

Темекі: Америка материгі,

Аралында Гаити, провинция Тобаго

Дүниеге келіппін

Түстің бе енді сабаңа?

Содан бері ел аралап,

Мен тыныштық таппадым

Сен сияқты гүлдердің

Қаншасын мен таптадым

Гүл: адамдарды түсінбеймін

Сенімен дос болған

Атам қазақ сен сияқты

Жауыздармен қас болған

Темекі: алғашында адамдарды

Жаулап алдым ақырын

«Бас ауруын жазамын деп»

Соқтық өтірік батырын!

Гүл: о Тобаго Тобаго

Адамдарға жауыздықпен қарама

Денсаулықпен таза өмір

Бақыт керек адамға

Түсінсеңші айналаға қара да

Темекі: асықпа кел дос болайық

Айырылмастай қос болайық

Досқа қәзір зәрумән

Америка елінде

Менің туған жерімде

Темекіге тиым салып

Қудалауда мені де

Гүл: мен шылымқор емеспін

Қоштасайық егессіз

Адамдарға сенемін

Боласың сен керексіз

Алдаңбаңдар аярға

Темекі сені аяр ма?

Оған қарсы күрес баста

Аянба дос аянба

Гүл қуанып әнін айтып сахнадан шығып кетеді.

Темекі саханадағы адамдарға жыланышты халмен кетіп қалады.

1Ж: ия осы көріністен түсінгеніміз бірінші ортадағы қарастыратын мәселеміз  «Ғасыр дерті» ол темекі

І бөлім “Темекі”  слайд-6

 

  1. Бұл отырған – шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды «тоқтат» деген тіліңді.

Қой десеңде қоймайды, көк түтінге тоймайды

Сора – сора уыты өн бойына жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды.

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.

2Ж : бұл тыңдағандарыңыз – шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма?

Сол туралы болмақ……………

1Ж темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамдаға шылым шегу жараспаған. Бұл кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген?

  1. Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі ұағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады, тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97 өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.
  2. Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80 ы – темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруларына шалдыққандардың өлімі-20. Қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім – 30, өкпе рагы 90 темекі зардабынан болады.
  3. Тарихшы маман: темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегугеқатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда дер көрінеді» деп айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлаған. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен. Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростарына достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккізген».
  4. Биолог маман: биология ғылымының профессоры Талшын

Темекі алқа тұқымдас класына жатады. бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Авсралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грмында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, өліп қалады.

Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі.

Дүнижүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстан жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.

2Ж: адам үнемі білуге құмарланып тұрады ғой. Менің сұрағым дәріген маманға: Адам алғаш темекі тартқанда қандай күйге болады? Бұл әдетті бірден тастап кете ме,жоқ әлде әдетке айнала ма?

Дәрігер маман: Темекі түтініндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми жасушаларына жетеді де уақытша белсенділігі артады. Басында әуес көріп тартқан адам өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады да, бір жыл ішінде нағыз шылымқор болады. Тез арада темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушың күй кешеді.

1Ж: мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыртатынын біле тұра адамдар неге темекі шегеді? Бұл туралы социолог маман қандай ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

Социолог маман: Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, күйзеліс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.

2Ж: Химиялық зерттеулер бойынша темекінің ағзаға тигізер қауіптілігі жөнінде білу үшін келесі сөз кезегі химия маманына берсек.

Химия маман: Темекіні сорғанда оның

Ұшында температура 60-90 градусқа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиянды қосылыс түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунт ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеліп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг деін никотин қабылдайды. Темекі түтінінде басұа да улы заттар бар: 20 жыл ішінде өспеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ғана сүзгіде қалады.

1Ж: енді біз әйелдер арасындағы темекі шегішілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Қазір қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы дәрігер маман не айтасыз?

Дәрігер маман: әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян келтіреді. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.

2Ж темекі шегуді қалай қоюға болатыныда айта кетерсіз……..

Дәрігер маман: темекіні қоюдың әр түрлі тәсілдері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен айырылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты.

1Ж: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.

Уланған темекіден қайран қыздар.

Тартқанда қыз-келіншек денең мұздар

Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға

Көргенде осындайды жүрек мұздар

Азаматтар!азаматтар

Келе ме емін білгіңіз

Ашсам ба сырын әлде шын

Мәлімдеймін азаматтар мен бүгін

Темекіні тастаңдар!!!!!

Тақтаға сызба сызады оқушы шығып

 

ІІ бөлім «Арақ»

1Ж: 29-қазан –алькогольден бас тартудың дүниежүзілік күні. Ішімдік адам баласына еш абырой әкелмейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі-мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып құмарту. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, психикалық ауытқушылық құбылысы дами бастайды.

2Ж: арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян: отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар. Балаларды оқытып-тәрбиелеуге, бірқалыпты жағдайлардың  болмауына арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдіктің 20 пайызы-арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 пайызы мас болған жағдайда жасалады.

 

Арақ алдап, сыра жалмап жер үстін,

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамының жүрегі айналып лоқсиды

Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

 

Ішсең қисаңдап жүресің,

Ретсіз ыржыңдап күлесің

Ар-ұяттан айырыласың

Оны өзіңде білесің№

 

Біле тұра ішесің

Өз кебініңді өзің пішесің

Ұрлық та жасайсың

Түрмеге де түсесің

 

Тоңсаң мені іш, жылынасың

Қайғырғанда іш, пәлеге ұрынасың

Ұялшақсың ба іш батыл боласың

15 тәулік айықтырғышқа қонасың

Мен болдым ғой жексұрында, жауыз да.

Арақ өзі құйылмайды ауызға

Әділетін айтыңдаршы, ағайын

Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?

ІІІ Бөлім Нашақорлық

1Ж: «Адам азса, заман тозады» дейді халқымыз. Темекі мен арақтың қасіретінен арыла алмай жүрген «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей жастарымыз енді есірткіге бой ұра бастайды. Наркомания – грек сөзі, оның аудармасы «ЕССІЗДІК». Ол туралы тозаққа апарар тура жол дейтін анықтама да бар.

2Ж: өздеріңііз білетіндей нашақорлық біздің өміріміздің ащы шындығына айналды. Осы айтқандардың дәлілі ретінде мына бір жанныі өз өмірі жайлы әңгімесе назар аударайық.

1-кейіпкер: Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып үйдегі төрт баланы асыруға шамасы келмеді кей-кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ертеқартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгілі кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалар мен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалыппын. Менің түрімді көріп әке-шешемнің тіпті ұнжірғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабынан шыдай алмай көз алдымызда көз жұмды. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүргенде қолға түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді аман-есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.

1Ж: Маман иелері ойланып көрініздерші, кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?……

         Егер нашақорлыққа тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңіздер, екенші кейіпкеріміздің хатын оқып көрелік………….

2-кейіпкер: менің ата-анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызыға қарайтын. Қалтамда үнемі ақша жүретін. Ата-анам басқа жерлерге сапарға кеткенде өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан-кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір –екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ашаға наша сатып алдым. Содан мен де ақша барын білген олар өздері үйге әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарылатуды шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей «ТАУАРСЫЗ» қалдым. Есімнен танып құлап қалғанымда барып баласының нашақор екенін білді. Қазір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтіп оралмаймын деп ойлаймын.

1Ж: екінші кейіпкеріміздің нашақорлыққа ұрыну себебі неде деп ойлайсыздар?

«Біреу тоңып секірсе, біреу тойып секіреді», екі адам, екі түрлі тағдыр. Біреуі тұрмыстың нашарлығынан, екіншісі ерікенен нашақор болды. Бұдан біз нашақорлықтың түп тамыры тереңде екенін көрдік.

2Ж: енді өздеріңізге мынандай сұрақ: Біздің елімізде нашақорлық неліктен етек алуда, соған жауап беру үшін ойларыңызды жинақтап, сызбаны толтыруларыңыз  сұралады.

Тақтаға сызба толтырылады.

 

1-желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ-ға күрес күні. Бұл күн жапа шегушілерлің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы.

 

Жамандық аяқ астында, жақсылық ағаш басында демекші, әсіресе он екіде бір гүлі ашылмаған жас ұл-қыздарымызға ересектердің аялы қамқоршылығы керек.

Албырттықпен, аңқаулық, дүниеге періште кқзбен қараушылықтан қасірет шегуше болады. Соның айғағының бірі кәзір оқылатын хатта анық байқалған:

 

От басқан қыздың айтары: Есті біреу маған «Көп ойнақтама, от басасың» десе, Ақыл айту оңай, өмір сүру қиын, басымды көп қатырма деп тәкаппарлана күлер едім бұған дайін.

Енді бір сәттік жан ләззатының, қымбат киімнің, шытырлаған доллардың денсаулықтың алдында дәрменсіз екеніне көзім жетіп отыр.

Ойсыздық, ішкі дүниенің көргенсіздігі ЖҚТБ ауруын серік еткен. Енді міне, көңіл-күйім, бүкіл санам, тәнім башпайыма деін сықарлайтындай. Жаным тәтті. Осы жазылмас детке ұшырағанда өмірдің қымбат екенін білдім. Бірақ аса мән береіп жатпадым. Қызық думан, қалтасы қалың, беті жылтыр серілермен өткізуді қаладым. Дауасы жоқ детті болдым деп баянсыз дүниеден бес тартпақ емеспін. Ең болмағанда аз ғана ғұмырымды адамшылдықпен өткізуге бекіндім.

Менің мінезім күрт өзгерді. Әлемнің болмысын ашқандай бұрынғы сылық-сылық күлкім тйылды., қара нан мен шайды місе тұтып, кешкісін бір мекеменің еденін сыыратын қара қыз ккөз алдымда бақытты жанға айнадғандай.

Бұрын менсінбей, оның арманға толы сырына тыржия күлуші едім. Қатты қателесіппін, көкірек көр соқыр, санам тас түнек болғаны ма? Әттең, тарих дөңгелегін кері айналдырар ма еді? Тек айтарым: Қыздар –ау, алдамашы сезімнің жетегінде кетпей абайлаңыздаршы? Көздерінді ашыңдаршы әттең әттең …………..

От басқан жасөспірім: иә, менде қыз-қырқын, кафе-ресторан, зулаған машина, басқаны көзге ілмей, үлкеннің айтқандарына құлақ аспай, осы дертке ұшырағандардың бірімін. Өз қолымды өзім кесемін бе? Асқар таудан әкемді, аялы алақанды анамды уайымға батырған отырысым мынау. Кешір, әке! Кешір ана!

1Ж енді осы тақырып жөнінде мамандармен ой бөліссек

Қалай ойлайсыздар ЖҚТБ ауруына ем барма, оны емдеу керек пе, әәлде жазалау керек пе?

Қаржы бөлімінің қызметкері: мен ЖҚТБ-мен ауыратындарды емдеуге қарсымын, өйткені ол-жазылмайтын дерт. Оны емдеп қардыны босқа шашқанша, басқа пайдалы нәрсеге жұмсау керек. 1 адам-7 адамға , ол 7 адамның әрбіруі тағы 7 адамға жұқтырады екен, яғни геометриялық прогрессия заңы бойынша көбейе береді екен, жазықсыз адамдар неге ауырыуы керек?

Психолог маман: ал өздеріңіз айтыңыздаршы, мектептерді компютерлендіру басталғанда бізге «Тез осылай компютер келе қояды» деп ойладыңыздар ма? Егеменді ел болғалы елімізде қаншама өзгерістер болып жатыр. Демек ЖҚТБ ауруының да емі табылады. Сондықтан ем табылғанша адамдарға көмек көрсету керек.

Бұл тақырып бойынша спрот-туризм маманы не айтады екен:

спрот-туризм маманы: бос уақытымызды пайдалы істерге арнаңыз: спротпен шұғылданыңыз, мәдени шараларға қатысыңыз. Сонда сергек жүресіз және осыны өзіңізден талап етуіңіз қажет.

Бұл дерт екі жолмен жұғады екен және соны құпия сақтағанымыз дұрыс па?

Заң қызметкері: құпия сақтау дұрыс емес деп санаймын. Оны ешкім білмеген соң одан сақтану оңай емес. Құпия болған соң жазасы да құпия болмақ.

2Ж: ойларыңызды қорыта келе айтатын болсақ, адамдардың ерік-жігері мықты болуы қажет. Бұл ауруды құпия сақтауы қажеті жоқ. Құпия нәрсе көбейген сайын қылмыста көбейе түседі.

«Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ» дегендей құлағанды демеп, жылағанды жұбату-адамдық парызымыз! Ол адамңға күш береді. Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам әр он күн сайын өзіне есеп беруі керек» ең бастысы адаспайық!!!

1Ж: «Адамар неге есіреді?» есіретін есірткіні қайдан жасайды? Деген сұрақ тууы мүмкін.

Есіркінің біразын көкнәр деген шөптен жасайды. Көкнәрдің көз жасын ішкен адам өмір бойы жылап өтеді дене сөз бар халықта.

 

Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің

Шірітіп алыпсың біразын

Ғаламат қымбат жемістің

Инемен таза денеңді.

Тесіге неге келістің?

Кқк түтінмен уланып

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат

Ару меңдеп құлайсың

Дәрігерлерді мазалап

Не үшін енді жылайсың?

 

Жас жеткіншек! Өздеріңе өлер кезде айтып кету парызым

Ауырсаңдар бұл кеселмен, дәрігерде бере алмас қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ онда әлсіз өліксің

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жолмаңдар сол үшін

Енді бүгінгі конференцияда көтеріп отырған ғасыр індеттері темекі, арақ, нашақорлық, әәсіресе ЖҚТБ тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап алу арқылы сіздермен ой бөліссек.

1-сұрақ; ЖҚТБ қандай сөздерді құрайды?

(жұқтырған қорқыныш тапшылығының белгісі)

2-сұрақ; АҚТҚ қандай сөздерді құрайды?

(адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы)

3-сұрақ; бұл аурудың қоздырғышы не? (вирус)

4-сұрақ; бұл аурулар неліктен қорқынышты деп ойлайсыңдар?

(ауруларды және вирусты жұқтырған адамдарды емдеуге дәрі-дәрмектің түрі жоқ)

5-сұрақ; ЖҚТБ-ның жұғу жолдары

(жыныстық жолмен, қан арқылы, ана сүтімен)

6-сұрақ; ЖҚТБ-дан өлмеудің бірақ жолы бар, ол қандай?

(вирусты жұқтыртпау)

7-сұрақ; ЖҚТБ-ға ұшырағандарың негізгі ошағына айналған қандай қалалар?

(қарағанды, теміртеу, алматы)

8-сұрақ; КВИЛИТ дегеніміз не?

(ЖҚТБ-дан қаза болған жақындарының рухына арнап матаға тіігілген ескерткіш сурет. Ең алғаш оны 1987 жылы американдық Клив Джонс досы Марк Дельдманға арнап тіккен.)

9-сұрақ; дүниежүзілік алькогольден бас тарту күні деп қай күн белгіленген

(29 қазан)

10-сұрақ; Еуропада темекімен күрес қай ғасырда басталды: 17 ғасырда

11-сұрақ; мына сөздердің мағынасын қалай түсінеміз…………..

 

Шылымқор өзін ғана емес

Өзгелерді де улайды.

 

Арақ ішіп, темекі шеккен

Денсаулықтың түбіне жетеді

 

Өтпейтін өмір жоқ

Сынбайтын темір жоқ

 

Емнің алды – еңбек

 

1Ж: осымен бүгінгі конференциямызды оқушылардың ЖҚТБ дертіне қарсы өлең жолдарымен қорытындылаймыз.

 

2Ж: бес нәрседен қашық бол, жақсы болам десеңіз: жалқаулық, жамандық, жасандылық, жайбасарлық, жағымпаздық.

 

1Ж: бес нәрсеге асық бол, адам болма десеңіз: жылдамдық, жүзгіштік, жинақылық, жүйріктік, жасампаздық.

 

2Ж: бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз: ішімдік, нашақорлық, ұрлық, зорлық

 

1Ж:бес нәрсемен дос бол адам болам десеңіз: кісілік, ізгілік, ізеттілік, ілім, ғылым.

2Ж: конференциямызды аяқтай келе барлық мектеп оқушыларына үндеу тастаймыз

 

Үндеу

Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылаққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттен, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан-дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.

Ар-намысыңызды биік ұстаңыз. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп өткізу сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана қзгелердің теріс әсерінен бағынбай өзін сақтай алады.

Денсаулығыңыз мықты болсын, спротпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз, өйткені сіз- тәуелсіз еліміздің болашағысыз.