Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақтар кездесуі

87

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақтар кездесуі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  Ұлы Отан және Ауған соғысына қатысқан жауынгерлеріміз туралы мағлұмат беру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұлт жандылық сезімін ояту.

Сабақтың түрі: кездесу сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекілігі: Фото шежіре, қанатты сөздер, буклеттер, слайдттар.

Барысы: 1. Ұйымдастыру

  1. Тәрбие сағатының мақсатын қою.
  2. Ардагерлермен сұхбат.
  3. Көрініс
  4. Ойтолғаныс.

1 жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те Гитлер әскері тұтқиылдан шабуыл бастады. Кеңестер елімен соғыспау туралы жасалған шартын опаздықпен бұзды. Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ жау ұшақтары кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбалады. Осы күшпен отанды қорғау соғысы басталды. Бұл сорапыл соғыста Қазақстандықтардың да қосқан үлесі аз емес. 1945 жылы 8 мамырда фашистік Германия жеңілгенін толық мойындады. 9 мамырда ержүрек кеңес жауынгерлері тіккен алқызыл ту Рейхстаг төбесінде желбіреп тұрды. Ол кеңес халықтарының ұлы ерлігі. Ал одан берідегі 1979 ж-1989 ж аралықтарындағы Ауған соғысы да біздің Кеңес Одағының көптеген жанұясына қайғы-қасірет әкелді.  Бұл соғыста біздің әке-ағаларымыз өздерінің интернационалдық борыштарын өтеуге аттанған.

1-оқушы: Күнім өшпей тұрғанда,

Гүлім солмай тұрғанда,

Ұлы байтақ отаным,

Дұшпан баспас бұл маңға .

Өтеледі парызың,

Келер күнге сен бабам.

Жыламаған ешқашан

Бірінші ұрпақ мен болам,

дей отырып балалар соғыс көрмей, бейбіт өмір сүріп отырған үшінші ұрпақ біз, бұл күйге жеткеніміз біздің бүгінгі қонаққа шақырып отырған ата, ағаларымыздың арқасында бүгін бізде қонақта Ұлы Отан соғысының ардагері: — Ахмедиев Өмірбай Ахмедиевич және Ауған соғысының ардагері: Сыздықбаев Әлімбай

2-оқушы. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстанда 14 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 6 бригада , 2 авиаполк 24 арнайы бөлім құрылып майданға аттанды.

Қазақстандықтар Ленинградты, Мәскеуді, Украина даласын, Белоруссияның орманы мен көлін, Кавказдың қарлы шыңдарын, Еуропаны басқыншы жаудан қорғауда кеудесін оққа  төседі, жанын қиды. Берлинге дейін барды. Қазақстанда жасақталған бес дивизия гвардиялық деген құрметті атақты иеленді.

Қазақстандық  316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбінде генерал-иайор И.В.Панфилов пен 28 қазақстандық жауынгерледің ерлігі тарихта мәңгі қалды. Халқымыздың қаһарман ұлы Б.Момышұлы кеңес одағының батыры М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров. Шабуылшы ұшқыштар Т.Бигелдинов, Л.Беда,                                                                                                                                                                                                                                                                , Луганскийлер 2 реттен кеңес одағының батыры атанған. Б.Бейсекбаев, И. Абдировте аспан соғысында өрт шалған ұшағын жау танкілерінің үстіне құлатып, қаһармандықпен қаза тапқан. Шығыстың қос аруы атанған Әлия мен Мәншүк ерліктері бүгінде баршаға аян. Ал Хиуаз Доспанова – қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш ұшқыш. 300 рет әуе шабуылына шығып, Берлинге дейін барған. Хиуаз апамызға 2004 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.Еуропаны азат етуде және Берлин үшін шайқаста С.Нұрмағанбетов, Х. Көбіков т.с.с. қазақстандықтар қатысты.Р.Қошқарбаев, Р.Булатов Рейхстапта Жеңіс туын желбіретті. Ұлы Отан соғысында Қазақстаннан 497 жауынгер кеңес одағының батыры атағына ие болды.

1) Көрініс «Жеңіс»

(Дина Нүрпейісованың “Жеңіс” деген күйі орындалып тұрады.)

1941-1945 жылдар адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Қан сасыған сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. 700мың адам еңбек армиясының соғысында болды.

(сәл пауза орнап, Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері интерактивті тақтада)

Ортаға басын дәкемен таңып алған жігіт шығады; (гуілдеп соққан жел, зеңбірек даусы, мылтық даусы)

Жаралы жігіт сөзі:

Барамын тартып батысқа,

Жортуыл, қырғын, түн қату

Өлтіру, өлу атысқа!

Жігіттің жігіт болғаны,

Жаудан елін сақтаса.

Жау шапқанда еліне

Қояндай бұғып қашпаса,

Атой сап жауға кіремін

Ұлы Отаным, сен үшін!

Менің жаным Отаншыл

«Елім!» деп өлем өлсем де

О, сүйікті, Отаным!

«Балам» деп көм ,көмсеңде

(қолындағы гранатасын лақтырып жатып, оқ тиеді де құлау керек)

(Сол кезде – алыстан көрінген Ана бейнесі )

Өсіріп пе ем мен сені,

Майданда үнсіз жатсын деп.

Қарсы шықпай жауына

Жерге бетін бассын деп,

Тұр, құлыным көтер басты!

Елің үшін туғам сені

Болса-дағы көзім жасты

Неге, әкелдім сендей ерді

Тұр, орныңнан, қорға елді!!!

(жігіт қайта тұрып, немістерге қарсы  граната лақтырып тұрып)

Ант еттім де қорғадым мен

Жасқанбай-ақ жауымнан

Көргенім жоқ бой алдырып

Бүгілмедім, ауырдан

Бақытына мызғымайтын

Тас қамал боп қаландым

Сақтап қалам елімді мен

Сенімін ақтап анамның.

(Уралаған дауыстар шығып «Жеңіс Күні» әні шырқалады)

3-оқушы

Біз Отанның Солдаты

Сол бір күннен көрдік Отан дидарын,

Әрі әке,әрі аға туысқан.

«Біз Отанның солдатымыз»! – деп шырқап,

Тұрдық біздер,

Кеудемізден күй бұрқап.

Жер елжіреп, бақыт жырын жырлады,

Жаһан турды тына қарап, таңырқап.

Шығыс бардық,

Шымқай қызыл ту алып.

Тұрды орнынан миллиондар қуанып

-Жоғал – дедік- «күннен туған құдайлар»»

Ұлы Мұхит қалмақ емес  суалып

Мұңды  қиған,

Қайқаң белің қайысқан,

Сені таптап, жер қылмақшы қай дұшпан?

Сен қалап па ең Ұлы Қытай Қорғанын

Тай тауында тайтаңдай, Тай дұшпан!

3- оқушы:     Ұлы отан соғысындағы   негізгі  тарихта қалған шайқастарға тоқталу                  ( интерактивті тақта  )                                                                                                                                                                                                                                                                                                 4- оқушы:1979 жылдың 29 желтоқсанынан 1989 жылдың 14 ақпанына дейін 10 жылға созылған бұл Ауған соғысы Кеңес Одағының халқына талай жанұясына қайғы қасірет әкелді.Бұл соғыста  Кеңес Одағынан  40-армия, 4-дивизия, 5-жеке бригада 4-полк, 4-авиация полкы, 3-вертолет полкы, 2-материалдық бригада және т.с.с. бөлімдер қатысып,620 мың әскери жауынгер,90 мың КГБ жауынгерлері,5 мың МВД жауынгерлері,21 мың жұмысшы,Совет Армиясының 525 мың жауынгерлері қатысты.Бұл соғыста Кеңес Одағы 14453 жауынгерлерінен айырылды. Жоғалғандар саны 417 адам, 119 тұтқынға түскендер ,олардың 97 Отанға оралғандар,ал 22 басқа мемлекеттерге кетіп қалғандар. Ауған соғысында  Қазақстан бойынша қайтыс болған жауынгерлердің саны761,

21 жауынгер жоғалған. Бұл адамдар Отанның  бұйрығын әскери антын орындаған жандар. Отанын ,анасын, елін сүйген жандар . Көп-көп рақмет сіздерге !

5-оқушы:

Көрдік  қой соғыс  дауылын,

Кешттік қой  от пен жалынын.

Жас ұрпақ сенбес өзгеге,

Өзгелер айтқан  сөзге демекші.

Отты жылдар беттерінен сыр шертуге келіп отырсыздар.

Құрметті ардагерлер сіздер соғысқа аттанған кездегі сезіміңіз? Және ол кезде сіз неше жаста болдыңыз?

7- оқушы:Сіз соғысқа кетіп бара жатқаныңызды білдіңіз бе?

8-оқушы: Сіздің ең алғашқы жасаған ерлігіңіз ,сіз қайда, қай фронтта соғыстыңыз?

9-оқушы:  Сіз ең алғаш рет шабулға шыққандағы әсеріңіз туралы айтып беріңізші.

-Соғыс жылдарындағы әндерден (попури)

10-оқушы: Соғыс кезіндегі  сүйіп айтқан әндеріңіз қандай еді?

— Би «Смуглянка» әніне

11-оқушы: Соғыстан қайтып келгендегі анаңыздың қуанышы туралы айтып беріңізші, рахмет.

12-оқушы: — Мен келемін Өмір атты ту ұстап,

Әкелердің сыйлаған бақыт гүлін ,уыстап.

Тәуелсізбін, егеменмін,еркінмін

Көңілім көкке шарықтайды,серпілдім.

Көкірегім мұздап еді,ерідім

Домбырадай күмбірлейді  көңілім,

Ән боп шырқап,күй болып бір шертілдім!

Құрманғазының  күйі «Сары Арқа» орындайтын оркестр

Қонақтарға рақмет айтып естелікке фотосуретке түсу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер: Книга памяти «О павших в Авганистане»7

Журнал «Данука» №36 2005 ж. Боздақтар 1-том Алматы,1995ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.