Тақырыбы: Ұлы жеңіс мерекесіне арналады. «Соғыстан қайтқан солдаттар». ( Майдангер ұрпақтарымен кездесу кеші)

46

Тақырыбы: Ұлы жеңіс мерекесіне арналады. «Соғыстан қайтқан солдаттар».

( Майдангер ұрпақтарымен кездесу кеші)

Қ.Б.Қансұлтанова.

Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебініңбірінші біліктіліктілік санатты,

ІІІ деңгейлік курс және  PIZA бағдарламасы бойынша сертификатталған

физика пәні мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылы

.

 

 

Сабақтың мақсаты:

А) Майдангер ұрпақтарымен кездесе отырып, халқымыздың ерлік тарихынан тағлым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімнің оянуына, Отанды қорғау, сүю, әкелер ерлігіне терең үніле түсу, ерліктерін оқып ұйрену.

Б) Өзін-өзі басқару әдісі бойынша оқушылар шығармашылығын дамыта отырып, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

В) Отансүйгіш, елжанды, рухы биік, білімімен қаруланған, жан-жақты, салауатты өмір салтын ұстанатын болашақ Қазақстан-2030 бағдарламасын іске асырушы тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:

Оқушылар еңбектері-рефераттар, буклеттер, слайд-шоу, теледидар, фотокөрме, альбомдар, Ұлы Отан соғысына арналған суреттер, қанатты сөздер, майдангерлер ұрпақтары.

 

Өтілген орны: мектеп акт залы.

Әдісі: Кездесу сабағы.

 

Кіріспе бөлімі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, акт залына Мемлекеттік ту кіргізіледі.

Сынып командирі кездесу салтанатына әзір екенін баяндап, рапорт береді.

 

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар! Сынып оқушылары!

Бүгінгі тәрбиелік мәні бар кездесу сабағымыз Ұлы Жеңіс мерекесіне арналады. Ұлы Отан соғысы, бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Мұны ешқашан ұмытпаймыз.

Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің ерлігі мәңгі үлгі.

Елін, жерін, Отанын қасық қаны қалғанша қорғап, ерлік көрсетіп, «Жеңіс»-атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Мектебімізде Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер аталарымыздың ұрпақтары тәуелсіз еліміздің ұрпақтарына бірі-білім нәрін төксе, екіншілері-оларға бүкіл жағдай жасап отырған кіші қызметкерлер екенін оқушылардың бірі білсе, бірі білмейді.

Сондықтан оқушылар олармен танысып, майдангер ұрпақтары екенін біліп, әкелер ерлігімен таныссын деген мақсатта өтпек.

Бүгінгі кездесу сағатымызда ақын Хамит Ергалиевтің » Әке сыры»дастанынан үзінділер оқылып, майдангерлер ұрпақтары әкелер ерлігін мақтанышпен еске алады.

Сабақтың барысы:

Бас игін, ұрпақ,

Отанның Даңқына.

Бас игін, ұрпақ,

Ерлердің рухына.

Олар өлген жоқ,

Олар-тірі мәңгі!

Олар бізбен бірге,

Көреді атар таңды.

Олар бізбен бірге,

Жеңісті тойлайды.

Олар мәңгі гүлдейді, солмайды.

О,ұрпақ, есіңнен шығарма!

Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаhарлы жылдары бірте-бірте алыстап барады.Бірақ адамзат дүние жүзін Фашистік құлдықтан аман қалған ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.«Ұрпақ үшін, ел үшін, атамекен жер үшін» деп, қайратқа мініп, намыстың туын желбіретіп жеңіспен оралған аталарымыздың ерлігін ешқашан ұмытпақ емеспіз, ұмытылмайды да!

Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды.

Ұлы Жеңіс біз үшін аға ұрпақтың сол ұлы ерлігі мен батырлығын мәңгілікке ел жадында сақтауды борыш еткен ең қастерлі мерекеге айналды.

Жеңіс мерекесі-Отанымыздың абыройы мен тәуелсіздігі үшін қанды ұрыстардағы ержүрек халқымыздың өшпес ерліктерін күллі әлемге паш еткен мереке.

Жеңіс мерекесі-бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі.

Бейбіт өмірді сыйлаған жеңімпаз ағалардың ұрпағы екенімізді әрдайым санамызда сақтап, мақтан етеміз.Олар бастаған жасампаз істерді жалғастыру бақытына ие болған біз-бұл дүниедегі шын бақытты ұрпақпыз.

 

Ардагер ағалар еске алар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгін мақтан етер ұрпақтары,

Жеңіс алып еліне жеткендерді.

Бүгінгі кездесу кешінде оқушылар осы мектебімізде еңбек ететін ағайлары апайларының қан майданда етігімен қан кешіп, аман-есен туған жеріне, өз ауылына оралып, бейбіт күнде еңбек етіп, еліміздің, ауылымыздың экономикасын көтеруге ат салысқан әке ерліктерін, олардың жеңістен кейінгі өмірі туралы, олардың ұрпақтары туралы өз бетімен ізденген, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

Бүгінгі кездесу кешімізге арамызда болмағанмен соғыс ардагері Тулегенов Слемғали атамыздың, Абдрахманов Өтеген атамыздың, Дабаров Хасан атамыздың, Қоғабаев Зайлағи атамыздың, Алимбаев Мажит атамыздың, Сейсенғалиев Қанапия атамыздың, Құрмашев Зербі атамыздың, Исмағұлов Зейнолла атамыздың және Жұмағалиев Мұстафа атамыздың ұрпақтары келіп отыр.

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз сол қырғынды ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан ауылды.

Біз қазақтың ұрпағымыз өр кеуде,

Әр қайсымыз лайықты ер деуге.

Ант етеміз замандастар атынан,

Жер ананы өрт жалынға бермеуге.

Жұрттан озған ел боламыз сеніңіз,

Тәуелсіздік алған біздің еліміз.

Соғыс болмай жер бетінде барша адам,

Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз.

Сабағымыз әрі қарай, майдангерлер ұрпақтары әкелерін сағына еске ала отырып, бірі олардың майдан шебінде алған ауыр  жарақатын айтса, бірі жазған хаттары туралы, соғыста алған медальдары туралы мақтанышпен әңгімелесе, енді бірі соғыстан кейінгі өмірі туралы сыр шертті.

Соғыстың өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Есігіне әр үйдің

Бесігіне сәбидің,

Мәңгілік бақыт орнасын.

Болмасын соғыс, болмасын

Патриоттық әндер орындалып, көріністер қойылды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Өмірмен өлім арпалысқан қан-құйлы соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес қосқан майдангерлер өнегесі ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Біз әрқашан майдангерлерімізді мақтан етеміз.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұста туынды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын,-

деген өлең жолдарымен осы кездесу кешімізді аяқтаймыз.

Уақыт тауып, келгендеріңізге рахмет.