Ұлдарымен жұмысҰлдарымен жұмыс

Ұлдарымен жұмыс

6 «А» сынып

Мақсаты: Ер балалар арасында  зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау,  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

— ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

— танымдық жұмыстарды ынталандыру;

— жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

— жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар  сiңiрген.  Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып  азамат болғанға  дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған.                                                                                                                                                      Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi — ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны сондықтан.  “Әкеге  қарап  ұл  өседi,  шешеге қарап қыз өседi”, “Әке — бәйтерек, бала — жапырақ”, “Жас – кәрiнiң көзi, кәрi — жастың тезi”, “Ата — балаға сыншы”  мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.
Ұлдар тізімі

Аты-жөніТуған күні, айы, жылыМекен-жайы
Батырбеков  Ануар30.11.99Қаратал көшесі, 143-үй, 2-пәтер
Зиядан Рахат31.01.99Кивилев көшесі, 4-үй, 6-пәтер
Марат Әділ03.04.00Кивилев көшесі,7-үй, 21-пәтер
Рахимжанов Ержан16.02.99Пушкин көшесі, 228-үй
Саулетов Сайын05.12.99О-Шығыс тұрғын ауданы, 28-үй
Сейтнұр Бауыржан18.12.99Рылеев кшесі, 27-үй, 1-пәтер
Сейтал Досжан10.07.00Пушкин көшесі, 241 «А»

 

 

 

Ұлдармен жұмыс жоспары

2011-2012 оқу жылы

МерзіміЖұмыстың мазмұныЖұмыс түріЖауапты
1Қыркүйек
  •  «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»

 

Сынып сағатыСынып жетекшісі
2Қазан
  • Ұлдарға өсиет
  • «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін»
Қарттармен кездесу                 Сынып сағатыСынып жетекшісі

Сынып жетекшісі

3Қараша·         Мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат).Өндіріске саяхатСынып жетекшісі
4Желтоқсан·         «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»Интеллект. ойынСынып  жетекшісі
5Қаңтар·         «Толағай»Отбасылар сайысы

 

Сынып жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
6Ақпан·         «Ұлдарға кеңес»Пікір алмасуМедбике, психолог,

сынып жетекшісі

7Наурыз
  • «Ұл бала» туралы мақал –мәтелдер, өлеңдер,  нақыл сөздер жинау
Кітапша жасауСынып жетекшісі, сынып ұлдары
8Сәуір
  • Дене шынықтыру пәніне, спорттық үйірмелерге  қатысуларын, аула клубтарында футбол ойнауларын бақылау
БақылауСынып  жетекшісі
9Мамыр
  • Ұлы Отан соғысы жайлы кинофильмдер, диафильмдер көрсетіп, оны талқылау

 

Пікір алмасу

 

Сынып жетекшісі,

әскери жетекші

 

Сынып жетекшісі:                 Ж.К.Акмолдаева